Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Файзулла.А.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.54 Mб
Скачать

3 Бағдаршам туралы есеп

3.1 Бағдаршам түсінігі

Бағдаршам—жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы.

Алғашқы электр бағдаршамын ойлап тапқан адамның есімі Лестер Вайр. Солт-Лейк-Сити тұрғыны, АҚШ-тың Юта штатында дүниеге келген. Лестер өз өнертабысын екі электр жарықтандырғыш шамы ретінде құрастырғанымен, оған патент алуға үлгермеді. Алғашқы бағдаршамның екі ғана семафорлық қанаты болған. Колденеңінен орналасқан қанат "Тоқта" дегенді білдірсе, 45 градус бұрышқа еңкейтілген белгі - "Абайлап өтіңіз" дегенді білдірді.

Тәуліктің қараңғы мезгілінде газдың көмегімен жұмыс істейтін бағдаршам қолданылды. Бұл бағдаршамда сәйкесінше жасыл және қызыл түсті белгілер белгіленіп отырды. Бағдаршамдар жаяу жүргіншілерге жолдан өтуіне көмек беріп, көлік жүргізушілерін абай болуға шақырған.

Дихроматия ауруына шалдыққан адамдар түстерді тек олардың жарықтығына, яғни спектрі бойынша ғана ажырата алады. Жылы тондар спектріне қызыл, сарғылт және сары түстер кіреді. Ал суық спектрдің тізімінде жасыл, көк, күлгін түстер бар. Сондықтан да, бағдаршамды құрастырғанда түстерге осындай айрықша мән берген.

3.1-сурет. Бағдаршам

3.2 Бағдаршамның жұмыс істеу принципі

Жол қозғалысын реттеу үшін көлденең және тігінен орналасқан бағдаршамдар қолданылады. Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық сигналдары қолданылады. Сигналдары тігінен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түс жоғарыда орналасады, ал жасыл—төменде; сигналдар келденеңінен орналасқанда—қызыл сол жақта, жасыл—оң жақта орналасады.

Бағдаршам сигналдары белгілі мақсатында байланысты дөңгелек, бағыттаушы түрінде (көрсеткіші), жаяу жүргінші немесе велосипед кескінінде және Х-моделінде болуы мүмкін. Деңгелек сигналды бағдаршамдардың бір немесе екі, дөңгелек жасыл сигналдың деңгейінде орналасқан жасыл бағыттаушы (көрсеткіш) түріндегі сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкін.

Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәні бар:

  • жасыл сигнал қозғалысқа рұқсат етеді;

  • жасыл жыпылықтаған сигнал қозғалысқа рұқсат етеді және оның қолданылу уақыты етіп барады және тыйым салатын сигнал іске қосылатындығын хабарлайды (жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жасыл сигналдың жануына дейін уақыт туралы секундпен хабар беретін сандықтабло қолданылуы мүмкін);

  • сары сигнал қозғалысқа тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертеді;

  • сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелетін кеше қиылысын немесе жаяу жүргінші етпесін білдіреді, қауіптен-сақтандырады;

  • қызыл сигнал, оның ішінде жыпылықтайтыны, қозғалысқа тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы қозғалысқа тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғанынан хабар береді.

Қызыл, сары және жасыл түсті бағыттаушы түрінде орындалған бағдаршам сигналы тиісті түстердегі дөңгелек сигналмен бірдей мағыналас, бірақ олардың күші бағыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана қолданылады. Мұндайда солға бұрылуға рұқсат беретін бағыттаушы, егер бұған тиісті жол белгісімен тыйым салынбаса, кері бұрылуға да рұқсат етеді.

Қосымша секциясы бар жасыл бағыттаушы да осындай мәнге ие болады. Қосылмайтұрған қосымша секцияның сигналы осы секциямен реттелетін бағыттағы қозғалысқа тыйым салынғанын білдіреді.

Егер бағдаршамның негізгі жасыл сигналына қара контурлы бағыттаушы (бағыттаушылар) салынған болса, онда ол жүргізушіге бағдаршамның қосымша секциясын және қосымша секцияның сигналына қарағанда өзге де рұқсат етілген қозғалыс бағыттарын хабарлайды.

Қызыл және сары бағыттаушылардың орнына осы мағынада қара контурлы бағыттаушылар кескінделген дөңгелек қызыл және сары сигналдар пайдаланылуы мүмкін.

Егер бағдаршам сигналы жаяу жүргіншінің (велосипедтің) кескіні түрінде орындалса, онда күші тек жаяу жүргіншіге, (велосипедшілерге) ғана қолданы-лады. Мүндайда жасыл сигнал жаяу жүргіншінің (велосипедшінің) қозғалысына рұқсат береді, ал қызыл тыйым салады.

Велосипедшілердің қозғалысын реттеу үшін сондай-ақ кішірейтілген өлшемдегі дөңгелек сигналы бар, 300×200 мм өлшемді, қара түсті велосипед кескінделген тік бұрышты ақ түсті табличкамен толықтырылған бағдаршам пайдаланылуы мүмкін. Соқыр жаяу жүргіншілерді жүріс бөлігін кесіп өту мүмкіндігі туралы ақпараттандыру үшін бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкін.

Көлік құралдарының жүріс бөлігінің қозғалыс бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгеруі мүмкін жол жолақтары бойынша қозғалысын реттеу үшін X моделіндегі қызыл сигнал және темен бағытталған бағыттаушы түріндегі жасыл сигналы бар реверстік бағдаршам қолданылады. Бұл бағдаршамдар тиісінше олар үстінде орналастырылған жол жолағы бойынша қозғалысқа тыйым салады немесе рұқсат береді. Реверстік бағдаршамның негізгі сигналдары бағыттаушы түріндегі, темен қарай оңға немесе солға қиғаштай еңкейтілген, іске қосылған сигналдың ауысатындығын және бағыттаушы нұсқаған жолаққа қатар ауыстыру қажеттігін хабарлайтын сары сигналмен толықтырылуы мүмкін.

Реверстік бағдаршамның екі жағынан 1.9. таңбалауымен белгіленген жолақтың үстіне орналастырылған сигналдары іске қосылғанда осы жол жолағына шығуға тыйым салынады.

Трамвайлардың, сондай-ақ олар үшін белінген жолақпен қозғалатын басқа маршруттық келік құралдарының қозғалыстарын реттеу үшін «Т» әрпі түрінде орналасқан терт ай түстесақдөңгелек сигналдары бар бағдаршамдар қолданылуы мүмкін. Бір мезгілде теменгі сигналмен бір немесе бірнеше жоғарғы сигнал іске қосылған кезде ғана олардың сол жақтағысы — солға, ортадағысы — тіке, оң жақтағысы — оңға қозғалуға рұқсат етеді. Темір жол етпесіне орналасқан дөңгелек, жыпылықтап тұратын ай түстес ақ сигнал көлік құралдарыныңетпе арқылы қозғалысына рұқсат береді. Ай түстес ақжәне қызыл жыпылықтайтын сигнал істемей тұрған кезде кез жетер жерде өтпеген жақындап қалған поезд (локомотив, дрезина) болмағанда, қозғалысқа рұқсат етіледі.

Оның денесі мен қолдарының, оның ішінде мынадай мәндерді білдіретін жезлмен жасаған қимылдары, реттеушінің сигналы болып табылады.

Қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген: сол және оң бүйір жақтарынан — қозғалыстрамвайға тіке, рельссіз келік құралдарына тіке және оңға қозғалуға рұқсат етіледі, жаяу жүргіншіге жүріс белігін кесіп өтуге рұқсат етіледі; кеуде және арқа жағынан — барлық келік құралдарыныңжәне жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым салынады.

Оң қол алға созылған:

  • сол бүйір жақтан — қозғалыс трамвайға солға, рельссіз келік құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етіледі;

  • кеуде жағынан — барлық көлік құралдарына қозғалыс тек қана оңға рұқсат етіледі;

  • оң бүйір және арқа жағынан — барлық келік құралдарына қозғалыс тыйым салынады; жаяу жүргіншілерге жүріс белгісін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі. 

Қол жоғары көтерілген:

Реттеуші қол қимылдарымен жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге түсінікті басқа да сигналдар беруі мүмкін.

Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші жезлді немесе сигналды дискіні (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкін.

Көлік құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бір мезгілде ысқырып сигнал бере отырып, көлік құралына бағытталған қол қимылымен көрсетілуі мүмкін. Жүргізуші оған нұсқалған орында аялдауы тиіс. Көлік құралын тоқтатқан ішкі істер органдарының қызметкері (полиция) Ысқырықпен берілген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын аударуға беріледі.

Бағдаршамның (реверсивтіден басқа) немесе реттеушінің тыйым салатын сигналы кезінде жүргізушілер тоқтау сызығының (5.3.3-белгісінің) алдында, ал олар болмаған кезде:

  • жол қиылысында — кесіп өтетін жүріс белігінің алдында (Ереженің 13.8 белігін ескере отырып), жаяу жүргіншілер үшін кедергі тудырмай;

  • темір жол етпесі алдында — Ереженің 15.4-тармағына сәйкес;

  • басқа жерлерде — қозғалыс рұқсат етілген келік құралы мен жаяу жүргіншілерге кедергі туғызбай тоқтатуға міндетті.

Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимі жасыл сигналдыңтікелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтін жағдайларда, шұғыл тежеуге жүгінбей тоқтата алмайтын жүргізушілерге Ереженің 5.5-тармағында белгіленген жерлерде әрі қарай қозғалуға рұқсат етіледі.

Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жүріс белігінде келе жатқан жаяу жүргіншілер оны босатуы тиіс, ал оған мүмкіндік болмаған кезде қарама-қарсы келік легін белуші сызықта тоқтаулары тиіс.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, тіпті олар бағдаршам сигналына, жол белгілері немесе таңбаларының талаптарына қайшы келсе де, сигналдың талаптары мен реттеушінің бұйрығын орындаулары тиіс.

Теміржол етпелерінде жыпылықтаған қызыл сигналмен бір мезгілде қозғалысқа қатысушыларды қосымша ақпараттандыратын, етпе арқылы қозғалысқа тыйым салатын дыбыстық сигнал берілуі мүмкін.