- •1.Биосфера деген не? Биосфераның құрылымы қандай?
- •2.Биосфераны құрайтын заттарды атаңдар
- •3.Өмірдің шегі немен анықталады? Тірі зат қандай қасиеттермен сипатталады?
- •4.Экзосфера, термосфера, құрылысы туралы түсініктер. Атмосфераның рөлін сипаттаңыз
- •5.Биосферада тірі заттың шоғырлануының формалары қандай?
- •6.Биосфераның космостық рөлі
- •7.Биосфераны қорғау үшін не себептен биологиялық ір түрлікті ұстап тұру керек?
- •8.Жердің негізгі кабаттарының пайда болуы: литосфера, гидросфера, атмосфера
- •9.Атмосфераның пайда болуын ерекшеліктері
- •10.Стратосфера, тропосфера құрылысы туралы түсініктер атмосфераның рөлін сипаттаңыз.
- •11.Тропосферадағы құрғақ ауаның химиялық құрамы
- •12.Адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін табиғи құбылыс
- •13. Жердің тіршілік қабаты – биосфераның тіршілік қызметін қамтамасыз етудегі атмосфераның рөлін сипаттаңыз.
- •14.Қоршаған орта химиясы құрылымы :литосферадағы физика-химиялық процестер
- •15.Қоршаған орта химиясы құрылымы :гидросферадағы физика-химиялық процестер
- •16.Қоршаған орта химиясы құрылымы :атмосферадағы физика-химиялық процестер.
- •17.Жасыл химия мен қоршаған орта туралы ғылым арасындағы айырмашылық неде?
- •18.Биосфера мен адам тіршілік қызметіндегі гидросфераның (Жердің сулы қабаты) рөлі қандай?
- •19.Табиғаттағы зат айналымы қандай рөл атқарады?
- •22.Атмосфераның химиялық ластануының негізгі көздерін атаңыз және олармен күресу жолдарын көрсетіңіз
- •24. Бензол – автокөлік жанармайынан бөлінетін ластаушы компонент күрделі экологиялық мәселеге әкеледі
- •25. Атмофераға газдар мына түрлі табиғи жолдармен түседі: 1) магманың жер тереңдігіндегі балқыған масса гассыздануы; 2)организмдердің тіршілік өмірі; Мысал келтріп түсіндір
- •28. Ауаның химиялық құрамы. Атмосфераның фотосинтездің нәтижесі маңызы
- •29. Қо жағдайын бақылауда биологиялық мониторинг тиімді әдіс ретінде
- •31. Ионосфера деп нені атайды? Сипатта
- •32. Атмосфераның қазіргі кездегі химиялық компоненттері азот (n2) оттек () түсуінің табиги жэне антропогенд негізгі көздеріАзот (n2) және оның қосылыстары
- •34. Атмосферадағы су буларының негізгі көздері
- •35. Күкірт диоксидінің атмосфераға түсуінің негізгі көздері
- •38. Атмосфераға химиялық элементтердің (газ күйінде ) келуінің табиғи жолдары.
- •39. Атмосфералық озон. Стратосферадағы озон. Озонның ауа райы мен климатқа әсері. “Озон тесіктерінің”пайда болу мәселелері, антропогенді (химиялық) және метеорлогиялық гипотезалар
- •41. Қышқылдық жаңбырлар және фотохимиялық түтінді-тұман түзілу
- •42.Атмосферадағы физика-химиялық процесстері , Атмосфераның ластануымен байланысты жаһандық экологиялық проблемалар
- •1 Сурет Қышқыл жаңбырдың әлемдік нысандарға әсері
- •43.Көмірқышқыл газы (co2 )жэне баска парник газдары Парниктік эффек дегеніміз не? Оның табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі қандай?
- •44.Қышқыл жаңбыр қандай қауіптілік туғызады? Ауа газдарды катты заттардан тазалау процессы
- •47.Автотранспорт және телеэнергетика атмосфераның ластануының көзі
- •48.Қышқылды жауынмен күресу шаралары.
- •50.Атмосфераның химиялық құрамын анықтау Ауа газдарды күкірт диоксидінең тазалау схемасы
- •51.Ауа тозаңдануын анықтау Ауаны тау- химиялык өнеркасіп газдарынан қоргау
- •53. Атмосфераны химиялық ластанудан қорғау. Шрк түсінігі, ластанған атмосфералық ауаны тазарту түрлері және тиімділігі
- •58. Атмосфера құрамы биіктікке байланысты едәуір өзгереді Мысал келтріп түсурдір. 58. Атмосфера құрамы биіктікке байланысты едәуір өзгереді Мысал келтріп түсурдір
- •60. Фотохимиялық процестің нәтижесінде түзілген озон (o3) арман карай ыдырау реакциясына тусеме сол процестің реакциясын жаз
18.Биосфера мен адам тіршілік қызметіндегі гидросфераның (Жердің сулы қабаты) рөлі қандай?
Жердің беттік қабаты-гидросфера және атмосфера заттардың жердің жоғарғы мантиясынан бөлініп шығуы нәтижесінде түзілген. Химиялық элементтердің салыстырмалы мөлшерлері кремнийдің 106 –не тең атомдарына келетін әр элементтің атомдарының санымен анықталынады. Көптеген мәліметтердің негізінде, ұшқыш элементтер мантиядан вулкандардың атқылауынан пайда болған деп есептеге болады, вулкандардың атқылауы нәтижесінде жердің беті де түзіледі. Ең дұрысы, Атмосфераға алғашқы кезде көміртек диоксиді мен азоттан, сутек пен су буының аздаған мөлшерінен тұрған.Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Сөйтіп биосфера-жердің тірі заттың әсері болатын бөлігі. Жердегі тіршілік оның бетіндегі ең көрнекті процесс, бұл процесс күн энергиясын пайдаланады және Менделеев кестесіндегі барлық дерлік элементтердің қозғалысын тудырады. Биосфераны организмдердің өмір сүретін орыны болғандықтан организмдермен қоса үш сфераға бөлуге болады:
Аэробиосфера, онда аэробионттар орналасқан, аэробионттардың өмір сүру көзі ауаның ылғалы;
Гидробиосфера -глобальді су әлемі ) жердің үстіндегі су қабаты, онда гидробионттар орналасқан;
19.Табиғаттағы зат айналымы қандай рөл атқарады?
Биогеоценоздың барлық организмдерінің бір-бірімен және физикалық ортамен әрекеттесуі динамикалық тепе-теңдікпен сипатталады.(жүйенің экологиялық гомеостазы). Биогеоценоздар биосфераның құрылымдық-функционалдық бірлігі, материалдық- энергетикалық ұяшықтары және олар зат айналымымен, энергия ағымдарымен тығыз байланысты. Биогеоценоздардың бір-бірімен зат алмасуы газ, сұйық және қатты түрінде, сонымен қатар тірі зат түрінде де (мысалы, жануарлар миграциясы) іске асады.
Биосферадағы үздіксіз процестер –жер бетіндегі тіршіліктің болуының және оның дамуының кепілі. Әрбір түр биотикалық айналу процесінің сатысы (буыны) болып есептеледі. Тіршіліктің үздіксіздігі синтезделу және ыдырау процестерімен қамтамасыз етіледі. Биосферадағы түсетін күн эергиясы энергияға бай жоғарымолекулалық органикалық заттардың синтезіне жартылай жұмсалады. Бір трофикалық деңгейден екіншісіне берілген кезде энергия біртіндеп тарқап кетеді. Зат айналымында микроорганизмдердің рөлі ерекше, олар өсімдіктер мен жануарлардың өлі қалдықтарын анорганикалық заттарға айналдырады, бұл анорганикалық заттарды өсімдіктер фотосинтез үшін пайдаланады. Биосферадағы барлық тірі заттар шамамен 8 жыл сайын жаңарып отырады. Жерде өсетін өсімдіктердің заттары 14 жылда, ал мұхиттың барлық биомассасы 33 жылда жаңарып отырады.
В.И.Вернадский биотикалық айналымды Жер планетасындағы тіршіліктің негізі деп қарастырды. Сөйтіп, биосфера-барлық барлық тірі организмдердің және олардың өмір сүретін ортаның жиынтығы. Өмір сүретін ортаның құрылымына су, атмосфераның төменгі бөлігі және жер қабатының жоғарғы бөлігі кіреді. Биосфераның тірі және өлі заттары бір-бірімен үздіксіз әрекеттесуде және тығыз байланысты болып, біртұтас жүйені құрады.
20.Ноосфера-биосфера дамуының жоғарғы сатысы. Биосфераның ноосфераға (ақыл-ой сферасына) ауысуын қарастыра отырып, И.В. Вернадский ноосфераның қалыптасуының нақты шарттарын көрсетті. Олар:
Адамдар планетаға қоныстанып және оны жаңғыртып біртұтас болулары керек;Байланыс құралдары, елдер бір-бірімен ақпарат алмасуы көкейкестілік тездетілуі керек;Жер бетіндегі барлық елдердің арасындағы байланыстар, оның ішінде саяси байланыстар күшейтілуі керек;Биосфераның шегі кеңейіп, космосқа ұшу керек;Энергияның жаңа көздері ашылып, оларды пайдаланып, энергияның дамуы керек;Адамдар арасында нәсіліне, дініне қарамай нақты теңдік орнауы керек; Жердің алғашқы табиғатын халықтың санының өсуіне байланысты олардың материалдық, эстетикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей етіп ақылмен көркейту керек;Қоғам өмірінде ешқандай соғыс болмауы керек.Өмір сүрудың жалпы деңгейі өсіп, аштықты және ауруларды олдырмау керек. Ноосфера-биосфера дамуының ең жоғарғ сатысы; бұл сатыда адамдардың көркейту әрекетін табиғат дамуының жалпы заңдарын ескере отырып, табиғи және әлеуметтік процестерді ғылыми тұрғыдан түсінуге негізделеді. Ноосфераның қалыптасуы стихиялық емес, оның қалыптасуына ажамдардың саналы түрдегі іс-әрекеті, табиғатқа ақыл-ойдың белсенді араласуы қажет. Биосфераның өзгерістері адам мұқтажымен байланысты болуы қажет, бірақ биосфераның өзіне зиян келмеуі керек. Адам мен биосфераның осындай қарым-қатынасы коэволюция деп аталады.Ноосфераның құрылымы мынадай компоненттерден тұрады: адамзат, ғылыми білімдердің жиынтығы, биосферамен тұтастықта болатын техника және технология.Ноосфера адамзаттың тіршілігін ғана емес, экосфераның тірі және өлі табиғаттарының үйлесімді сақталуын, биогеоценоздағы органикалық организмдер ресурстарының сақталуымен бірге табиғаттың сақталуын қарастырады.
Тұрақты даму-экономиканың өсу қарқынының үдемелі қозғалысы, мұндай көзқараста қоршаған ортаға жасалатын қысым оның қасиеттерін қайта жақсартумен теңдесуі керек. Ноосфералық көркейтулер адамзаттан рационалды (орынды, ұтымды) ойлауды, алдын-ала ғылыми болжауды, экология, эконогмика және саясаттың бірлігін сақтауды талап етеді.
Ноосфера- биосфераның сапалы жаңа күйі, ол ылғи да эволюциялық дамуда болады.
21.ҚО химиялық ластануының негізгі факторларын атаңыз. Қоршаған орта-тірі жүйелерді (адамдар, жануарлар) қоршаған (қоршаған орта деп аталуы да содан), зерттеу объектілері тірі және өлі табиғат болатын орталардың бір бөлігі. Атмосфера су, оттек, азот және көміртектің айналымын реттейтін механизмдердің басты бөлігі. Атмосфераның маңызы Жерді космостық жойқын әсерлерінен сақтайтын экран болуында. Қысқа толқынды қатаң рентген және ультракүлгін сәулелер атмосфера қабатына сіңіріледі, бірақ жер бетіне дейін жетпейді. Оттек биологиялық тотығудың басты компоненті ретінде ерекше маңызды . Зат алмасуды үзбеу үшін тканьдар мен жасушаларға оттектің үздіксіз берілуі қажет. «Қоршаған орта химиясы» дейтін терминнің жалпыға бірдей анықтамасы жоқ. Қоршаған ортаны зерттейтін түрлі мамандар бұл терминге әр түрлі түсінік береді.Қоршаған ортаны зерттеуге ат салысып жүрген мамандар «қоршаған орта химиясы» түсінігін озон қабатының бұзылуымен, әлемдік жылынумен т.с.с. байланыстырады. Сонымен қатар, қоршаған орта химиясының бүкіл аймақтағы және белгілі бір жергілікті жерлердегі қышқылдық жаңбырлар, су ресурстарының (су қорлары) ластануы сияқты проблемаларды зерттеудегі рөлі анықталды.Көптеген зерттеуші ғалымдар үшін «қоршаған орта химиясы» дейтін ұғым тек «ластанумен» байланысты сияқты, бірақ мұндай көзқарастар салыстырмалық жағынан қарағанда онша дұрыс емес. Мысалы, кәдімгі ас тұзы ауыз суының құрамында болса ол «ластандырғыш» затқа жатады, ал теңіз суларын бұл затыз көзге елестетуге болмайды.Химия ғылымының өзі қазір көптеген анорганикалық, органикалық, физикалық т.с.с. бөлімдерден тұрады. Қоршаған орта химиясының құрамына химияның кіші-гірім бөлімдері, мысалы, жер қыртысы (топырақ) химиясы, гидрохимия, атмосфера химиясы, органикалық табиғи қосылыстар химиясы, геохимия т.б. кіреді.Қоршаған орта химиясы жердің барлық қабаттарында, сонымен бірге биосферада болып жататын процестерді зерттейді, барлық химиялық қосылыстардың, соның ішінде табиғи және жасанды қосылыстардың миграциясын (бір жерден бір жерге ауысуы) және олардың бір-біріне айналуын зерттейді.Қоршаған орта химиясы химиялық процестерді кешенді түрде қарастырады, айталық, химиялық заттардың жер қабаттарында пайда болуын, миграциясын,жер қабаттарындағы ағыстарын («глобалды циклдер»), қосылыстар мен элементтердің өзара әрекеттесулерін зерттейді, сонымен қатар, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың тәсілдерін, оларды жетілдірудің әдістерін жасаудың негізін құрайды.Қоршаған орта химиясы құрылымы Литосферадағы физика-химиялық процестер;Гидросферадағы физика-химиялық процестер;Атмосферадағы физика-химиялық процестер;Ластандырушы заттар химиясы, ондай заттарға табиғи және жасанды заттар (бұндай заттардың пайда болуы, тасымалдануы, миграциясы, геосферадан шығарылуы) жатады. Қоршаған орта химиясында химияның қазіргі замандағы негізгі әдістерінің бәрі қолданылады (химиялық, физика-химиялық талдау әдістері), бірақ ластаушы заттардың микроконцентрациясын жиі анықтаудың қажеттілігінен қазіргі кездегі жаңа, қиыстырылған әдістер-тиімділігі жоғары болу (мысалы, сұйықтық хроматография), сапалық және сандық дәл анықтау (мысалы, масс-спектроскопия) әдістері қолданылады.