- •Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы
- •Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы
- •Мазмұны
- •І. Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері
- •Түркістанның туристік бағыттары
- •2,5. Түркістанның киелі орындары
- •2,6 Оңтүстіктің алтын шеңбері бағыты
- •2,7. Экотуризм
- •2,8 Этнотуризм
- •II. Отырар өңіріндегі тарихи орындар
- •III. Қаратаудың ортағасырлық керуен жолдары
- •1.1 Сервистік қызметтің табиғаты мен сипаты.
- •1.2 Сервистік қызмет адам қажеттілігін қанағаттандырудың формасы ретінде.
- •1. 3. Сервистік қызмет көрсету сапасы
- •1.4 Туризм саласында сервистік қызмет көрсетудің орны мен ерекшеліктері
- •2 Қонақ үйдің тұрғындарына сервистік қызмет көрсету және қажеттіліктерін қанағаттандыру формасы ретінде.
- •2.1 Қонақ үй индустриясы және сервисі
- •Сезілмейтін
- •2.2 Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
- •2.3 Қонақ үйде фондты ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы
- •2.4 Қонақтарды тамақтану жүйесін ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы.
- •2.5 Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар
- •3 Достық қонақ үй кәсіпорындарында сервистік қызметті жетілдіруді ұйымдастыру
- •Қосымша б
- •Қосымша в
- •Қосымша г Кесте-4. Қызмет көрсету операциялары мен қабылдау қызметінің функциялары
- •Қосымша д Ресторан залында қонақтарға қызмет көрсету.
- •Үстел басында даяшылармен толық қызмет көрсету банкеті.
- •Үстелде даяшылармен жарым – жартылай қызмет көрсету банкеті.
- •Банкет-фуршет.
- •Банкет-коктейль.
- •Сервис түрлері.
- •1.1 Қонақ үй шаруашылығының тарихи дамуы
- •1.2 Қонақ үй шаруашылығы облысындағы басты түсініктер мен анықтамалар
- •1.3 Қонақ үй типтес орналастыру құралдарын жүйелеу және қонақ үй типологиясы
- •1.4 Қонақ үй шаруашылығында компьютерлік бағдарламалаудың дамуы және түрлері. Қонақ үй комплекстерін компьютерлік басқару
- •2 Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы
- •2.1 Халықаралық қонақ үйлер тізбектері
- •2.2 Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар
- •2.3 Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы
- •3 Туристерді орналастыру ерекшеліктері
- •3.1 Операциялық қызмет көрсету үдерісі, қабылдау және орналастыру функциясы
- •3.2 Қонақ үйде нөмірді және орынды брондау тәртібі
- •3.3 Қонақтарды тіркеу және орналастыру реттілігі. Туристік топты тіркеу ерекшеліктері
- •Қосымша а
- •Қосымша б Нөмірді брондауға арналған өтініш – хат
- •1.1 Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындардың эволюциясы
- •1.2 Қонақ үй кәсіпорындарының жіктелінуі
- •1.3 Қонақ үйдің негізгі қызметтері және оларға сипаттама
- •2 Қонақ үй кәсіпорындарын басқарудағы ұйымдастыруды жетілдіру
- •2.1 Қонақ үй кәсіпорындарындағы ұйымдастыру құрылымы
- •2.2 Қонақ үй кәсіпорындарындағы басқару формалары
- •Халықаралық қонақ үй шынжырлары
- •Бтұ (вто) ұсынылған орналастыру құралдарын жіктеу
- •Іі.2 Климатты және беткі сулары.
- •(Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 – 2000г.Г. Алматы. 2004., бойынша).
- •(Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 – 2000г.Г. Алматы. 2004., бойынша).
- •(Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 – 2000г.Г. Алматы. 2004., бойынша).
- •Іі.3 Топырақ-өсімдік жамылғысы.
- •Үііі. Шымкент қаласының және қала маңындағы рекреациялық ресурстары. Ііі.1 Шымкент қаласының рекреациялық объектілерінің даму тарихы.
- •Ііі.2 Шымкент қаласының және қала маңындағы рекреациялық ресурстары қалыптасуындағы экономикалық-географиялық факторлардың маңызы.
- •Ііі.3 Шымкент қаласындағы және қала маңындағы рекреациялық объектілер мен территориялар.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
І. Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жетіқоңыр керуен жолдары Қаратаудан асып, Сарыарқа арқылы Ертіске өткен. Бұл аймақ тарихымыздың әр түрлі кезеңдерінен сақталған тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Ескерткіштер Сырдарияның жағасынан бастап Қаратаудың қойнауына дейінгі аралықта кездеседі. 2006-жылға дейін ғылымға белгілі болған археологиялық ескерткіштердің жалпы саны 350, олардың қатарында тас ғасырынан тұрақтары, қола, ерте темір ғасырлары мен ортағасырлық обалар мен оба қорымдары, ежелгі және орта ғасырлық елді мекендер, қалалар мен бекіністер, қарауыл төбелер, тасқа салынған сурет орындары, кәріздер бар.
Тас ғасырынан тұрақтары Қаратау шатқалдарында, тау алды беткейлерінде кездеседі. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген әр түрлі тарихи кезеңдердің обалары тау шатқалдарында, тау үсті және тау алды жазықтарында орналасқан. Кіші обалардың аумағы 4-5м, биіктігі 0,2-0,3м, ал үлкен обалардың аумағы 40-50м-ге дейін жетеді, биіктігі 5-6м. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі тау алды жазығы мен шатқалдарда «мұратты» обалар кездеседі.
Түркістан аймағында 100-ге жуық ежелгі, орта ғасырлық бекіністе, елді мекендер, қарауыл төбелер, қалашықтар мен қалалар бар, олардың көпшілігі Сырдария мен Қаратаудың аралығындағы жазықта, керуен жолдарының бойында жатыр, үлкен қалалар бір-біріне 10-20 км жерде орналасқан. Мысалы, Иқан, Түркістан, Қарашық, Сидақата, Сауран қалалары. Елді мекендер мен қалашықтардың бір қатары Қаратаудың шатқалдарында, тау алды жазығында кездеседі. Қазақ хандықтары кезіндегі тастан салынған бекіністер мен қалашықтар Біресек, Үшөзен, Қызылата шатқалдарында және Өгізтауда сақталған. Ортағасырлық қарауыл төбелер мен қарауыл мұнаралары Қаратаудың теріскейге өтетін шатқалдарының бойында, асуларда, тау алды жазығында және елді мекендер мен қалалардың арасындағы биік жерде орналасқан.
Қола, ерте темір және ортағасырлық тасқа салынған суреттер Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі Қоржайлау, Жыңғылшық, Қарадегерез, Қиынжүрек, Шүкірсаз, Төсбұлақ, Қызылшың, Кеңөзен, Қарақұдық, Майдантал өзендері мен шатқалдарында, Бессаз шыңы төңірегінде сақталған. Тасқа салынған суреттерде тау ешкісі, арқар, жылқы, түйе, қабан, адамдар бейнеленген.
Ортағасырлық қалалардың төңірегінде каналдар, арықтар, егістік алқаптары сақталан, кәріздердің тізбектеле қазылған құдықтары Қаратаудың тау алды беткейінде орналасқан Майдантал, Абай, Бабайқорған, Қарашық ауылдары төңірегінде кездеседі.
Түркістан қаласы мен оның аймағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер баға жетпес жәдігерлер тарихымыздың куәгерлері болып табылады, оларды әр түрлі туристік бағыттарға енгізуге болады.