- •1. Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің мақсаты, міндеттеріне анықтама беріңіз
- •2. Әлемдік білім беру кеңестігі және жаһандану ұдерісі
- •3. Жоғары білімнің мақсаты мен міндеттерін атаңыз
- •4. Болон үдерісіне және академиялық мобилдікке сипаттама беріңіз
- •5. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің құрылымы
- •6. Жоғары мектеп ұстазына қойылатын талаптарды көрсетіңіз
- •7. Жоғары мектеп ұстазының жеке тұлғалық құзыреттіліктерін бейнелеңіз
- •8. Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама беріңіз
- •19Сұрақ . Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық университетіңдегі кредиттік жұйенің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •20 Сұрақ. Жоғарғы оқу орыңда оқыту жүйесін жетілдірудің бағыттарын атаңыз
- •21 Сұрақ, Жоғарғы оқу орыңдағы дәрісшіге қойылатын талаптар
- •22 Сұрақ Кешендік дәрістер оқыту ерекшеліктерін талдаңыз ( таппадым)
- •23, Жоғары мектептегі оқытушының коммуникативтік мәдениеті
- •25, Жоғары мектепте куратор-эдвайзердің қызметі
- •28. Емтихан сұрақтарына қойылатын талаптар
- •27. Инновациялық оқыту әдістерің сипаттаңыз.
- •29. Жоғарғы оқу орыңдағы бағалау жүйесі
- •51. Жоо оқытушысының кәсіби іс-әрекетіндегі коммуникативті әсер ету тәсілдерін көрсетіңіз
- •52. «Портфолио» әдісінің мәнін ашыңыз
- •53. Дәріс сапасын анықтайтын өлшемдерді құрастырыңыз
- •55. Жоо-дағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын ұсыныңыз.
- •58. Оқытудың негізгі ұстанымдарын көрсетіңіз
- •59. Қашықтықтан білім беру. Қкб ерекшеліктері, міндеттері, функцияларын атаңыз
- •60. Қазақстан педагогтарының ғылыми жетістіктерін мысал арқылы көрсетіңіз
27. Инновациялық оқыту әдістерің сипаттаңыз.
«Білім берудегі инновациялық үдерістер» деген тақырып дидактика бөлімінде жақында пайда болды. Соңғы жылдары орта білім беру жүйесі оқытудың ұйымдастырушылық формалары мен әдістерін, мазмұнын, инновациялық бағдарламалар мен жобаларын жаңашаландыру үрдісімен ерекшеленуде. Сондықтан бүгінгі таңдағы педагог енгізіліп отырған инновация мәні, принциптері, енгізілу жүйесі туралы білуі, олардың түрлерін (әдістемелік, ұйымдастырушылық, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, заңды) ажырата білуі қажет. Осы аспектілердің барлығын дәріс сабақтарында шолу түрінде оқып шығу керек.
Мақсаты – білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер мәнімен танысу. Студенттер білім беру жүйесіндегі инновация мәселесі күрделі екендігін, оның негізінде философиялық, әлеуметтік, экономика-құқықтық, мәдени-тарихи аспектілер жатқандығы білуі тиіс. Білім беру жүйесінде «инновация» ұғымы кең және тар мағыналарында қолданылады. Кең мағынасындағы инновация дегеніміз іс-әрекеттің жаңа түрлері мен жаңа білім негізінде пәнде болатын өзгерістерді білдіретін үдеріс. Тар мағынасында инновация жүйенің жекелеген қырлары мен қасиеттерін арттыратын қайта құру немесе жаңашаландыру деп түсіндіріледі.
Студенттердің инновацияның тамыры тереңге жайылған дәстүрлер аясында пайда болатынын және де шығармашылық іс-әрекет нәтижесі болатынын білулері өте маңызды. Біз ғалымдардың мынандай пікіріне қосыламыз: «Білім беру инертті (салғырт, селсоқ), педагогикалық инновациялар қоғамда олардың білім беру саясаты мен тәжірибесінің аренасына шығуға шақ қалған уақытта пісіп жетіледі. Олар қоғамның және білім берудің дамуындағы бұған дейін өткен амалдармен дайындалады. Өзгерістердің жаңашылдығы тек қатысты түрде ғана, өйткені бұрынғы болғандармен жаңа позиция тұрғысынан қайта қаралған олардың арасындағы сабақтастық байқалады. Білім берудегі инновациялар өзгірске түсіп отырады, мысалы, дәстүрлі қалыптасқан амалдар бар, оған баламалар табылып, өзгеріс пайда болады: «бұл болған және бар» және «жаңа», арасында тербеліс туындап, «ескірген естеліктер» болады, бірақ жаңа контекстік мағынаға ие болады»
Студенттер инновациялық жүйе мен инновациялық үдеріс арасындағы айырмашылықты білулері тиіс. Инновациялық жүйе – бұл қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын, ертеде осы жүйені құрайтын бөліктерге тән емес болып келетін және өнімді (материалды және рухани) өзгерістерге түсіретін кешенді басқарушылық үдерістер.
Инновациялық үдеріс дегеніміз педагогикалық қауымдастықтың педагогикалық жаңашылдықты құру, қабылдау, бағалау, игеру және қолдануды басқаратын үдеріс.
Тақырыпты студенттерге иллюстративті материалды пайдаланумен өткізілетін ақпарат-дәрісі түрінде ұсынуға болады.
Семинар сабақтарын инновациялық үлгідегі мектептерде (авторлық мектептерде) немесе өздерінің авторлық бағдарламаларымен жұмыс істейтін мұғалімдерді шақыру арқылы «шығармашылық қонақ бөлме» түрінде ұйымдастыруға болады. СӨЖ үшін ұсынылатын топтық тапсырмалар:
1) Оқушылардың лицейлердегі, гимназиялардағы (авторлық мектептердегі) ғылыми ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен танысу.
2) Жаңа типтегі мектептердің, атап айтсақ, бірінші Президент Н.Ә. Назарбаев атындағы интеллектуалды мектеп, «Нұрорда» халықаралық қазақ-түрік лицейі, Вальдорф мектебі және т.б. мектептеріндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру тәжірибесімен танысу.