Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бахытгул 1.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
55.09 Кб
Скачать
    1. Сөйлесім әрекетінің түрлері

Оқылым. Ғылыми-әдістемелік еңбектерде оқылымға графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу тұрғысында анықтама берілген. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда, сыныптарда үйрету нәтижелі болу үшін, оқылым үдерісі мен дауыстап оқуды ажырата білген дұрыс. Бұл ретте оқылым – берілген материалдарды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу болмақ.

Тәжірибеге сүйене айтсақ, оқылымның сөйлесім әрекетінің ерекше бір түрі ретіндегі маңызы төмендегіше:

● Тіл үйренушінің оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпарат-хабардың барлығын ала отырып, сәйкесінше тілдік қарым-қатынаста керегіне жарататындығы;

● Әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жинақталған адамзаттық тәжірибелердің тілдік қатынасты жетілдіретіндігі. Мәселен, ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше жоғары болатындығына мән беріңіз;

● Тіл үйренушінің көңілге түйгенін жинақтауға, сұрыптауға, тұжырымдауға дағдыландыратындығы.

Тілді үйрену барысында жүргізілетін оқу түрлері мыналар: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу; танымдық оқылым, зерделік оқылым, ізденімдік оқылым, көрсетімдік оқылым; мәтінді толық түсініп оқу, жартылай түсініп оқу, интенсивті және экстенсивті оқу, сөздікпен және сөздіксіз оқу, күрделі және жеңіл оқу, т.б. Демек, оқылым – күрделі сөйлесім әрекеті.

Жазылым – қазақ тілін үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс. Тілді меңгеруде жазылымның жҥзеге асырылу жолдарын мыналар:

● жазбаша сөйлесімнің лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерін тану;

● жазуды үйретудің басты алғы шарттарын білу;

● қазақ тілін сауатты үйрету үшін, тіл үйренушілерге ұсынылатын жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлауды ескеру;

● қатысымдық қызметке сәйкес қазақ тілін үйрету үшін жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесін игеру. Мәселен, мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалардағы мазмұндама жұмыстары; жазба жұмыстардың үздіксіз тексерілуінің қажеттігі; тіл үйренушінің жазба жұмыстарын орындау мүмкіндігін жеке сөздерге қарап емес, тұтас мәтіннің не тапсырманың мазмұн-мағынасын түсіну дәрежесіне қарай бағалаудың керектігі.

● жазбаша жұмыстардың орындалуы барысында және жазылымға қатысты тілді оқыту кезінде үйренушілердің нені білуі қажеттігін ескеру. Мысалы, суреттерді, заттарды, кейбір іс-әрекеттерді бейнелеп жазып, қысқаша әңгімелеп білуі; Естігенін не оқығанын қысқаша жаза

білуі, т.б.

Тыңдалым (аудирование) – оқу үдерісінде кең орын алатын, тіл үйренушілер,

дидарласушылар арасында қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау, ұғу. Бұл орайда төмендегідей мәселелердің әдістемелік қырларына үңілуді қажет етеді:

● Тыңдалымды жете меңгеруге қатысты белгілерді үйрету;

● Тыңдалымға арналған мәтін ерекшеліктерін ескеру. Бұған ғалым-әдіскер Ф.Ш. Оразбаева: «Жалпы аудиомәтінді дұрыс таңдап алу – бүкіл тыңдалым процесінің сапалы өтуіне әсер ететін бірден-бір пайдалы алғышарт. Мәтін өте қиын болса, оқушылардың түңілуіне әкеліп соғады. Егер өте жеңіл болса, тіл үйренушілердің қызығушылығын жойып, жалықтырып жібереді», – деп тұжырым жасайды.

● Тыңдалым нәтижелігіне акустикалық ережелерді дұрыс меңгерудің әсерін ескеру;

● Тыңдалымға арналған мәтінмен жұмыстағы тіл үйретуші мен тіл үйренуші арасындағы жоспарлы іс-әрекеттің жҥзеге асуы;

● Мәтінді жан-жақты меңгеру үшін берілетін тапсырмалар жҥйесін білу;

● Тіл үйренушілерде болуы тиіс психологиялық қасиеттердің болуын қадағалау;

● Тыңдалым үдерісінің мақсаты жүзеге асуы үшін назар аударылар факторларды

ескеру;

● Тыңдалымды жете меңгеруге қатысты алғышарттарды жүзеге асыру;

● Тыңдалымға терең үйретудің әдістемелік жолдарын білу;

● Тыңдау арқылы сөзді толық қабылдауға, үйренуге кедергі келтіретін шарттарды

алдын-ала ескеру;

● Тыңдалымды меңгеруде кездесетін кедергілерді жою жолдарын қолдану, т.б.

Айтылым. Мемлекеттік тілді оқытудағы ең басты мақсат – тіл үйренушіні сөйлеуге, айтар ой-пікірін жеткізе білуге үйрету. Демек, айтылым – адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі болмақ. Ал бұл ретте:

● Айтылым әрекетіне қатысты сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан нормаларын меңгеру;

● Айтылымда қазақша сөйлеуге үйретудің сапалылығын жүзеге асыруда ескерілер басты жағдайларды білу;

● Сөйлеуге үйрету кезінде қойылатын шарттарды меңгеру дұрыс.

Сондай-ақ, бұл күрделі мәселеде баса ескерілер тұстың бірі - үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік болмаса, сөйлеудің қаншама жолдарын меңгергенмен, ол жасанды рөл атқарады да, бірте-бірте өзінің өміршеңдігін жоятындығы. Демек, бұл бағытта да ойлану әрқайсымызға қажет деп білеміз.

Тілдесім – сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.

Тілдесім (общение) – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі. Тілдесім арқылы адамдар білетін ақпарат-деректермен алмасады, олар тілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар өмірлік тәжірибелерді, дағдыларды, жақсы іс-әрекеттерді де бір-бірінен үйренеді. Тілдесім тіл үйренушілерді рухани қарым-қатынасқа жетелейді, тілдесу арқылы олар бір-бірімен ой бөліседі, пікірлеседі, түсініседі. Тілдесудің нәтижесінде адамдар көңіл-күйлерін бөліседі, бірінің жан дүниесінен екіншісі хабардар болады, біріне-бірі қол ұшын береді. Ол да өмірдегі ең маңызды факторлардың бірі. Тілдесім – адамдардың бір-бірімен түсінісуі ғана емес, сонымен қатар бір-біріне ойы, көзқарасы, пікірі т.б. жағынан ықпал етуі. Бұл – қоғамда қызмет етіп, өмір сүруші адамдардың тіл арқылы барлық жағдайға байланысты өзара әсері.

Тілдесім арқылы болатын әсер әр түрлі болуы мүмкін: а/ жағымды не жағымсыз әсер; ә/ ашық не жасырын әсер; б/ тікелей не аралық әсер; в/ негізгі не қосалқы әсер;

Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады.

Ресми тілдесім – тіл үйренушілерге ресми қарым-қатынастың элементтерін үйрету, ондағы сөз қолданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарға қатысты меңгерту.

Бейресми тілдесім – оқушыларды ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, адаммен қарапайым қарым-қатынастың элементтерін білуге үйрету. Бұл – өмірде болатын кез келген жағдайда таныс болсын, бейтаныс болсын ұшырасқан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген сөз.

Қалыптасқан /формальный/ тілдесім – әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі. Адамдар жастың өсуіне қарай – бала, әке, ана, туыс т.б. тәрізді табиғи кезеңдерден өтеді. Олардың әрқайсысының қалыптасқан өзіндік ролі бар. Адамдардың осындай қарым-қатынасына негізделген сөйлесуді қалыптасқан тілдесім деп атауға болады. Өсе келе әр бала әке не ана болады, аға не әкпе болады, бұл – күнделікті адамдық қарым-қатынастың ең негізгі және ең жиі кездесетін үлгілері, адамдар осы тұрғыдан да бір-бірімен тілдесіп, түсінісе білуі заңды.

Кәсіби тілдесім – тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Оқушылар арасындағы тілдік қатынасты әр түрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуға болады, соған қарай құруға тура келеді.

Адамның қоғамдағы орнын, беделін, қызметін ескере отырып құрылатын тілдік қарым-қатынас – әлеуметтік тілдесім болып табылады. Мұнда сөйлеуші адамдар бір-бірінің қоғамдағы әлеуметтік роліне, атқарып отырған қызметіне, жасына, жолына т.б. қарап тілдеседі. Қазақ тілін үйренушілерге мұны да білудің өмірлік қажеттігі бар.

Дербестік тілдесім – адамның қызметіне, беделіне, әлеуметтік орнына қарамай, жеке басының қасиеттеріне қарай, өзіне тән барлық ерекшеліктерін. ескере отырып, тілдесу, сөйлесу. Бұл – кісінің жеке адамшылығын, білгірлігін, ақылдылығын танып, оны үйрене білумен қатар жүреді. Дербестік тілдесім – оқытушы мен оқушының тең дәрежеде, бірін-бірі құрметтей, бірінің кісілігін бірі танып тілдесуге мүмкіндік жасайды, тілдік қатынасты арттырады, адамдардың өзара достасуына, түсінісуіне жол ашады. Сондықтан мұндай тілдесімді меңгерген бүгінгі шәкірт ертең жақсы ұстаз болатындығына сенуге болады. Әрине, тілдесім процесі тілдік қарым-қатынасты іске асырудың амалдарын, тәсілдерін, жолдарын меңгеруге де тікелей байланысты. Бұл ретте тіл үйренушінің адамдармен тез тіл табыса білуі немесе мінез-құлқы да елеулі роль атқарады. Тілдесім әрекеті кезінде адаммен тез түсінісу үшін, мынадай қасиеттерді ескеру керек:

а/ Сөйлесуші адамның көңіл-күйін сезіну және білу.

ә/ Тілдесуші адамдардың бір-біріне деген құрметі, сыпайыгершілігі.

б/ Адамды сөзге тарта білу.

в/ Әңгімелесу кезінде сөйлесушіні қолдай білу, шабыттандыра білу.

е/ Пікірлесуді жалғастыра білу т.б.

Тілдік қатынастың негізі – сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін меңгеру болса, сөйлесім әрекетінің нәтижесі тілдесім үрдісін игеруден тұрады. Өйткені тілдесім процесі сөйлесім әрекетінің барлық түрін іске асырумен және сөйлесім әрекетінің ерекшеліктерін меңгерумен байланысты: тілдесім арқылы оқыту, тілдесім арқылы жазғызу, тілдесім арқылы тыңдату, тілдесім арқылы айтқызу. Сондықтан тілдесім – барлық оқыту процесінің маңызды тірегі, қажетті шарты.

Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім екі түрлі болады:

І. Тікелей тілдесім.

ІІ. Жанама тілдесім.

Тікелей тілдесім – адамдардың бір-бірімен көзбе-көз, ауызба-ауыз, бірін-бірі тікелей көру арқылы тілдесуі; оқытушы мен оқушының тікелей көзбе-көз қарым-қатынасы. Тікелей тілдесім кезінде оқушы мен оқытушы бірін-бірі көзбен көріп, құлақпен естіп отырады. Мұнда тіл үйренушінің әр қимылы, ишарат белгісі, бет әлпеті – бәрі оқушыға тікелей әсер етеді.

Жанама тілдесім – тіл үйренуші мен үйретушінің бірін-бірі көрмей-ақ, берілген тапсырмаларды орындап, қажетті жұмыстарды атқару арқылы қарым-қатынаста болуы. Мұнда адамдар тікелей сөйлеспейді, аралық амал-құралдар арқылы жанама тілдік қатынаста болады.

Тілдесімнің атқаратын функциялары /қызметтері/ мынадай:

Әлеуметтік қызмет –тілдесім арқылы адамның ой-пікірі, көзқарасы әлеуметтік дәрежеге көтеріледі. Тілдесім әрекеті адамға қоғамдық ортадан өз орнын табуға көмектеседі, адамдармен пікірлесуге, түсінісуге жол ашады. Сонымен бірге қоршаған орта адамға әсер етіп, тілдесу арқылы оқушының сана-сезімі өседі, адам өзін қоғамдық ортада дұрыс ұстауға үйренеді, мәдениетті сөйлеуге, үлкендердің тағылым сөздерін жадында сақтауға тырысады.

Танымдық қызмет – тілдесудің нәтижесінде тіл үйренуші білмегенін біледі, үйренеді, әр түрлі адамдарды таниды, көреді, кісі бойындағы жақсылыққа үйренеді, жақсы сөзді жаман сөзден ажыратады, дұрыс іс-әрекетті нашар әрекеттен айырады, жалпы танымдық қасиеттерді меңгеріп, өз бойына сіңіруге мүмкіндік алады.

Мағлұматты қызмет – тілдесудің негізгі қағидаларын меңгеру арқылы оқытушы мен оқушы ақпараттық материалдармен танысады. Сол сияқты әр түрлі мағлұматтармен алмасады. Өмірде кездесетін көптеген хабарлар жөнінде пікір алысады.

Қоғамдық қызмет – тілдесу арқылы адамдар бірігіп, ортақ мақсатты іске асырады, топталып, ұйымдасып жұмыс істейді; қоғамдық істер атқарады; ұжымдық күрделі әрекеттерді ұйымдастырады. Осындай жолда бір-бірімен түсініседі, пікірлесіп, сөйлеседі т.б.

Эмоциональдық қызмет – тілдесім адамдардың бір-бірімен сезімін, көңіл-күйін бөлісуге мүмкіндік жасайды. Сөйлесу, білісудің нәтижесінде бірінің мінезін екіншісі түсінеді, соған қарай әрекет етеді.