
- •1.Биосфера деген не? Биосфераның құрылымы қандай?
- •2.Биосфераны құрайтын заттарды атаңдар
- •3.Өмірдің шегі немен анықталады? Тірі зат қандай қасиеттермен сипатталады?
- •4.Экзосфера, термосфера, құрылысы туралы түсініктер. Атмосфераның рөлін сипаттаңыз
- •5.Биосферада тірі заттың шоғырлануының формалары қандай?
- •6.Биосфераның космостық рөлі
- •7.Биосфераны қорғау үшін не себептен биологиялық ір түрлікті ұстап тұру керек?
- •8.Жердің негізгі кабаттарының пайда болуы: литосфера, гидросфера, атмосфера
- •9.Атмосфераның пайда болуын ерекшеліктері
- •10.Стратосфера, тропосфера құрылысы туралы түсініктер атмосфераның рөлін сипаттаңыз.
- •11.Тропосферадағы құрғақ ауаның химиялық құрамы
- •12.Адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін табиғи құбылыс
- •13. Жердің тіршілік қабаты – биосфераның тіршілік қызметін қамтамасыз етудегі атмосфераның рөлін сипаттаңыз.
- •14.Қоршаған орта химиясы құрылымы :литосферадағы физика-химиялық процестер
- •15.Қоршаған орта химиясы құрылымы :гидросферадағы физика-химиялық процестер
- •16.Қоршаған орта химиясы құрылымы :атмосферадағы физика-химиялық процестер.
- •17.Жасыл химия мен қоршаған орта туралы ғылым арасындағы айырмашылық неде?
- •18.Биосфера мен адам тіршілік қызметіндегі гидросфераның (Жердің сулы қабаты) рөлі қандай?
- •19.Табиғаттағы зат айналымы қандай рөл атқарады?
- •22.Атмосфераның химиялық ластануының негізгі көздерін атаңыз және олармен күресу жолдарын көрсетіңіз
- •24. Бензол – автокөлік жанармайынан бөлінетін ластаушы компонент күрделі экологиялық мәселеге әкеледі
- •25. Атмофераға газдар мына түрлі табиғи жолдармен түседі: 1) магманың жер тереңдігіндегі балқыған масса гассыздануы; 2)организмдердің тіршілік өмірі; Мысал келтріп түсіндір
- •28. Ауаның химиялық құрамы. Атмосфераның фотосинтездің нәтижесі маңызы
- •29. Қо жағдайын бақылауда биологиялық мониторинг тиімді әдіс ретінде
- •31. Ионосфера деп нені атайды? Сипатта
- •32. Атмосфераның қазіргі кездегі химиялық компоненттері азот (n2) оттек () түсуінің табиги жэне антропогенд негізгі көздеріАзот (n2) және оның қосылыстары
- •34. Атмосферадағы су буларының негізгі көздері
- •35. Күкірт диоксидінің атмосфераға түсуінің негізгі көздері
- •38. Атмосфераға химиялық элементтердің (газ күйінде ) келуінің табиғи жолдары.
- •39. Атмосфералық озон. Стратосферадағы озон. Озонның ауа райы мен климатқа әсері. “Озон тесіктерінің”пайда болу мәселелері, антропогенді (химиялық) және метеорлогиялық гипотезалар
- •41. Қышқылдық жаңбырлар және фотохимиялық түтінді-тұман түзілу
- •42.Атмосферадағы физика-химиялық процесстері , Атмосфераның ластануымен байланысты жаһандық экологиялық проблемалар
- •1 Сурет Қышқыл жаңбырдың әлемдік нысандарға әсері
- •43.Көмірқышқыл газы (co2 )жэне баска парник газдары Парниктік эффек дегеніміз не? Оның табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі қандай?
- •44.Қышқыл жаңбыр қандай қауіптілік туғызады? Ауа газдарды катты заттардан тазалау процессы
- •47.Автотранспорт және телеэнергетика атмосфераның ластануының көзі
- •48.Қышқылды жауынмен күресу шаралары.
- •50.Атмосфераның химиялық құрамын анықтау Ауа газдарды күкірт диоксидінең тазалау схемасы
- •51.Ауа тозаңдануын анықтау Ауаны тау- химиялык өнеркасіп газдарынан қоргау
- •53. Атмосфераны химиялық ластанудан қорғау. Шрк түсінігі, ластанған атмосфералық ауаны тазарту түрлері және тиімділігі
- •58. Атмосфера құрамы биіктікке байланысты едәуір өзгереді Мысал келтріп түсурдір. 58. Атмосфера құрамы биіктікке байланысты едәуір өзгереді Мысал келтріп түсурдір
- •60. Фотохимиялық процестің нәтижесінде түзілген озон (o3) арман карай ыдырау реакциясына тусеме сол процестің реакциясын жаз
41. Қышқылдық жаңбырлар және фотохимиялық түтінді-тұман түзілу
Қышқыл жаңбыр.Жаңбыр суында көбінесе әртүрлі, сонымен қатар қышқыл сипатты табиғи және антропогенді химиялық заттар болады. Жаңбыр суының қышқыл реакциясы 1684 ж ағылшын ғалымы Роберт Бойлмен анықталған болатын. Қандай жаңбыр суын қышқыл деп айтуға болады деген сұрақ туындайды? Қарапайым жауап, табиғи жаңбыр суы егер оның рН мәні 7-ден төмен болса, ол болмайды. Табиғатта жаңбыр суы қоршаған ортаның заттарымен тепе-теңдікте болады. Таза, антропогендік қоспасыз атмосферадағы жаңбыр суының рН шамасы ең алдымен көмірқышқыл газы тепе-теңдігімен анықталады. Оның атмосферадағы мөлшері 350 ррм (350миллионға үлесі) жуық. Бұл жағдайда жаңбыр суының рН мәні 5,6 тең болу керек.
Күкірт диоксиді атмосфераға түскен соң күкірт қышқылын түзбестен бұрын бірнеше реакция қатарынан өтеді. Алдымен, фотохимиялық процестің нәтижесінде күкірт ангидриді түзіледі SО3:2 SO2 + O2 ↔ 2 SО3,
Кейін ылғалдың әсерінен аэрозольдер түзіледі:SО3 + H2O → H2 SО4 : H2SО4 ↔ H+ + HSО4- . Сонымен қатар SO2•nH2O және H2 SО3 түзіледі: SO2 + H2O → H2 SО3; H2SО3 ↔ H+ + HSО3-
Ары қарай күкіртті қышқыл күкірт қышқылына дейін тотығады: 2H2 SО3 + O2 → 2 H2 SО4
Қышқыл жаңбырдағы күкірт қышқылының мөлшері үштен екі бөлігін құрайды, жаңбырдың қалған бөлігін азот қышқылы құрайды: 2NO2 + H2O→ HNO3 + HNO2
HNO3 ↔ H+ +NO3- ** HNO2 ↔ H+ +NO2
рН = 5,6 болатын жаңбыр суы әлеқайда табиғи екені анық. Дегенмен, қышқыл жаңбыр үшін басқа анықтама қабылданған. Жаңбыр суы егер рН мәні 5-тен төмен болса қышқыл деп саналады. Бұл түскен жауынның сараптамасы (барлық жер беті бойынша орташа нәтиже) рН 5-ке жуық шама беретінімен байланысты.
Түтінді-тұман. Түтінді-тұман деген термин ағылшынның “smoke- түтін, fog- тұман” деген сөздерінен шыққан. Түтінді-тұман атмосфералық құбылыс, ол тропосфераның төменгі ауасына адам әрекетінен пайда болған ыластандырушы заттардың жиналуынан және осы заттардың күн радиациясымен әрекеттесу реакциясының өнімдері мен сол ауаның ыластануынан пайда болады. Түтінді-тұман үлкен қалалардың ауа кеңістігінде түзіледі, автокөліктер мен авиациялық тасымалдаудың дамуы нәтижесінде басқа да аймақтарды қамтиды. Түтінді-тұман мынадай түрлерге бөлінеді: ылғалды, мұзды және фотохимиялық түтінді тұмандар. Фотохимиялық немесе Лос–Анжелестік түтінді–тұман лондондық түтінді–тұманға қарағанда онша қауіпті емес. Ол ауа–райы құрғақ және ыстық аймақтарда күн радиациясының әсерінен пайда болады. Түтінді–тұманның бұл түрінің ластаушы заттары азот оксиді және көмірсутектер (автокөлік, ТЭС, өнеркәсіп). Атмосферада желсіз күндерде басқа да ластаушы заттар фотооксиданттарды (органикалық асқынтотықтар, нитраттар, тропосфералық озон т.б) түзетін күрделі реакциялар жүреді, бұл заттар асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттарын, өкпені, көру органдарын қабындырады. Адам әрекеті нәтижесінде бөлінетін ластаушы заттардың көп концентрациясы ұзақ уақыт бойы адамдардың өзіне және жануарларға, құстарға, өсімдіктерге, бір сөзбен айтқанда, бүкіл экожүйеге теріс әсерін тигізеді. Экологиялық әдебиеттерде көп мөлшерде бөлінген ластаушы заттардың әсерінен жабайы аңдардың, құстар мен жәндіктердің жаппай улануы сипатталған. Тұмандағы азот оксидінің тотығуы азот диоксидін, яғни қоңыр газды береді. Осылайша, азот оксиді тағы түзіледі де, жалғыз және реакцияға қабілетті оттек атомы О3 түзе реакцияға түседі: О + О2 →O3
Озон – бұл фотохимиялық түтінді-тұманды анық сипаттайтын жалғыз ластаушы. Алайда осындай мәселе туындататын О3 автомобильмен немесе кез келген басқа механизммен шығарылмайды.
Бензин негізіндегі отынды пайдаланудан бөлінетін ұшқыш органикалық қосылыстар
NO оксидінің NO2 оксидіне айналуына негіз болады.
Бұл реакциялар өте күрделі, дегенмен оларды автотранспорттан шығатын қалдықтарды сипаттау үшін қарапайым органикалық молекуланы, мысалы СН4 алып жеңілдетуге болады: СН4 + 202 + 2NO → H2O + НСНО + 2NO2.
Осы реакция бойынша екі зат түзіледі. Біріншіден, NО2 түзіледі, екіншіден отынның көмірсутегі альдегидке дейін тотығады, яғни CHO тобы бар молекулаға дейін тотығады. Келтірілген реакцияда бұл – формальдегид (НСНО). Альдегидтер көзді тітіркендіреді және жоғары концентрацияда канцерогенді. Теңдіктер фотохимиялық түтінді-тұманда өтетін таза реакцияларды көрсетеді