Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салыктык бакылау.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
89.57 Кб
Скачать

Салық салу обьектісі.

Әлеуметтік салық бойынша- салық салу обьектісі болып қолға берілетін ақша табылады. Жұмыс берушінің өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша салық салу обьектісі жеке тұлғаларға байланысты болады, ал енді салық салу обьектісі болып табылмайтындарға келетін болсақ. Оларға мыналар жатады:

Мемлекеттер, мемлекеттік үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері арқылы берілетін гранттар, қаражаты есебінен жасалатын төлемдер.

Президент пен үкімет белгілейтін мемлекеттік сыйақылар, степендиялар.

Спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін белгіленетін ақшалай наградалар.

Ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер.

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін өтемдер.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары.

Салық ставкалары.

Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері мынадай ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді: қызметкерлердің салық салынатын табыстары бойынша ставкасы 20-пайыздан 7-пайызға дейін ставкалары қолданылады.

Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, әкімшілік – басқарушы , инженер- техник қызметкерлердің шетелдік мамандары үшін мынадай ставкалары бойынша әлеуметтік салықты төлейді, қызметкерлердің салық салынатын табыстары бойынша ставкасы 11- пайыздан 5- пайызға дейін.

Жеке кәсіпкерлер арнаулы салық режимін қолданылатындарды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа , жеке нотариустар , адвокаттар өзі үшін 3 айлық есептік көрсеткіш әрбір қызметкер үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салықты төлейді.

Тірек- қимыл мүшесі бұзылған , есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 6,5 пайызын ставка бойынша әлеуметтік салықты төлейді.

Салықты есептеу және төлеу тәртібі.

Әлеуметтік салық тіркеу есебіне алынған жері бойынша салық төлеушінің салық ұйымына белгіленген тәртіппен есепті айдын кейінгі айдын 15-нен кешіктірмей жүргізіледі.

Әлеуметтік салық жөніндегі декларация салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдын 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырылып отырады. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабын тапсырыды. Құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп - қисабының тиісті қосымшалары есеп- қисапты беру үшін белгіленген мерзім күшінен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен салық органдарына беріледі.