Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Палеонтология

.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
39.42 Кб
Скачать

Палеонтология және оның мәселелері.

Тарихи геологияның тақырыбы – Жердің пайда болған кезінен бүгінге дейінгі тарихын зерттеу. Нәтижесінде литосфераның, атмосфераның, гидросфераның және биосфераның жаралу себептері мен дамуын анықтайды. ландшафт, климаттық және геодинамикалық жағдайларына сипаттама береді. таужыныстардың пайда болған уақыты мен жатыс жағдайларын және олармен байланысты пайдалы қазбаларды анықтайды. Жердің ұзақ тарихы (шамамен 5 млрд жыл) көптеген әр қилы оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге толы. Тарихи геология өткенді хронологиялық ретпен қарастыра отырып, біздің планета мен жер қыртысының жалпы даму заңдылықтарын белгілеп, әр кезеңіндегі геологиялық тарихының ерекшеліктерін айқындайды.

Таужыныстар құрамында сақталған жәндіктер мен өсімдіктердің қалдықтары біздің планетамыздың өткен өмірінің куәлары болып, Жер тарихы мен тіршіліктің дамуын біртұтас құбылыс деп қарастыруға мүмкіндік береді.

Тарихи-геологиялық зерттеулер бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әр қилы әдістерге негізделген. Сонымен, тарихи геологияның алдында тұрған негізгі мәселелер:

  1. таужыныстардың жасын анықтау;

  2. жербетінің геологиялық өткен замандағы физикалық-географиялық жағдайларын қалпына келтіру;

  3. вулканизм, плутонизм мен метаморфизм тарихын қалпына келтіру және түсіндіру;

  4. тектоникалық қозғалыстар тарихын қалпына келтіру;

  5. жер қыртысының құрылысын және даму заңдылықтарын анықтау.

Палеонтология – қазба организмдер туралы ғылым. Ол қазба организмдер түрінің құрамын, морфологиясы мен өзгергіштігін зерттеп, олардың тіршілік еткен уақыты мен түрдің таралу ареалын және көне организмдер тіршілігінің ерекшеліктері мен олардың қоршаған ортамен ара қатынасын анықтайды, жануарлар мен өсімдіктер ірі топтарының жүйеленуі мен эволюциясының мәселелерін шешеді.

Палеонтология өз кезегінде палеозоология мен палеоботаникаға бөлінеді. Палеозоология өткен геологиялық замандардағы жануарлар әлемін зерттеп, омыртқалылар палеозоологиясы мен омыртқасыздар палеозоологиясына жіктеледі. Өлшемдері өте кішкентай органикалық қалдықтар (қарапайымдар, конодонттар, остракодтар және т.б.) микропалеонтологияның нысандары болса, ал ежелгі өсімдіктердің споралары мен тозаңдары – палинологияның нысандары.

Қазба организм қалдықтары (фоссилиялар) көбінесе таснұсқалар деп аталады. Олар ежелгі организмдердің қаңқасы мен оның бөліктері, ішкі және сыртқы ядролары, таңбалары, тіршілік іздері (биоглифтер) болып табылады. Қазба организмдердің сақталуы көптеген факторларға байланысты, олардың негізгілері: физикалық-географиялық пен климаттық жағдайлар, тасымалдану сипаты мен шөгіндінің типі. Фоссилиялар жақсы сақталу үшін ең қолайлы жағдайлар сулы ортаға тән, сондықтан қазба организм қалдықтарының көпшілігі теңіз жағдайларын сипаттайды.

Палеонтология ғылыми пән ретінде тарихи геологиямен бір уақытта және өте тығыз байланыста пайда болды. Бұл ғылымның негізін қалаушы Ж.Кюве (1796–1832) саналады. Ол апатттар теориясын қалыптастырған. Ч.Лайель (1797–1875) өзінің “Геология принциптері” атты еңбегінде осыған дейін жинақталған көп фактілік материалды талдау арқылы униформизм принциптері теориясын жасады. Ч.Дарвин (1809–1882) түрлердің өзгергіштігі мен олардың ара қатынасын анықтап, органикалық әлемнің эволюция жолдарын түсіндірген. Эволюция теориясын ары қарай басқа ғалымдар жалғастырды.

Қазба қалдықтарды зерттеу әдістері

Қазба организм (брахиоподтар, моллюскілер, инетерілер және басқалар) қалдықтарын макроскопиялық зерттеуден өткізеді. Қаңқа құрылысын түбегейлендіру үшін оны кесу, жылтырлау, таңбалау жүргізіледі. Басқа қазба қалдықтар (фораминиферлер, губкалар, археоцаттар, ішекқуыстылар және басқалар) бағдарланған палеонтологиялық шлифтерде зерттеледі. Кейбір микроскопиялық нысандар таужыныстарды қышқылдарда еріту жолымен алынатын арнайы препараттарда зерделенеді.

Тақырыбы: Палеонтология және оның мәселелері

О Орындағандар: Тұрар Бағлан, Тұрғанбек Сырым

Тобы: ГРБ-13-4қ

Палеонтология және оның мәселелері

Тарихи геологияның тақырыбы – Жердің пайда болған кезінен бүгінге дейінгі тарихын зерттеу. Нәтижесінде литосфераның, атмосфераның, гидросфераның және биосфераның жаралу себептері мен дамуын анықтайды. ландшафт, климаттық және геодинамикалық жағдайларына сипаттама береді. таужыныстардың пайда болған уақыты мен жатыс жағдайларын және олармен байланысты пайдалы қазбаларды анықтайды.

Жердің геологиялық ландшафтылары

Палеонтология және оның мәселелері

Жердің ұзақ тарихы көптеген әр қилы оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге толы. Тарихи геология өткенді хронологиялық ретпен қарастыра отырып, біздің планета мен жер қыртысының жалпы даму заңдылықтарын белгілеп, әр кезеңіндегі геологиялық тарихының ерекшеліктерін айқындайды.

Тарихи-геологиялық зерттеулер

Тарихи-геологиялық зерттеулер бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әр қилы әдістерге негізделген. Сонымен, тарихи геологияның алдында тұрған негізгі мәселелер:

  1. таужыныстардың жасын анықтау;

  2. жербетінің геологиялық өткен замандағы физикалық-географиялық жағдайларын қалпына келтіру;

  3. вулканизм, плутонизм мен метаморфизм тарихын қалпына келтіру және түсіндіру;

  4. тектоникалық қозғалыстар тарихын қалпына келтіру;

  5. жер қыртысының құрылысын және даму заңдылықтарын анықтау.

Палеонтология және оның мәселелері

Палеонтология – қазба организмдер туралы ғылым. Ол қазба организмдер түрінің құрамын, морфологиясы мен өзгергіштігін зерттеп, олардың тіршілік еткен уақыты мен түрдің таралу ареалын және көне организмдер тіршілігінің ерекшеліктері мен олардың қоршаған ортамен ара қатынасын анықтайды, жануарлар мен өсімдіктер ірі топтарының жүйеленуі мен эволюциясының мәселелерін шешеді.

Жердің даму тарихы

Палеонтология негіздері

Палеонтология өз кезегінде палеозоология мен палеоботаникаға бөлінеді. Палеозоология өткен геологиялық замандардағы жануарлар әлемін зерттеп, омыртқалылар палеозоологиясы мен омыртқасыздар палеозоологиясына жіктеледі. Өлшемдері өте кішкентай органикалық қалдықтар микропалеонтологияның нысандары болса, ал ежелгі өсімдіктердің споралары мен тозаңдары – палинологияның нысандары.

Палеонтология негіздері

Қазба қалдықтарды зерттеу әдістері

Тірі организмдер эволюциясының палеонтологиялық дәлелдемелері

Жануарлар эволюциясының палеонтологиялық дәлелдемелері

Зер салып тыңдағандарыңызға рахмет!