Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гология.docx
Скачиваний:
138
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
34.93 Кб
Скачать

Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тектоникалық таулары

Алтайдың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы - Ақтау (Мұзтау) (4056 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді (мыс., Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т.б.). Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына үзын, кейде кең дала деп аталатын тектоник. тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.

Торғай құрылымдық-денудациялық тегістелген жазығы

Торғай даласы деген кең ұғым. Мұнда Торғай қолаты деген таным бар. Торғай аңғары – Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастыратын өңір. Жеріміздің солтүстік-батысында солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 шақырымға созылады. Ені 20-70 км аралығында. Ғалымдар зерттеуінше Торғай қолаты кезінде Батыс Сібір мен Тұран теңіздерін қосатын бұғаз болған сыңайлы.

Орал сырты мен Мұғалжардың эрозиялық-тектоникалық ұсақшоқылары мен төментаулары, денудациялық жазықтары

Мұғалжар Тауы– Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірініңқұмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абс. биіктігі 250 м-ден аспайды.

Солтүстік Арал маңының құрылымдық-денудациялық және аккумуляциялық жазықтары

Арал теңізінің солтүстігінде және Орал сыртының оңтүстік-шығысында Солтүстік Арал маңы жазығы орналасқан. Бүл аймақ жолақ-жолақ жербедермен, түйық ойыстарымен, терең құрғақ аңғарлармен және жырпларымен айрықшаланады. Оның әжептәуір алқабын "төрткүл-қалдықжонды" жербедерлі Үлкен Борсық, Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұмның құмды сілемдері алып жатыр. Қүмды сілемдер 100-200 м биіктікте орналасқан. Солтүстік Арал маңының жазықтары үш геоморфологиялық ауданға бөлінген: Ырғыз-Шалқар, Шағырай еңістенген дөңдігі және Арал маңы Қарақұмы. Ырғыз-Шалқар ауданы Солтүстік Арал маңының орталық бөлігінде, біршама кең, бойлық бағытта созылған ойпаң ауқымында орналасқан. Оның абсолюттік биіктігі солтүстігінде 160 м, оңтүстігінде 80 м. Мұнда бүкіл аймақтың ең төмен нүктесі - Ырғызбен Торғай өзендері келіп құятын ащы тұзды Шалқартеңіз көлі орналасқан. Ауданның жербедері батысқа қарай да, шығысқа қарай да биіктей түседі, сөйтіп оның батыс жақ жалғасы Шағырай еңіс дөңдігі арқылы (абсолюттік биіктігі 150-200 м) Үстіртпен жапсарласады, батысында биіктігі 160 м кемермен шектеледі. Дөңдік солтүстік және шығыс бағыттарда төмендей отырып, бірте- бірте ғайыл болады. Арал маңы Қарақұмы Солтүстік Арал өңірінің шығыс бөлігін алыл жатыр (абсолюттік биіктігі 118 м). Құмды сілемдер көнелігі алуан түрлі түзілім түйірлерінің желмен үргіленуі нәтижесінде қалыптасқан. Геоморфологиялық жағынан құмның үш түрі ажыратылады: бекімеген-шағылды, бекіген-төбешікті және шеткі жайпақ толқынды.

Орал-Ембі денудация үстірті батысында Каспий маңы етегімен, оңтүстігінде Үстірт жонымен, ал шығысында Мұғалжардың төменгі етегімен, Шошқакөл биігі және Шағырай үстіртімен шектеседі. Геоморфологиялық шекаралар қабылданған геологиялық аудандастырумен сәйкес келмейді. Аталып отырған үстірт құрылымына қарай тұзды тектоника пайда бола бастаған сипатты белгілерімен Каспий маңы синеклиздарының шығыс бөлігін, жоғарғы полезойдың мықты қалдықтар қалыңдығы (10 шақырымға дейін) мезозой мен кайнозойдың көлбеу қалдықтарымен тұтастай дерлік жабылған Орал алды өлкелік иінінің бөлігін және Үстірті қыраттары мен Тұран тақтасына жататын бір кездегі біртұтас Үстірт алды жазықтығының оңтүстік шығысын алып жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]