Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау

Кедендік декларациялау – декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі.

Декларант тауарлардың кедендік құнын декларациялауды Кеден Кодексіне сәйкес тауарларды кедендік декларациялау шеңберінде жүзеге асырады.

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.

Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мәліметтер кедендік құн декларациясында мәлімделеді және кедендік мақсаттар үшін қажетті мәлімет болып табылады.

Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау нысандары және оларды толтыру қағидасы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Кедендік құнды декларациялау тауарға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Егер кедендік құн декларациясы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет дұрыс емес болуы мүмкін не тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін белгілер анықталған кезде кеден органы кедендік құн декларациясын табыс етуді дәлелді түрде талап етуге құқылы.

Тауарлардың мәлімделетін кедендік құны және оны айқындауға қатысты табыс етілетін мәліметтер дұрыс, саны айқындалған және құжатпен расталған ақпараттарға негізделуге тиіс.

Декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі кедендік құн декларациясында көрсетілген дұрыс емес мәліметтер көрсеткені және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

21 Кеден брокері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасында тұрғылықты орны бар, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi) кеден брокерi ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алған және өзiнiң штатында Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң бiлiктiлiк аттестатын алған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманы бар заңды тұлға кеден брокерi бола алады. Кеден брокерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Кеден брокерiнiң қызметi тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша операцияларды өз атынан жасау және өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен және тапсыруы бойынша кеден iсi саласында басқа да делдалдық қызметтердi орындау болып табылады.

Кеден брокерiнiң мiндетiне:

тауарлар мен көлiк құралдарын декларациялау;

Қазақстан Республикасының кеден органына кеден мақсаттарына қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi ұсыну;

декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органдарына ұсыну;

декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу;

декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiкке ие тұлға ретiнде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау үшiн қажеттi әрекеттердi жасау кiредi.

Алдын ала операциялар кезiнде кеден брокерi мынадай әрекеттердi:

Қазақстан Республикасының кеден органын Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге ниеттенiп отырғаны туралы хабардар етудi;

алдын ала операцияларды жүргiзген кезде кеден мақсаттарына керектi құжаттардың жобаларын жасауды;

тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймаларына орналастыруды жүзеге асыра алады.