
- •1.Механикалық қозғалыс. Механикалық жүйе. Механиканың негізгі моделі: материалдық нүкте, қатты дене, тұтас орта.
- •2.Механиканың негізгі ұғымдары: радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
- •3.Механиканың негізгі ұғымдары: жылдамдық, орташа жəне лездік жылдамдық.
- •4. Үдеу. Үдеудің нормал жəне тангенциал құраушылары. Толық үдеу.
- •5. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық жəне үдеу.
- •6. Айналмалы қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық жəне бұрыштық үдеу.
- •7. Механикадағы күштер: ауырлық күші жəне дененің салмағы.
- •11.Ньютонның заңдары.
- •13. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер формуласы.
- •14.Кейбір денелердің инерция моменттері: цилиндр және диск.
- •15.Механикалық жұмыс.Қуат
- •16.Кинетикалық энергия.Потенциалдық энергия
- •17.Сұйықтың қозғалысы. Стационар ағыс. Сығылмайтын сұйықтық
- •18.Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі
- •20.Механикалық тербелістер. Математикалық маятник.
- •21.Серіппелі маятник.Физикалық маятник.
- •22. Толқындар. Толқынның түрлері. Толқындардың негізгі сипаттамалары. Допплер эффектісі
- •23. Мкт-негізгі теңдеуі. Температура. Молекулалардың жылулық қозғалысы
- •24.Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық параметрлер. Термодинамикалық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер.
- •26. Идеал газ. Идеал газ күйінің теңдеуі.
- •27. Iшкi энергия. Жылу мөлшері және термодинамикалық жұмыс.
- •28.Термодинамиканың бірінші бастамасы
- •29. Изопроцесстер және олардың графиктері
- •30.Идеал газдың жылусыйымдылығы. Карно циклы. Карно теоремасы.
- •32.Тасымал құбылыстары. Жылу өткізгіштік.
- •33.Нақты (реал) газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.
- •34. Клайперон-Клаузиус теңдеуі. Күй диаграммасы. Үштік нүкте.
- •36. Электр тоғы. Тоқ күші. Тоқ тығыздығы. Электр өрісінің кернеулігі
- •37. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр сыйымдылық. Конденсаторларды тізбектей жəне параллель қосу қатынасы.
- •38. Тұрақты электр тоғы. Тізбек бөлігіне, толық тізбекке арналған Ом заңы. Электр қозғаушы күш.
- •39. Джоуль-Ленц заңы. Тоқтың жұмысы мен қуаты
- •40. Металдардағы электр тогы.
- •41. Электролиттердегі электр тогы. Фарадейдің электролиз заңы.
- •42. Газдардағы жəне плазмадағы электр тоғы. Плазма туралы түсінік.
- •43. Өткізгіштердің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектей жəне параллель қосу.
- •44. Тізбектің тармақталуы. Кирхгоф ережелері.
- •45. Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Лоренц күші. Ампер заңы.
- •46. Электромагниттік индукция. Өздік индукция құбылысы. Индуктивтілік. Өзара индукция. Ленц ережесі.
- •47. Заттардағы магнит өрісі. Магнетиктер түрі. Кюри температурасы.
- •48. Дыбыстық толқындар. Радиобайланыс принципі. Радиолокация.
- •49. Сәулелік оптика. Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Толық ішкі шағылу.
- •50. Линза және оның оптикалық параметрлері. Линзаның оптикалық күші.
- •51. Жарық интерференциясы. Жарықтың дифракциясы. Ньютон сақиналары.
- •Есептеу жұмыстарын жүргізіп, толқынның жұқа қабыршақтағы жол айырымын анықтайтын формуланы табайық:
- •52. Жарық поляризациясы. Табиғи жəне поляризацияланған жарық. Малюс заңы.
- •54. Абсолют қара дененің сəуле шығару заңдары. Стефан-Больцман заңы.
- •55. Сыртқы фотоэффект. Фотондар. Комптон эффектісі.
- •56. Атомдық спектрлердегі заңдылықтар. Атом құрылысы. Бор постулаттары.
- •57. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы жəне сипаттамалары. Резерфорд тəжірибесі.
- •Ядролық күштер
- •Нуклондардың ядродағы байланыс энергиясы
- •59. Α ,β ,γ − сəулеленулер.
- •Радиоактивті ыдырау
- •Альфа-ыдырау
- •Бета-ыдырау
- •Гамма-ыдырау
- •60. Табиғи жəне жасанды радиоактивтік. Радиоактивтік ыдырау заңы.
- •Радиоактивті ыдырау
- •Альфа-ыдырау
- •Бета-ыдырау
- •Гамма-ыдырау
1.Механикалық қозғалыс. Механикалық жүйе. Механиканың негізгі моделі: материалдық нүкте, қатты дене, тұтас орта.
Механикалық қозғалыс деп уақыт өзгерісінде кеңістікте дененің басқа денелерге қатысты орын ауыстыруын айтамыз.
Механикалық қозғалыс – салыстырмалы. Бір дененің әр түрлі денелерге қатысты қозғалысы әр түрлі болады. Дененің қозғалысын сипаттау үшін қозғалыс қай денеге қатысты қарастырылатынын белгілеу қажет. Бұл денені санақ денесі деп атайды. Санақ денесі және уақыт – санақ жүйесін құрап, ол қозғалған дененің кез келген уақыттағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Тек механикалық процестер өтетін жүйелер механикалық жүйе деп аталады. Тұйықталған механикалық жүйеде потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы тұрақты шама болып қалады (мұндай жүйелер консервативтік деп аталады).
Дененің еркін түсуі кезінде кез келген уақыт мезетінде оның кинетикалық және потенциалдық энергиясының қосындысы тұрақты болатынын ескеру керек.
Әрбір дене белгілі бір өлшемдерге ие. Дененің әр түрлі бөліктері кеңістіктің әр түрлі жерлерінде орналасады. Берілген есептің шартында дененің өлшемі мен формасын ескермеуге
болатын денені материалдық нүкте деп атайды. Мәселен, оны ғаламшарлардың Күннің айналасындағы қозғалысын зерттегенде алуға болады. Бұл нәрсе деформацияланбайды, айнала алмайды. Материалдық нүктенің механикалық энергиясы тек қана оның кинетикалық энергиясы түрінде ғана жинақтала алады. Басқаша айтқанда, материалдық нүкте ең қарапайым механикалық жүйе; ең аз еркіндік дәрежесі бар механикалық жүйе.
Абсолют қатты дене – ешбір жағдайларда да деформацияланбайтын дене және барлық жағдайларда да бұл дененің екі нүктесінің немесе екі бөлшегінің арақашықтығы өзгеріссіз қалады.
Өзгермелі тұтас орта – қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қозғалысын зерттегенде олардың молекулалық құрылымын ескермеуге болатын жағдайда қолданылатын ұғым.
2.Механиканың негізгі ұғымдары: радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
Механикалық қозғалыс деп уақыт өзгеруіне байланысты денелердің кеңістікте орын ауыстыруын айтады. Денелердің кеңістікте орын ауыстыруын басқа бір денемен немесе денелер жүйесімен салыстырып анықтай аламыз.
Ондай денені немесе денелер жүйесін санақ жүйесі деп атайды. Дененің кеңістіктегі орнын анықтау үшін декарттық координаттар жүйесін алады. Дененің қозғалысын радиус-вектор арқылы да анықтауға болады. Нүктенің радиус-векторы деп координата басынан берілген нүктеге жүргізілген векторды айтамыз.
Уақыт өткенде бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда, дене (материалдық нүкте) дене қозғалысының траекториясы деп аталатын қандай да бір қисықты сызады.
Дененің кез келген уақыттағы кеңістікте орнын (қозғалыс заңын) x = x(t), y = y(t), z = z(t) координаттардың уақыттан тәуелділігінен (координаттық әдіс) не болмаса уақыттың бастапқы нүктеден берілген нүктеге жүргізілген радиус-вектордан тәуелділігінен (векторлық әдіс) анықтауға болады.
Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның кейінгі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады. Орын ауыстыру – векторлық шама.
Жүрген
жолы
- дененің белгілі t
уақыттың ішінде траектория доғасының
ұзындығына тең болады.Жол
– скалярлық шама.
Егер дененің қозғалысын жеткілікті аз уақыттың ішінде қарастырса, онда орын ауыстыру векторы осы нүктеге жүргізілген траекторияның жанамасы бойымен бағытталады, ал оның ұзындығы жүрілген жолына тең болады.