- •1.Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •4.Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз
- •8 Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •15. Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз
- •16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз
- •18.Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз
- •19.Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.
- •Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.
- •Н. Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа еңгізген төңкерісі.
- •Таным мәселелерi
- •35. М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз
- •36. З.Фрейдтің адам психикасын қандай қабаттарға бөлетіндігіне тоқталыңыз
- •37. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз
- •38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.
- •39. Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйекте.
- •40. Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.
- •41. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
- •42. Дүниені танып білудегі синергетика ілімінің қосқан үлесін көрсетіңіз
- •43. Қазіргі ғылымдағы материя жөніндегі жиналған деректер туралы айтып беріңіз
- •44. Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талда.
- •45. Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз
- •46. Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір.
- •48. Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз
- •49. Мораль және дін. Бүгінгі қоғамдағы діни секталардың өсуінің себебіне тоқталыңыз
- •50. Жаһандану үдерісі. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан
42. Дүниені танып білудегі синергетика ілімінің қосқан үлесін көрсетіңіз
Синергетика – әр түрлі салалардағы көпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі жүйелердегі өзіндік ұйымдасу заңдылықтарын қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми бағыт. Ол жүйенің жеке ерекшеліктерін ескерместен, жалпы үлгілер негізінде оның дамуының ортақ механизмдерін ашып көрсетеді. Қазіргі кезде синергетика әу баста пайда болған жаратылыстану саласында ғана емес, әлеуметтану, философия, психология сияқты гуманитарлық салаларда да жиі қолданылады. Синергетикалық көзқарас көп нұсқалы, ықтималдығы мол, өздігінен ұйымдасатын дүниені бейнелейтін, жаңаша ойлау стилінің қалыптасуының негізі болып танылады.
ХХ ғ. 80 ж.ж. Батыста "синергетика"(бірге іс-әрекет жасау мағнасын береді) ілімі пайда болды. Оның негізін қалаған И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика – ашық және өз-өзіне толығынан тең емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеру, даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал, енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік.
Расында да, бұл Дүниеде бәрі де бір-бірімен байланысты болғаннан кейін "жабық жүйе" болуы тіпті де мүмкін емес. Бұрынғы Кеңес қоғамының артта қалуының себептерінің біріне Батыс елдерінен өзін жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал соғыстан кейінгі Албанияны алсақ, Батыс пен Шығыстан жабылған ол ел - Еуропаның нақ ортасында болса да - қайыршылық деңгейге жеткен жоқ па?
Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмайтыны да айдан-анық, өйткені, ол жүйеге неше-түрлі басқа заттар мен құбылыстар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ, бүкіл Дүниені біртұтас "Үлкен Жүйе" ретінде қарасақ, онда оның тепе-теңдігін кім, я болмаса, не бұзады?,- деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым оны вауумнан көреді.
Енді "өзіндік ұйымдасу" ұғымына келер болсақ, бұл идея философия тарихында көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы дамуға мүмкінгі бары жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ, өлі табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін "теормодинамиканың екінші бастамасы", яғни, табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаосқа айналу) заңы "өзіндік ұйымдасу" идеясына өз кедергісін тигізген болатын. Сондықтан, биология саласына Ч.Дарвин еңгізген "эволюция, күрделену" заңдылықтары, жалпы жаратылыс тану ғылымында үлкен қайшылықты тудырды. Бір жағынан энтропия заңдылығы Дүние бара-бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші жағынан, биология ғылымы тіршіліктің үне бойы күрделенуін мойындады. Міне, синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді.
Синергетика ғылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық үрдістегі конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін көрсетеді. Бір жағынан Дүниеде ыдырау, шашылу, тарау үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, дамуды байқауға болады.
Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсақ, ол Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, ой өрісі дамуына) ортақ болып шықты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес жүйе алғашында бірте-бірте күрделене және тәртіптене түсіп, ақырында өзінің бейтұрақтық бифуркациялық (әр тараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, практикалық түрде, әрі қарай тұрақты дамудың сан-қилы жолдары ашылады. Жүйенің қай жолға түсетіні – белгісіз тек оны анықтайтын "Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық". Ол даму механизмінің қажетті кілті. Сонымен, бұл теорияның "ақылға симайтын" ғажап жағы – кездейсоқттың дамудағы ерекше рөлі. Шексіз кездейсоқтықтардың біреуі "таңдалғаннан" кейін, жүйе жаңа тұрақты даму барысына көшеді (келесі бифуркациялық нүктеге дейін).
Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің әрі қарай даму жолын алдын-ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Әрине, компьютерлік бағдарламалар арқылы біршама даму жолдарын анықтауға болады. Дегенмен де, жүйенің қай жолмен әрі қарай дамитыны әрқашанда белгісіз болып қала береді. Сонымен, даму барысындағы көптінділік мойындалды да, бұрынғы классикалық біртінділік даму заңдылықтары (заттың дамуының бастауын, қазіргі ақуалын зерттеп болашақта не болатынын болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды.
Синергетика іліміндегі флуктуация ұғымының (болар-болмас нәрсенің бейнақтылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына түсіріп жіберу мүмкіндігі) қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор. Қоғам өміріндегі даму үрдістері бифуркациялық нүктеге жақындаған кезде, қайсыбір кездейсоқтық оқиға, тіпті жеке адамның іс-әрекеті, ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін.
Сонымен, синергетика - философиялық-методологиялық дәрежеге көтерілген соңғы жылдардағы теория десек қателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқасында біршама диалектикалық категориялар – мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат, қайшылық, себептік т.с.с. - өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда басқаша елеулі мағнада қолданыла бастады.