Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гология.docx
Скачиваний:
138
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
34.93 Кб
Скачать

Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты менСолтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. 

Қазақстан Республикасы: Жер бедері. Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңт.-батыс, солт. және орт. аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңт.-шығысы биікт. 5000 – 6000 м-лік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топогр. жер бедері оңт.-шығыстан солт.-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий т., Арал т., Балқаш к. сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңт.-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий т-нің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан.

Солтүстік Қазақстан аккумуляциялық жазығы

Бұл жазық Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде - 100 м. Солтүстік Қазақ жазығы палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптаскан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек. Сондықтан да көп тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңкырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі.

Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді. Олар - Есілдің жазық орманды даласыТобыл-Обағанның жазық даласыЕсіл-Ертіс даласы және Ертіс-құлынды жазығы.

Орталық Қазақстан ұсақшоқылары

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы казба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.

Шу-Сарысу ойысының құрылымдық-денудациялық және аккумуляциялық жазықтары

Шу мен Сарысу өзендерінің аңғарында еңі 2-6 шақырымнан 10-30 шақырымға дейін жететін. Окумулятивті жазықтар тізілген Сарысу өзеңінің аңғарында екі жайылма үсті текшелері бар. Екінші биік жайылма үсті текшесінде тақырлардың сорлар мен сортандардың көп болуымен ерекшеленеді.

    Шу өзеңінің аңғарында  үш жайылма үсті текшесі, биік және аласа жайылмалары бар. Үшінші жайылма үсті текшесі жел үрлеген құмды – сазды жыңыстардың қабатынан тұрады. Ол жоғары гипсометриалық деңгейімен ерекшеленеді Мойынқұмдағы абсалют биіктігі 330 метр. Екінші жайылма үсті текшесі өзен арнасынан 180 метр биіктіктен шығысында 30-40 метрге дейін төмендейді. Шу- Сарысу ойысының жер бедерінің дамуы жер бедерінің денудациялануы жүріп үгілу қабаты түзілген мезозой эрасының ор дәуірінін екінші жартысында басталды. Көршілес жатқан Сарыарқамен Шу, Іле, Тянь-Шань тауларының көтерілуі эрозияны күшейтіп, ежелгі өзен торлары арқылы ойысқа мезозой – каназой жасындағы тау жыныстарының шөгуін күшейтті. 

Шумен Сарысу өзендерінің сағасы тектоникалық ойыстағы Арттырауға айналып бірнеше салаларға бөлініп көлдер түзілген. Жер бедері дефиациялық шұнқырларға бөлініп көлдер тұзілген.Жер бедері дефляциялық шұнқырлармен, көтерілген төбесі текшелі қалдық дөңдермен эолдық түзілістердін алқаптарымен күрделенген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]