
- •Қазақстан республикасының
- •1. Стандарттау негіздері
- •1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
- •1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
- •1.4 Стандарттау әдістері
- •1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
- •2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
- •3. Халықаралық және аймақтық стандарттау
- •3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)
- •3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
- •3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
- •3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар
- •4. Метрология негіздері
- •4.1 Метрологияның мазмұны мен мағынасы
- •4.2. Метрологияның ториялық негіздері
- •4.3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Өлшеу әдістері мен жабдықтар
- •4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
- •4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
- •4.6. Өзара ауыстырымдылық
- •5. Сертификаттау негіздері
- •5.1. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны
- •5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
- •5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы
- •5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау
- •Мазмұны
4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
Метрологиялық қамтамасыз ету дегеніміз бұл талап етілген өлшеу бірлігі мен дәлдікке жету мақсатымен ғылыми және ұйымдық негіздерін, техникалық құралдарын, ережелерін және нормаларын құру және қолдану деп түсініледі.
Метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып метрология, ал ұйымдық негізі - мемлекеттік және ведомстволық қызметі болып табылады.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негізі «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы және Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйенің стандарттары болып келеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
I) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау;
2) отандық және импортталған өнімдердің, процестердің (жұмыс-тардың) және көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебін қамтамасыз ету;
4) іргелі зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыс-тығын қамтамасыз ету;
5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде сенімді өлшем нәтижелерін қамтамасыз ету.
Метрология жөніндегі шетелдік заңдардың қағидаларынан заңның ерекшелігі - бұл заң тек қана негізгі салаларға (сауда, денсаулық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, сыртқы экономикалық қызмет) ғана емес, сонымен қатар шама бірліктердің мемлекеттік эталондарына тәуелді эталондарды қолданып метрологиялық қызметтер жүргізетін өлшеу құралдарды калибрлеу жұмыстарына да таралады. Бұл Заң бойынша аккредиттелген метрологиялық қызметтерінің заңгерлік тұлғалары, осы қызметтерді аккредиттеген органдардың және ұйымдардың атынан, калибрлеу туралы сертификаттар беру құқығы бар.
Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Заңдылық метрологияның халықаралық ұйымының (ЗМХҰ) ресми терминологиясына сәйкестендірілген.
Заңның негізгі бабтары мыналарды белгілейді:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік басқару-дың ұйымдастыру құрылымын;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құжаттарды;
- шама бірліктері мен бірліктердің мемлекеттік эталондарын;
- өлшеу құралдары мен әдістемелерін.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республика-сының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
- Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
- қолдануға рұксат етілген шама бірліктерін белгілейді;
- метрология саласында іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдас-тырады;
- шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін белгілейді, Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
- өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды;
- өлшем құралдарын қолдану, өңдіру және жөндеу тәртібін белгілейді;
- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізеді;
- мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады және өткізеді;
- метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасынын атынан өкіл болады;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің құрылымы
1) ұйымдық негізді құратын Қазақстан Республикасының мет-рологиялық қызметі;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және техникалық негізді кұратын өлшем құралдары;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оларды өткізу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттар.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудін мемлекеттік жүйесінің объектілері
Шама бірліктері, шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар және өлшемдерді орындау әдістемелері мен нормативтік құжаттар өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің объектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі:
1) мемлекеттік метрологиялық қызметтен;
2) уақыт және жиілік мемлекеттік қызметтерінен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен касиеттері туралы стандарттық анықтама-деректерден, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің өзге де мемлекеттік қызметтерінен;
3) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлға-лардың метрологиялық қызметтерінен тұрады.
Мемлекеттік метрологиялық қызмет:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкі-летті мемлекеттік органнан;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетіл-діруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан (орталықтардан);
3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкі-летті мемлекеттік органның тиісті аумақта өздері туралы ережелермен белгіленген шекте өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер мен функцияларды орындайтын ведомстволық, бағыныстағы бөлім-шелерінен тұрады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері
1. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды және оның ведомстволық бағыныстағы бөлім-шелерін, мемлекеттік метрологиялық орталықты (орталықтарды), мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерін қамтиды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде қызметін жүзеге асырады.
2. Уақыт пен жиілік мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, уакыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және Жердің айналу параметрлерін анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.
3. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі аймақаралық және сала-аралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінен әзірлеуге және өндіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызмет аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерді әзірлеуге және өндіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік баскару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері
1. Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін метрологиялық қызметтер құрады.
Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлға-лардың метрологиялық қызметтерінің жұмысы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.