- •"Электротехника"
- •2 Сурет
- •3 Сурет
- •4 Сурет
- •Кирхгоф және ом заңдары бойынша тұрақты токтың тармақталған сызықты электр тізбегін зерттеу
- •1.3 Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындау тәртібі
- •1.4 Бақылау сұрақтары:
- •Сызықтық электр тізбектерін беттестіру әдісімен зерттеу
- •Қуаттар балансы
- •2.3 Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі
- •2.5 Бақылау сұрақтары:
- •Қабылдағыштары бірізді жалғанған синусоидал токтың электр тізбектері
- •Синусоидалы токтың тармақталмаған тізбегін зерттеу. Кернеулер резонансы
- •4.1 Қысқаша іліми мағлұматтар
- •4.2 Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі
- •4.3. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Синусоидалы токтың тармақталған тізбегін зерттеу. Токтар резонансы
- •5.1 Қысқаша іліми мағлұматтар
- •5.2 Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі
- •5.3. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •№6 Зертханалық жұмыс электр қабылдағыштары жұлдызша жалғанған үш фазалы электр тізбегін зерттеу
- •6.1. Қысқаша іліми мағлұматтар
- •Қабылдағыштардың жұлдызша жалғануы
- •6.2. Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оны орындалу тәртібі
- •6.3 Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •№7 Зертханалық жұмыс электр қабылдағыштары үшбұрышша қосылған үшфазалы электр тізбегін зерттеу
- •7.1. Қысқаша іліми мағлұматтар
- •7.3. Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі
- •7.4. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- •8.2. Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі
- •8.3. Бақылау сұрақтары:
- •Қабылдағыштары үшбұрышша қосылған үш фазалы тізбектегі апаттық режимдер.
- •9.1.Қысқаша мағлұматтар
- •9.2. Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі
- •9.3. Бақылау сұрақтары:
- •Литература
7.4. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Үшфазалы кернеулер жүйесіне анықтама беріңіз.
Егер электр қабылдағыш симметриялы болса, онда фазалық және желілік токтардың ара қатынасы неге тең болады?
Үшфазалы электр қабылдағыш қандай жағдайда үшбұрышша жалғанады?
Үшбұрышша жалғанған электр қабылдағыштың бір фазасының жүгінің өзгеруі басқа фазаларына қалай әсер етеді?
Активті кедергілері Rab=10 Ом, Rbc=20 Ом, Rca=30 Ом жүктеме үшбұрышша қосылған. Қорек көзінің кернеуі Uж =220 В. Тізбектегі фазалық және желілік токтарды анықтаңыз. Қабылдағыштың активті және толық қуаттарын есептеңіз.
№ 8 Зертханалық жұмыс
Жұлдызша қосылған үш фазалы тізбектің апаттық режимдері
Жұмыстың мақсаты:
Жұлдызша қосылған үш фазалы тізбектегі апаттық режимдерді тәжірибе бойынша зерттеу.
8.1.Қысқаша мағлұматтар
Үшфазалы тізбекте не қабылдағыштар қысқа тұйықталып кетсе, не фаза бойынша қабылдағыштарды қорек кернеу көздеріне жалғастырып отырған сымдар үзіліп кетсе тізбекте апаттық режимдер пайда болады. Кейбір апаттық режимдерді талдайық.
Симметриялық жүктемелі бейтарап сымы бар үш фазалы тізбектің фазасы үзілді
Егер үш фазалы тізбектің А-фазасы үзілсе, А-фазадағы ток нөлге тең болады, ал қалған фазалардың токтары өзгермейді (1-сурет).
Сонда бейтарап тогы
IN=IB+IC .
(1-сурет)
Симметриялық жүктемелі үш фазалы тізбектің фазасы үзілді
Бұл апаттық режимде А-фазасы үзілсе кедергілер RB мен RС өзара тең және UBC –ға, желілік кернеу көзіне бірізді қосылады. Әр кедергінің кернеуі өзара тең UBC/2 (2-сурет)
(2-сурет)
А-фазадағы ток пен бейтарап тоғы нөлге тең,
ал
Бейсимметриялық жүктемелі үш фазалы тізбектің бейтарап сымы үзілді
Бейсимметриялық жүктемелі тізбекте бейтарап сым үзілсе барлық фазалардағы токтар мен кернеулер өзгереді. Бұл жағдайды векторлық диаграмма арқылы көрсеткен қолайлы (3-сурет).
(3-сурет)
3-суреттегі тізбектің векторлық диаграммасында жүктеменің нөль нүктесі генератордың нөль нүктесімен бірлеспейді. Екеуінің арасында жылжыту (ығысу) кернеуі UnN пайда болады және жылжыған жүктеменің нөль нүктесінде фазалық токтардың алгебралық қосындысы нөльге тең болады.
Үш фазалы тізбектің фазалық жүктемесін қысқа тұйықтау
Бейтарап сымды үш фазалы тізбектің фазалық жүктемесін қысқа тұйықтасақ сол фазадағы ток өте жоғары өсіп кетеді. Бұл жағдай апаттық режимді туғызып қабылдағыштарды қорғау әрекетін тудырады.
Егер үш фазалы тізбекте бейтарап сым болмаса «А»-фазадағы жүктеме қысқа тұйықталса жүктеменің нөль нүктесі фазаның А-нүктесімен бірлеседі. Сонда «В» және «С» фазалардың кедергілері сәйкес желілік кернеулерге тәуелді болады. Бұл фазалардағы токтар √3 есе , ал «А» фазадағы ток 3есе өседі (4-сурет). Сондықтан фазалық жүктемелерді қысқа тұйықтау апаттық режимдерді тудырады.
(4-сурет)
8.2. Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі
2.1. 5-суретте келтірілген сұлбаны жинаңыз. Үш фазалы тізбектің жүктемесі симметриялы болу үшін кедергілеріңіз RA=RB=RC=1кОм.
Ескерту: УИЛС-1 стендте кедергілерді заводтың маркалық нөмірімен алған дұрыс:
RA-07 ; RB-07; RC-07 ; не
RA-05 ; RB-05 ; RC-05 .
Токтар мен кернеулерді виртуалдық аспаптармен не универсалдық Щ-43 ампер-вольт-Ом-метрмен өлшеу керек. Өлшенген мәндерін 1-кестеге жазыңыз.
2.2. Токтардың және кернеулердің мәндері өзгермейтініне сену үшін бейтарап сымды үзу керек. Токтардың және кернеулердің мәндерін өлшеп, 1-кестеге жазыңыз.
2.3. 1-кестеде келтірілген тапсырмаларды орындап, әртүрлі режимдерде өлшенген токтар мен кернеулердің мәндері бойынша векторлық диаграммаларын сызу керек.
1-кесте.
Режимдер |
UA, B |
UB, B |
Ua, B |
UnN, B |
IA,MA |
IB,MA |
IC,MA |
IN,MA |
RA=RB=RC=1кОм Сұлбада бейтарап сым бар |
|
|
|
|
|
|
|
|
RA=1 кОм RB=680 Ом RC=330 Ом Бейтарап сым үзілген |
|
|
|
|
|
|
|
|
RA=RB=RC=1кОм Бейтарап сым бар; А-фазасы үзілген |
|
|
|
|
|
|
|
|
RA=RB=RC=1кОм Сұлбада бейтарап сым жоқ; А-фазасы үзілген |
|
|
|
|
|
|
|
|
RA=RB=RC=1кОм Сұлбада бейтарап сым жоқ; А-фазасы қысқа тұйықталған |
|
|
|
|
|
|
|
|