
- •Қазақстан республикасының
- •1. Стандарттау негіздері
- •1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
- •1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
- •1.4 Стандарттау әдістері
- •1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
- •2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
- •3. Халықаралық және аймақтық стандарттау
- •3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)
- •3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
- •3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
- •3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар
- •4. Метрология негіздері
- •4.1 Метрологияның мазмұны мен мағынасы
- •4.2. Метрологияның ториялық негіздері
- •4.3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Өлшеу әдістері мен жабдықтар
- •4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
- •4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
- •4.6. Өзара ауыстырымдылық
- •5. Сертификаттау негіздері
- •5.1. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны
- •5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
- •5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы
- •5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау
- •Мазмұны
4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
Батыс Еуропа мемлекеттердің метрологиясы
Батыс Еуропадағы мемлекеттердің метрологиялық қызметі, сонымен қатар, өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы мәселелер конституция бабтары мен немесе заңдылық актілермен реттеледі:
- Ұлыбританияда - 1985 ж. соңғы редакцияда қабылданған «Мөлшер мен салмақ туралы» заң;
- Германияда - конституция (73 бап) және екі негізгі заңдар «Өлшеу ісі және салыстырып тексеру туралы» және «Өлшеулердің бірліктері және өлшеу ісі туралы». Екі құжаттар 1985 жылы қабылданған;
- АҚШ-та - конституция (8 бөлігінің 1 бабы) және бірнеше заңдар, мысалы, «Метрлік жүйе туралы» (1966ж.), «Тауарларды буып-түю және сақтау туралы» (1966ж.) және т.б.;
- Францияда - «Метрлік жүйе және өлшеу құралдарын салысты-рып тексеру туралы» заң (1985 ж.).
Бүкіл мемлекеттерде өлшеу бірлігіне қатысты ғылыми және әдістемелік проблемаларды, мемлекеттік деңгейде қарастырып мемлекеттік метрологиялық институттар мен лабораторияларда шешуге тырысады. Мысалы, Ұлыбританияда негізгі ғылыми метроло-гиялық орталығы – Ұлттық физикалық лабораториясы болып саналады.
Батыс Еуропадағы мемлекеттерінде өлшеу бірлігін қамтамасыз ету және басқа да метрологиялық проблемаларын шешу мақсатымен ЕВРОМЕТ ұйымы көмек көрсетеді. Бұл жұмыстарға көп үлес енгізген Германиядағы Федералдық физикалық-техникалық институты.
Шығыс Еуропадағы және ТМД-ғы метрология.
Көптеген мемлекеттерде метрология туралы құқықтық негіздері бекітілген, ал заңдылық метрологиясы мемлекеттің басқару құралы ретінде қолданылады. Мемлекеттің басқару объектісі - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. Мемлекеттердің парламенттерімен қабылданған заңдылық актілері Заңдылық метрологияның халықаралық ұйымының (ЗМХҰ) әдістемелік құжаттарымен және өнеркәсіптері дамыған мемлекет-тердің метрологиялық заңдарымен үйлестірілген.
Осы аймақтағы мемлекеттердің мемлекеттік және жекешелен-дірілген метрологиясының қатынасы экономиканың өзгеру дәрежесіне байланысты. Мемлекеттік шығындарды азайту мақсатында, мемлекет кейбір метрологиялық жұмыстарды әр түрлі жеке меншік формалы өндірістерге беруге мұқтаж болды. Сонымен қатар метрологиядағы талаптар мен ережелердің үйлестірілуі – маңызды фактор болып табылатындығын барлық мемлекеттер түсініп қабыл алды.
Венгрияда метрологиялық жұмыстарын – метрология жөніндегі Мемлекеттік басқару деген ұлттық орган басқарады. Негізгі құқықтық актілері 1991-92 жылдары қабылданған, оның ішінде Мемлекеттік Декреті N127/91 және Метрология туралы заң (1992ж). Батыс еуропалық мемлекет заңдылықтарымен үйлестірілген.
Болгариядағы метрологиялық жұмыстар 1952ж. қабылданған және МОМЗ ұсыныстарының қолдауымен 1995ж қайта қарастырылған “Мөлшер мен өлшеу аспаптары туралы” заң бойынша жүргізіледі. Стандарттау және метрология Комитеті - Ұлттық орган болып есептеледі. Мемлекеттік метрологиялық құрылымға Метрология туралы Ұлттық орталық және 15 аймақтық орталықтар кіреді.
Польшада метрологияның жаңа тарихы 1993ж “ Мөлшер туралы” заң қабылданған кезінен басталды. Осы заңның негізінде Мөлшер басқару басшылығы құрылған, оның негізгі міндеті – метрологиядағы ұлттық талаптарды ЕС ережелеріне және нормаларына үйлестіру. Өлшеу құралдарының түрін бекіту және салыстырып тексеру туралы жұмыстарын тек қана Мемлекеттік метрология қызметінің өткізу құқығы бар, бұл Калибровкаға жеткізу үшін негізгі талап болып табылады. Мөлшер басқару басшылығы МОМВ, МОЗМ және метрология жөніндегі еуропалық ұйымдармен тығыз байланысты жұмыс істеуде.
Чехияда Метрология туралы заң 1990ж қабылданды. Сонымен қатар метрологиялық жұмыстар стандарттау және өлшеу туралы Басшылығы үкілімен реттеледі. Метрология саласындағы Ұлттық орган – Экономика министрлігіне бағынатын стандарттау, метрология және сынау жөніндегі Чештік басқармасы болып табылады.
Словенияда метрологиялық жұмыстар 1991ж. “Метрология және салыстырып тексеру туралы” заң қабылдану және ғылым мен метрология министрлігіне бағынатын стандарттау және метрология жөніндегі басқармасы құрылуы кезінен бастап жүргізіледі. Заңның ішінде негізгі қағидалар, бірлік пен өлшеу құралдары, эталон, метрологиялық ережелер және т.б. мәселелер қарастырылған.
Румынияда 1992ж. Үкіметтің бүйрығымен заңдылық метрология-сының Румын Бюросы құрылған, ал 1994ж. – “Өлшеу туралы” заң қабылданған. Бюроның негізгі функциялары: заңдылық метрология-ның негізін әзірлеу; ұлттық эталондар жүйесін сақтау; мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізу, тәртіп бұзуды анықтау және айып пул санкцияларын қолдану; өлшеу құралдарының түрін бекіту; салыстырып тексеру және калибрлеу лабораторияларын аккредиттеу. Метрология жөніндегі территориялық басқармаларды өлшеу құралдарының сынау лабораториялары және Ұлттық метрологиялық институты осы Бюроға бағынады.
Заңдылық метрологиясы мына салаларда басты түрде таралады: сауда, денсаулық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жолаушы және зат тасымалдау транспортының қауіпсіздігі, еңбек қорғау және т.б.
ТМД-ғы мемлекеттердің метрологиялық жұмыстарын дамыту үшін жүйелік жұмыстар жүргізіледі.
Белоруссияда заңдылық метрология аймағында мемлекеттік саясатын “Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы” заңына негізделген Белстандарт жүргізеді, заңдылық метрологиясында терминмен анықтамалар, эталондар, өлшем бірлігін эталондардан өлшеу құралдарға беру, стандарттық үлгі және стандарттық анықтама мәліметтер, мемлекеттік сынау және түрін бекіту, метрологиялық қадағалау және бақылау, халықаралық достылық және мамандарды дайындау мәселелері қарастырылады.
1993ж. Украина мемлекетінің министрлік кабинеті қабылдаған “Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы” декрет метрологиялық жұмыстардың құқық негізі болып табылады. Бұл декрет мемлекеттік метрология қызметінің ұйымдастыру құрылымын, мақсаты мен міндеттерін, өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптарын, эталондар жүйесінің құрылуын және жұмыс істеуін анықтап құрады, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау объектілерін анықтайды.
Жалпы айтқанда қазіргі кезде метрология саласында ең маңызды проблема – метрологиялық ережелер мен нормаларды халықаралық және еуропалық деңгейге жеткізу.
ТМД-ғы метрология саласындағы қарым- қатынас
ТМД-ға кіретін мемлекеттердің арасында стандарттау, метрология сертификаттау аймағында өзара келісімді саясат жүргізу туралы Мемлекетаралық келісім шарт қабылданған. Осы құжат бойынша физикалық шамалардың эталондарын, анықтама мәліметтерін, стандарттық үлгілерін пайдалану негізінде өлшем бірлігі қамтамасыз етіледі. Эталондардың көбісі Ресейде сақталуда.
Келісім - шарт бойынша әр мемлекет өлшеу құралдардың сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара мақұлдау және пайдалануы тиіс. Бұл келісім шарт даму мақсатымен басқа да құжаттар қосымша қабылданды, мысалы:
Мемлекеттік сынау және түрін бекіту, метрологиялық аттестация, өлшеу құралдардың салыстырып, тексеру және калибрлеу нәтижелерін, сонымен қатар сынау лабораторияларды аккредиттеу нәтижелерін өзара мақұлдау келісім - шарты;
Физикалық константалар және зат пен материалдар туралы деректерді анықтап пайдалану жөніндегі келісім-шарт.
Метрологиялық жұмыстарды үйлестіру үшін ғылыми - техникалық комиссия құрылған.
Бұл комиссияның негізгі функциялары:
өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы мемлекетаралық келісім шешімдерді енгізу жұмыстарын жүргізетін Ұлттық органдардың жұмыстарын үйлестіру;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы мемлекетаралық нормативтік құжаттар жобаларын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру;
мемлекетаралық стандарттау мен үлгілі өлшеу құралдарын, зат пен материалдың мемлекетаралық сатандарттың үлгілерін жасау және қолдану бағдарламаларын әзірлеу үшін ұсыныстарды құру;
ұлттық эталондарын салыстыру және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру үшін мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру;
ТМД-ғы басқа да ғылыми - техникалық және салалық жұмыс істеу комиссияларымен өзара байланысты қамтамасыз ету.
Мөлшер мен салмақ жөніндегі халықаралық ұйым
Аса ірі халықаралық метрологиялық ұйымдары: мөлшер мен салмақ жөніндегі халықаралық ұйымы (МСХҰ) және заңдылық метрология жөніндегі халықаралық ұйымы (ЗМХҰ) болып табылады.
Конвенция шешімімен Мөлшер мен салмақ жөніндегі халықаралық бюро (МСХБ) құрылған. Бұл ең бірінші ғылыми-зерттеу лабораториясында халықаралық эталондар сақталынады, мысалы: метр мен килограмның протатипі, иондық сәулелену бірліктері, электр кедергінің эталоны және т.б.
МСХБ Франциядағы Севр қаласында орналасқан, оның басқару органы Мөлшер мен салмақ жөніндегі халықаралық комитеті (МСХК).
МСХК құрамына Генералдық конференцияға материалдар мен шешімдерді дайындайтын 8 Консультативті комитеттер кіреді. Олардың аттары МСХҰ-ның айналысатын аймақтарының бағыттарына сәйкес, мысалы: электрлік, термометрия, метрді анықтау, секундті анықтау, фотометрия және иондық сәулелену эталондарды дайындау, бірлік және массалар жөніндегі комитеттер.
Заңдылық метрология жөніндегі халықаралық ұйымы
Өкімет аралық Конвенция шешімімен 1956 жылы Заңдылық метрология жөніндегі халықаралық ұйымы (ЗМХҰ) құрылған. Оның құрамына 80-нен астам мемлекеттер кіреді.
ЗМХҰ мақсаты – заңдылық метрологияның жалпы мәселелерін әзірлеу, сонымен қатар өлшеу құралдардың дәлдігін анықтау; типтерді, үлгілерді және өлшеу приборлардың жүйелерін анықтау, олардың метрологиялық сипаттамаларын бірыңғайландыру мақсатымен сынау туралы ұсыныстарын біркелкі түрге келтіру; өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу тәртіптерін анықтау; салыстырып тексеру аппаратураларды, эталондық, үлгілік және жұмыс өлшеу құралдарының салыстырып тексеру және аттестация жүргізу әдістерін үйлестіру; метрологиялық қызметтердің оптималды ұйымдастыру формасын құрастыру; дамитын мемелекеттерге ғылыми-техникалық жағынан метрологиялық қызметтерін ұйымдастыруға және қажетті жабдықтармен қамтуға, метрология саласына мамандарды дайындауға көмек көрсету.
ЗМХҰ-ның жоғары басқару органы – төрт жылда жиналатын Халықаралық конференциясы болып табылады.
ЗМХҰ-ның атқару органы – Заңдылық метрология жөніндегі Халықаралық комитеті (ЗМХК), оның ішіне әр мүше-мемлекеттерінің уәкілдері кіреді. ЗМХҰ-ның құрамына екі вице-президент, ЗМХБ директоры және бес ең белсенді ЗМХК-ның мүшелері кіреді.
Комитеттің және Конференцияның жұмыстарын, Парижде орналасқан Заңдылық метрологиялық халықаралық бюросы үйлестіреді.
Техникалық комитеттерінің (ТК) негізгі міндеті – төрт жылға арналған жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу. ТК және комитет ішкі жұмыс бағыттарына байланысты үш негізгі топқа бөлінеді: метрологияның жалпы сұрақтары бойынша; өлшеудің жеке түрі бойынша; бөлек қызмет істеу салаларын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша.
ЗМХҰ екі түрлі құжаттарды дайындайды – халықаралық құжаттар (ХҚ) және халықаралық ұсыныстар (ХҰ). ХҚ ЗМХҰ-ның жұмыс органдарына арналған, ал ХҰ – ЗМХҰ-ның мүше-мемлекеттеріне арналған.
ЗМХҰ-ның әзірлеп енгізген құжаттары өлшеу құралдарын сертификаттау жөніндегі халықаралық жүйесін құруға көп мүмкіндік туғызады. Бұл бағыттағы жұмыстар ISO және МЭК халықаралық ұйымдарымен үйлестірілген және ISO-ның 30-ға жуық техникалық комитеттердің жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар ЗМХҰ ЮНИДО, МОМВ, ИМЕКО және т.б. халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста.
ИМЕКО – 1958 жылы құрылған, өлшеу техника және прибор жасау жөніндегі Халықаралық конференция, ғылыми консультативті ұйым болып табылады. Оның негізгі жұмысы - өлшеу және диагностикалық техниканы даму жолының актуальді проблемалар жөніндегі халықаралық конгресі мен жиналыстарды ұйымдастырып өткізу.
ЮНИДО - өндірісті даму жөніндегі БҰҰ жүйесіндегі ұйым. Бұл ұйымның мақсаты дамитын мемлекеттердің индустриализациясына көмек көрсету.
ЗМХҰ сертификаты - өлшеу құралының халықаралық ұсыныстың талаптарына сәйкестігін дәлелдейді.
Метрология саласында басқа да халықаралық ұйымдар жұмыс істейді, соның ішінде: РХКК – радиобайланыс жөніндегі халықаралық консультативтік комитеті; ТТХКК – телефон және телеграф жөніндегі халықаралық консультативтік комитеті; ААХҰ – азаматтық авиация жөніндегі халықаралық ұйымы; АЭХА – атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттігі. ҒКЗК – ғарыштық кеңістікті зерттеу комитеті.