Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа Перизат.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
123.39 Кб
Скачать

Әлемдік нарықтың бағалары

Әлемдік бағалар – бұл нақты тауарларды сататын халықаралық сауданы жеткілікті түрде сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жүргізілетін бағалар. Практикада әлемдік бағалар тауарлардың түрлі топтарында келесідей болып анықталады:

1. Шикізат тауарлары бойынша олар экспорттаушы немесе импорттаушы елдердің бағалары деңгейімен, немесе аукциондар мен биржалар бағаларымен анықталады.

2. Өндірістік-техникалық бағыттағы бұйымдар бойынша – жетекші әлемдік өндірушілер бағалары;

3. Тұтыну тауарлары бойынша – көш басындағы ірі сауда үйлерінің каталогтарында жарияланған бағалармен анықталады.

Әлемдік нарық бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы  байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі бағыттарын қамтитын, жекелеген елдердің ұлттық нарықтарының жиынтығы. Әлемдік нарық тарихи түрде, капиталистік нарық ретінде өндірістің капиталистік жолдары негізінде қалыптасты.

Әлемдік нарық өзінің ұзақ уақыт даму барысында, халықаралық еңбек бөлінісінің белгілі бір деңгейімен және өндірісті интернационалдандырумен сипатталатын бірсыпыра кезеңдерден өтті. Солардың ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады:

  1. Нарықтың пайда болу кезеңі. Әлемдік нарық капитализм дамуының мануфактуралық сатысындаXVI ғасырда пайда болып, алғашқы беттегі капитал жинақтау процесінің шешуші факторларының біріне айналды. Оның туындауы, жас еуропалық  буржуазияның сауда және орталық өктемдігін жүргізумен, теңізде жүзу мен құрлықтағы қатынас құралдарының жылдам дамуымен ажырағысыз байланыста болды.

  2. XVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіптік төңкерістер барысында жүзеге асырылған, жетекші капиталистік елдердің ірі машиналары өндіріске өту кезеңі. Ірі өнеркәсіп іс жүзінде капитализмнің әлемдік нарығын  қалыптастырады;

3. Имперализм сатысындағы әлемдік нарықтың даму кезеңі әлемдік сауданың өсуімен сипатталады.1896-1900 жылдардағы өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік экспортының 4/5-нен астамы Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Францияның және Германияның үлесіне тиді. Капиталды сыртқа шығару әлемдік нарықты дамытудың анықтаушы факторына айналды;

4. Капиталистік нарық жалпыға бірдей болуды тоқтатқан, әлемдік соғыстан кейінгі нарықтың даму кезеңі;

5. Бұрынғы социалистік елдер әлемдік саудаға қатыса бастаған XXғасырдың 90-шы жылдарымен байланысты жаңа кезең.

Бірқатар жекелеген елдердің ұлттық нарығы әлемдік нарыққа ажыратылып көрсетіледі:

а) Ұлттық нарықта тауарлар қозғалысы бар болғаны экономикалық факторлармен

(елдің кәсіпорындары мен аудандары арасындағы өндірістік байланыстарымен) келісіледі, ал мемлекеттер арасындағы шекаралар мен  жекелеген мемлекеттер сыртқы экономикалық қызметте әлемдік нарыққа түбегейлі түрде ықпалын жүргізеді. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлардың қозғалуы шектелген және кейбір тауарлар әлемдік тауарлар айналымына мүлдем түспейді.

ә) Әлемдік нарықта бағалардың айрықша жүйесі әлемдік бағалар өмір сүреді.

б) Құрылымдық ілгері ұмтылу, өнеркәсіп өндірісін мамандандыру мен біріктіру, шаруашылық өмірін интернациоландыру әлемдік нарықтың дамуына ықпалын тигізеді.

Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтағы даму үрдестеріне келесі  факторлар әсер етеді:

1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;

2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы және одан әрі нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;

3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі.

Әлемдік бағалардың түрлері:

  • Әлемдік бағалар  халықаралық нарықта әрекет ететін бағалар.

  • Ішкі бағалар ұлттық нарықта әрекет ететін және елдің ішкі нарығының конъюнктурасын анықтайцды.

  • Сыртқы саудалық бағалар импортталатын және экспортталатын өнімдерге қызмет ететін бағалар.

  • Халықаралық аймақтық нарықтағы бағалар — халықаралық сату сатып алу процесі жүзеге асатын,әлемдік бағалардың жүзеге асу формасы болып табылады.

  • Ұлттық бағалар— ұлттық экономикаға қызмет ететін және елдің шаруашылық қызметін ескеретін бағалар.

  • Халықаралық бірлескен бизнестегі бағалар— елдің кәсіпорындарының шетелдік инвестициялармен жұмыс жасауда қолданылатын бағалар.

Әлемдік нарық сыртқы саудамен тығыз байланысты. Сыртқы сауда — бұл тауарларды сырттан әкелу (импорт)  мен сыртқа шығарудан (экспорт) тұратын, бір елдер мен екінші елдер арасындағы сауда болып саналады. Ақшалай түрде көрсетілген импорт пен экспорт сомасы елдің сыртқы сауда айналымын білдіреді. БҰҰ-ның статистикалық басылымы, әлемдік барлық елдер экспортының жиынтық құны ретінде халықаралық сауда көлемінің динамикасы бойынша деректерді жариялап отырады.

Халықаралық еңбек бөлінісі оның негізі болып табылатын жиынтық түрдегі сыртқы сауданы, халықаралық сауданы білдіреді. Сыртқы сауданың даму сипаты, деңгейі мен мәні өндіріс дамуының сипаты және деңгейімен анықталады.

Сыртқы сауда, өндірістің натуралды сипатқа ие болған кезінде, құл иеленушілік құрылыс дәуірінде пайда болды. Ірі машиналы өндірістің дамуымен байланысты имперализм дәірінде, сыртқы сауда неғұрылым кең түрде даму ала түсті.

Әлемдік сауда дамуының,  қатысушы елдердің әкелетін пайдаларына сүйену мүлде табиғи нәрсе болып саналады. Халықаралық сауда арқылы елдер өзінің мамандануын дамыта отырып, қолда бар ресурстардың өнімділігін арттырады, сөтіп, өздерінің өндіретін тауарлары мен қызметтерінің көлемін көбейту арқылы, халықаралық әл-ауқатының деңгейін көтеретін құрал болып қызмет етеді.

Халықаралық сауда теориясының негіздерін XVIII ғасырдың  аяғы мен XIX ғасырдың басында ағылшынның аса көрнекті экономистері А.Смит пен Д.Рикардо қалыптастырды. А.Смит “ Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер” кітабында абсолюттік басымдық теориясын қалыптастырды және халықаралық сауданы еркін дамытуға деген елдердің қызығушылықтарын  да ашып көрсетті.

Д.Рикардо “Саяси экономика және салық салудың бастаулары” деп аталатын еңбегінде абсолюттік басымдықтар  қағидасының  жалпы ережесінің болуын, жекелеген жағдайлар ретінде дәлелдеп береді және біріншіден, экономикалық ресурстардың елдер арасында теңдей емес түрде бөлінуін, екіншіден, әртүрлі тауарларды өндіру әртүрлі технологияларды немесе ресурстарды пайдалануды талап ететіндігі туралы салыстырмалы басымдық теориясын негіздеді. Д.Рикардо сондай-ақ халықаралық айырбастың  барлық елдердің мүдделері үшін мүмкін екендігін көрсетті.

Д.Стюард Милл пайымына сәйкес, халықаралық құн теориясы, елдер арасындағы тауарлар алмасуын оңтайландыратын бағаның өмір сүретіндігін көрсетеді. Мұндай нарықтық баға сұраныс пен ұсынысқа қатысты болады.

Эли Хекшер мен Бертиль Олин, өндіріс факторлары мен қамтамасыз етілгендік  деңгейде, белгілі бір өнімдерге қатынасы бойынша қандай бір ел ие болатын, салыстырмалы басымдықтарға түсініктер береді. Олар “өндіріс факторларына бағаларды теңестіру” теориясын алға жылжытты, ол бойынша ұлттық өндірістік айырмашылықтар өндіріс факторларының әртүрлі мақсатымен, сондай-ақ қандай да бір тауарларға деген ішкі қажеттіліктердің түрлілігімен анықталады.

Аталған теорияларды экономист ғалымдар П.Самуэльсон, В.Стапер, В.Леонтев жетілдіріп және оны одан әрі дамытты.

Соңғы кезде зерттеушілердің көпшілігі классикалық теорияның бастапқы жағдайын қабылдай отырып, өз тұжырымдарын тәжірибеде икемдеп қолдануға тырысатындықтары байқалады. Әлемдік шаруашылық байланыстарының, оның ішінде халықаралық сауданың тұрақты дамуы, сыртқы экономикалық байланыстардың шаруашылық жүргізудің маңызды факторларына айналуы, жекелеген елдердің экономикалық тәулсіздігінің проблемаларын жаңаша түрде қояды.