Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прог.docx
Скачиваний:
116
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
105.45 Кб
Скачать

13. Файлдық типтер. Файлдармен жұмыс істеуге арналған жалпы функциялар. Файлдармен жұмыс. Файлдардан мәліметті енгізу-шығару.

Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі).

Файылдардымен жұмыс жасау үшін оларды ашу функциясы арқылы орындалады.

Типтері бойынша файлдар шартты тұрде үш түрге бөлінеді:

  • мәтіндік файл;

  • типтік файл;

  • типтік емес файл.

Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз.

Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:

  • Тікелей қатынау файлдары

  • Кезекпен қатынау файлдары

  • Типті файл – барлық элементтері бір типті мәліметтер болып келетін файл түрі. Типті файл элементтері файлдық типетен басқа кез-келген тип бола алады.

  • Әр элементті файлға жазу үшін, мәліметтердің типіне байланысты, міндетті белгіленген мөлшерде орын бөледі. Типті файлдарды смпаттау бөлімінде ашу үшін, мәтіндік файлды смпаттағандай, файл мәліметтерді смпаттайтын тип жазылады.

Көбінесе файлдар текстік және екілік болып бөлінеді. Бұлай бөлу адамдың ойлау психологиясына байланысты: баспа символдары бар берілгендер текстік деп есептеліп, қалғангдары екілік деп есептеледі. Файлдармен жұмыс істеу схемасы барлық программалау тілінде бір: 

  1. Алдымен файл ашылады. Бұл деген, программа бұл файлды тапты және одан берілгендерді оқуға, оған берілгендерді жазуға немесе бір уақытта берілгендерді оқу -жазуға дайындады. Жұмыс істеу режимдерін бұлай бөлудің ыңғайлығы мынада: оқу режимінде файл мазмұнын өзгерту мүмкін емес. Ал жазу режимінде файлдан берілгендерді оқу мүмкін емес.

Файл ашылған оған басқа программалар арқылы қатынас жасауға болмайды. Бұл ақпараттарға енудің бөлінуі деп атайды. 2. Файлдарға берілгендерді өңдеу жүреді: олар өзгертіледі не жойылады не қосылады. 3. Файл жабылады 

Ену әдісі

Ену әдісі OPEN операторында ACCESS кілтті сөзі және берілгендермен операция орындау мүмкіндігін анықтайтын қосымша параметрлер арқылы беріледі.  OPEN {файл аты} ACCESS {ену әдісі} AS … READ –тек оқу үшін  WRITE- тек жазу үшін READ WRITE - оқу және жазу үшін (RANDOM, BINARY, APPEND  режимдерінде пайдалану мүмкін) Мысалы: OPEN “С:/ tmp / temp . dat” FOR INPUT ACCESS READ AS Енуді шектеу (Блокирование доступа). OPEN операторының енуді шектеуді басқаратын кілітті сөздері: SHARED – Файл ашылған соң басқа программалармен өңдеу үшін енуге  болады. LOСK READ – Басқа программалар арқылы файлдан оқуды шектеу. LOСK WRITE – Басқа программалар арқылы файлға жазуды шектеу. LOСK READ WRITE – Басқа программалар арқылы файлға оқу-жазуды  шектеу. Мысалы: OPEN “C:/ tmp /temp. dat” FOR INPUT ACCESS READ LOСK READ WRITE AS # 1. Жазу өлшемі. OPEN операторының соңғы міндетті емес операторы файлдағы жазу өлшемі (LEN ={жазу ұзындығы}). Үнсіз келісім бойынша файлды RАNDOM режимінде ашуда бұл өлшем 128 байт, қалған жағыдайда 512 байт. Мысалы: OPEN “C:/ tmp / temp. dat” FOR INPUT ACCESS READ LOСK READ WRITE AS # 1 LEN = 1000. Файл өлшемі. Файлдармен жұмыс кезінде кейде файлдар өлшемін білу пайдалы болады. Оны LOF ({файл нөмірі}) функциясы анықтайды. Print LOF (1) Файлды жабу

Ашылған файл CLOSE # {файл нөмірі} операторы арқылы жабылады. Егер нөмір көрсетілмесе ашылған барлық файл жабылады. Жабу үшін RESET операторында пайдалану мүмкін.