Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

politologia_shpor_1 (1)

.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
88.58 Кб
Скачать

АААААААА

Азаматтық қоғамның құрылымына не жатпайды:

Е) жеке кәсіпкерлік

Авторитарлық саяси режимнің белгілеріне жатпайды:

А) жеке тұлғаның саяси құқықтарының кепілділігі

Аталған елдердің қайсысында екі партиялық жүйе қалыптасқан:

А) АҚШ - та

Авторитарлық саяси режимге тән белгі:

В) мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы

Аристотель, Платон және Ш. Монтескьелер саясатты зерттеудің қандай тәсілін қолданған?

А) компаративтік

Аралас (жартылай президенттік) республикада үкімет кімнің алдында жауап береді:

С) президент пен парламенттің алдында

Авторитаризмге жатпайтын ерекшелік:

С) еркін демократиялық сайлаудың өткізілуі

Азаматтардың саяси мәдениеттің ережелері мен құндылықтарын меңгеру үрдісі қалай аталады?

C) саяси әлеуметтену

Адамның «саяси мақұлық» ретінде сипаттала бастауы қандай тарихи кезеңге сәйкес келеді?

А) антикалық

А.Токвиль қандай мәселені зерттеуге айрықша көңіл бөлген?

А) теңдік пен еркіндіктің тепе – теңдігіне

АҚШ - тың мемлекеттік құрылысы:

В) Территориялық федерация

ӘӘӘӘӘӘӘӘӘ

Әрекет ету уақыты бойынша саяси дау-жанжалдар қалай жіктеледі:

А) ұзаққа созылған және қысқа

Әр түрлі саяси ілімдерде ең жақсылар билік ететін мемлекеттің түрі:

A) Аристократия

ББББББББББ

Биліктің жіктелуі дегеніміз нені білдіреді:

D) биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктелуі

Бағдарламалық ұстанымдары бойынша партиялардың түріне не жатпайды:

Е) парламенттен тысқарылар

Бюрократия – бұл:

D) қабылданған саяси шешімдерді атқаратын тағайындалып қойылатын айрықша топ

Билік түсінігін қайсы жауап толық ашады:

D) адамдардың іс- әрекеті мен мінез ұлқына түрлі құралдардың көмегімен ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі

Биліктің легитимділігінің түріне не жатпайды:

D) репрессивтік

Басқару режимі бойынша билік қалай жіктеледі:

D) авторитарлық және тоталитарлық

Билікті жіктеу концепциясының авторы:

D) Ш. Монтескье

Бихевиоризм – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында әлеуметтану және психология ғылымнан саяси ғылымға ауысқан теориялық әдістемелік бағыт, оның ұстанымы бойынша талдаудың негізгі объектісі...

С) саяси мінез-құлық

Билік пен мемлекеттің және қоғамның саяси-әлеуметтік ұйымдасуының негізгі нысандарының бірі, әдетте мемлекеттің республикалық нысанымен байланысты қарастырылатын саяси режим:

C) демократия

Биліктің жіктелу принципін кім тұжырымдаған:

А) Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.-Ж.Руссо

Биліктің түрлеріне не жатпайды:

Е) қоғамдық пікір

Билікті бір субъектіден екінші субъектіге беру, оның қызмет етуінің тәсілдерінің бірі қалай аталады:

В) билік өкілеттілігін беру

Билік - субъектінің өктемдігімен әлеуметтік қатынастардың қарсылықтарға қарамай өзгертілу мүмкіндігі және бұл өзгеріс мүмкіндіктің неге негізделгендігіне тәуелсіз болады”- деген анықтаманы кім тұжырымдаған:

А) М. Вебер

Бұқаралық саяси мәдениет қандай ерекшелігімен сипатталады?

C) саяси жүйеге салғырт (немқұрайлы) қарауымен

«Бәрі де мемлекеттің бақылауында, мемлекеттен тыс ештеңе жоқ, ешкім де мемлекетке қарсы емес» тезисі саяси режимдердің қандай типін сипаттайды ?

А) тоталитаризм

Бірқатар елдердегі сайлау алды шығындарының ең жоғары шегінің бекітілуі қандай мақсаттан туындаған?

B)үміткерлердің мүмкіншіліктерін теңестіруден

«Бір қауым елді басқару үшін, тәкаббар болғаннан, адамгершілікті болған дұрыс, сондай-ақ қатал болғаннан, мейірімді болған абзал» - деген кім ?

А) Н.Макиавелли

«Белгілі бір әлеуметтік мәртебенің құндылығы мен талабы үшін күрес, билік және бәріне жетпейтін материалдық құндылықтар» деп түсіндіретін қазіргі батыс әдебиетінде көп тараған дау-жанжал анықтамасының авторы:

E) Л.Козер

Басқа билік түрлері үшін мәртебесі жоғары болып табылатын билік түрі

E) саяси

ГГГГГГГГГГ

Гильдий жүйесіне тән ерекшелік:

D) жабықтық

ДДДДДДДДДДД

Демократиялық саяси режим тұсында қандай белгі болмайды:

Е) билік жүргізуші бір партияның болуы

Демократиялық қоғамда билікті жүзеге асырудың құралына не жатпайды:

Е) репрессия

Демократиялық режимге жатпайтын ерекшелік:

Е) армия мен полицияның саясатқа араласуыяЯ

Демократиялық қоғамды құрудың негізгі мәселелері

B) демокртияландыру

Дәстүрлі консерватизм мен либериализмнің идеяларын үйлесімді пайдаланушы идеология – бұл:

А)неоконсерватизм

Демократияның тұғырлық құндылығы - өз қатарында өзге пікірдің орын алуына мүмкіндік беру, оппозицияның ұстанымдарының дұрыстығын мойындай білу қалай аталады:

D) саяси толеранттық

«Демократия» түсінігін әлемге алғаш рет әлемге қай ел ұсынған?

А) Ежелгі Греция

Демократия дегеніміз « халықтың, халық үшін, халық арқылы жүргізетін билігі» - деген сөз кімге тиесілі?

А) А.Линкольнге

Депутаттық орынды әрбір сайлау округында ең көп дауыс алған партия иеленетін сайлау жүйесі қалай аталады:

B) мажоритарлы

«Дау – жанжалдардың жалпы теориясының» авторы:

А) К.Боулдинг

«Дау - жанжал» түсінігі нені білдіреді?

B) қақтығысты

Диктатураға тән белгі:

С) Биліктің шексіздігі

ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ

Екі партиялық жүйе дегеніміз:

В) сайлауда көптеген партиялардың ішінен тек қана екі партияның жеңіске жету мүмкіншілігі болады

Ежелгі авторлардан кім адамды «саяси мақұлық» , - деп қарастырды. Ал кім «сотқа қатынасса және халық жиналысына қатысса, оны азамат деп санаған »?

C) Аристотель

ЖЖЖЖЖЖЖ

Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясы қашан қабылданған?

Е) 10 желтоқсан 1948 ж.

Жеке басқа табынудың пайда болуының алғы шарты:

А) биліктің бір адамның қолында шектен тыс шоғырлануы

Жеке адамның саясатқа араласуының жоғары формасы:

D) кәсіби саяси қызмет

КККККККККК

Көшбасы – ту ұстаушы:

А) бұқараны жұмылдыратын мақсатты дұрыс анықтайды

Көшбасы құбылысын оның соңынан ілесушілеріне қарап түсіндіретін теория қалай аталады:

Е) конституенттер теориясы

«Конституция» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді:

С) құрылым

Көшбасылықтың харизматикалық типі қалай қалыптасқан:

Е) көшбасының ерекше қабілеттілігіне деген сенімнен

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президентінің қызметіне не жатпайды:

Е) үкімет басшысының қызметін атқару

Конфедерация – бұл:

А) мемлекеттердің келісуі негізінде құрылған бірнеше мемлекеттің одағы

Кратология – не туралы ғылым:

А) билік

ҚҚҚҚҚҚҚҚҚ

Қоғамдық өмірдің салалары өзара сәйкес келмейді, саясат моральдан бөлінуі қажет ,- деп алғаш рет кім айтқан:

D) Н. Макиавелли

Құқық пен саясаттың арақатынасы қандай:

D) саясаттың негізінде құқықтық ережелер жатады

Қазақстандағы басқарушы элитаға кімдер жатады:

D) президент және оның командасы

Қазақстан Республикасының Президентін кім сайлайды:

D) халық

Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болды:

В) 1991 ж. желтоқсанынан

Құқықтық мемлекетке тән белгі:

С) биліктің жіктелуі

Қазақстанның саяси жүйесіне не жатпайды:

С) бір палаталы парламент

Қазақстан Республикасы БҰҰ – на қашан мүше болды:

С) 1992 ж. 2 наурызда

Қазақстан Республикасының парламенті қандай билікті атқарады:

С) заң шығарушы

Қандай белгі құқықтық мемлекетте болмайды:

С) мемлекеттің үстемдігі

Қоғамның саяси мәдениетінің құрылымына жатпайды:

В) қоғамның саяси жүйесіндегі субъект

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша биліктің қайнар көзі:

D) халық

Қазақастан Республикасында қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару мекемелерінде қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылады” – деген анықтама қай құжатта кездеседі?

D) ҚР 1995ж. Конституциясында

Құқықтың мемлекетте неге тиым салынады:

Е)жеке таптардың әлеуметтік, ұлттық артықшылығын насихаттауға

Құқықтық мемлекеттің функцияларына не жатпайды:

Е) бұқаралық ақпарат құралдарының үстінен қатаң бақылау орнату

Қоғамның “ақ сүйектер” (билік жүргізуші элита) және “қара халық” (қарапайым халық) деп жіктелуінің негізін кім қалаған:

А) Конфуций

Қазақстан Республикасында қоспалаталы парламентке алғаш рет сайлау қашан өткізілді:

А) 1995 жылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңға қашан қол қойылды:

А) 1991 жылы 16 желтоқсанда

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламент Сенатының депутаттары:

В) барлық деңгейлердегі мәслихаттардың депутаттары сайлайды

Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігі Конституцияға сәйкес неше жыл:

D) 5 жыл

Құқықтық мемлекеттің принциптерін түсіндіретін ұғым:

А) «заң және моральмен тиым салынбаған істердің бәріне рұқсат етілген»

ҚР жергілікті мемлекеттік мекеменің басшысы:

D) әкім

ҚР Парламентінің Мәжілісінде қанша депутат бар:

В) 107

КазССР –нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қашан қабылданды?

А) 25 қазан 1990 ж.

Қоғамның ақпараттық бөлігін дамытуға арналған мемлекеттің реттеп отыратын саясаты...

C) ақпараттық саясат

Қоғамның саяси өмірінде жоғарғы орында тұрған адамдардың шағын тобы...

A) саяси элита

Қазақстан президенттік басқару институты қашан заңды түрде ресімделген:

Е) 1990 жылы

Құқықтық мемлекетте азаматтарға қатысты қандай ұстаным жүзеге асырылады?

А) «Тиым салынбағанның бәріне рұқсат»

Қызметі барысында «билікке ықпал» ету қандай қоғамдық бірлестікке тән сипат?

А) ықпал ету топтарына

Қандай саяси идеология төмендегі құндылықтарға сүйенеді: дамудағы дәстүршілдік, дәстүрге табыну, әлеуметтік өзгерістердің баяу дамуы.

А) консерватизм

«Қоғамның дау-жанжалдық моделі» кімге тиесілі?

А) Р.Дарендорфқа

Қандай тұжырымдамаға сәйкес кез келген қоғам әрдайым өзгеріске ұшырап отырады, саяси дау-жанжал барлық жерде бар, оны зерттеп шешуге тырысу керек:

B) Қоғамның дау-жанжалдық моделі (үлгісі)

ЛЛЛЛЛЛЛЛЛ

Легитимділік дегеніміз - бұл:

В) қоғамның биліктің заңдылығын мойындауы

Либерализмнің негізін құрайтын ұстаным:

C) жеке адамның еркіндігі идеясы

ММММММММ

Мемлекеттің функциясына не жатпайды:

D) қайырымдылық шараларды атқару

Мемлекет тірі организм ретінде пайда болады және дамып отырады дейтін теория қалай аталады (эволюцияланады, қартаяды және өледі):

В) органикалық

Мемлекеттің негізгі белгілеріне не жатпайды:

В) қарудың болуы

Мемлекеттің функциясына не жатпайды:

Е) жеке меншік фирмаларды құру

Мемлекеттің типтерін жіктеудің көне түрлерінің бірін ұсынушы:

А) Аристотель

Мемлекеттің пайда болуы бір топтың екінші топты басып алуында деп түсіндіретін теория қалай аталады:

А) жаулап алу теориясы

Мемлекеттік билік бір адамның қолында болатын биліктің түрі

A) монархия

Мүдделі топтар арасынан ықпал ету топтарын бөлудің өлшеміне не жатады?

А) мүдделерді іске асыруға әсер ету

Маркстік идеология қашан пайда болды

С) ХІХ ғасырдың 40-ы жылдары

М.Бакунин қандай саяси идеологияның жақтаушысы болды?

E) анархизмнің

М.Вебердің көзқарасы бойынша саяси үстемдік – бұл:

B) авторитарлық биліктің бір түрі

М.А.Бакунин, П.А.Кропоткин, Ж.Прудонды не біріктіреді?

B) анархизмнің теоретиктері

НННННННННН

Н.Макиавеллидің негізгі саяси көзқарастары қайсы еңбегінде баяндалған:

D) «Әмірші»

Н.А.Назарбаев саяси көшбасылардың қандай типіне жатады:

А) көшбасы-реформатор

ООООООООО

Облыс әкімін:

Д) облыстық маслихаттың келісімімен Президент тағайындайды

«Отыр да күт, айтады көсем бір үгіт» әдетімен өмір сүру саяси мәдениеттің қандай типіне сәйкес келеді?

B)

партиципаторлық

Орта таптың қоғамдағы рөлі немен айқындалады?

B) азаматтық қоғамның негізін қалыптастыруымен

Ойшылдардың қайсысы мемлекетті Левиафанмен салыстырған ?

E) Т.Гоббс

ИИИИИИИИИ

Индивидтің, таптың, әлеуметтік топтың өзің еркін саясатта іске асыру мүмкіндігі:

А) Саяси билік

ППППППППП

Политияны мемлекеттің идеалдық формасы деп кім айтқан:

С) Аристотель

Парламенттік республикада:

Е) үкімет парламенттің алдында есеп береді

Парлементтің қызметіне не жатпайды:

Е) жергілікті өкілетті мекемелердің арасына төрелік ету

Партология – не туралы ғылым:

С) партиялар

Политияны мемлекеттің идеалдық нысаны деп кім санаған:

С) Аристотель

Парламенттік республиканың негізгі белгілері

E) үкімет парламенттің алдында есеп береді

Партиципаторлық саяси мәдениет қандай ерекшелігімен сипатталады?

B) саяси өмірге қатыспауға бағытталу

Платон өзінің философиялық мектебіне қандай ат қойған?

А) Академия

Партиялар арасында алған дауыс пропорциясына сәйкес мандаттарды бөлетін сайлау жүйесі:

A) пропорционалды

«Позитивтік – құрылымдық дау-жанжал» концепциясының авторы кім?

B) Л.Козерге

РРРРРРРРРРР

Референдум азаматтардың билігін іс жүзінде асырудың қандай түріне жатады?

D) плебисцитарлық

ССССССССС

Саясаттанудың объектісіне не жатады:

С) қоғамның саяси саласы

Саясаттану ғылымы оқу пәні ретінде алғаш рет қайсы елде қалыптасты:

А) АҚШ - та

Саясаттанудың функциясына не жатпайды:

С) дүниетанымдық

Саясаттанудың басты категориясы не:

С) саяси билік

«Саясат» термині қайда пайда болған:

В) Ежелгі Грекияда

Сайлауға қатысушы азаматтар тобы - бұл:

В) электорат

Саяси көшбасының қызметіне жатпайды:

Е) кәсіподақ қозғалысына басшылық жасау

Саяси мәдениеттің функциясына не жатпайды:

Е) әкімшілік

Саяси элита - бұл:

А) қабылданған шешімдерді атқаратын тағайындалып қойылатын айрықша топ

Саяси партия - бұл:

С) билік үшін күресетін пікірлестердің ұйымдасқан тобы

«Саяси әлеуметтену» түсінігі қашан қалыптасты:

D) XX ғ. 50-60жж.

Саясаттың субъектілеріне не жатпайды:

D) саяси идеология

Сайлауға қатысушы азаматтардың тобы:

В) электорат

Сайлау құқығының демократиялық принциптеріне жатпайды:

А) нәсілдік ерекшелік

Саяси биліктің белгілеріне жатпайды:

Е) салық жинау құқығына ие болу

Саяси партиялардың қызметіне не жатпайды:

Е) мемлекеттік шенеуніктерді қызметке тағайындау

Саяси сананың құрылымына не жатпайды:

D) заңдар

Саясаткер арыстанның айбатын түлкінің аярлығымен үйлестіре білуі шарт”- деген сөзді кім айтқан:

А) Н.Макиавелли

Саяси мәдениеттің элементіне не жатпайды:

D) саяси институттар

Саяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы қандай:

А) саяси билік мемлекеттік билікті қамтиды

Саясат ғылымындағы “харизма” түсінігі кімнің қолдануында кеңінен пайдаланылған

А) М.Вебердің

Саяси мәдениеттің типтеріне жатпайды:

Е) әдет-ғұрыптар және дәстүрлер

Саясатты өзара және қоршаған ортамен байланыста болатын элементтердің жиынтығынан құралған біртұтас білім ретінде қарастыратын тәсіл:

D) жүйелік ұстаным

«Саясат – таптар арасындағы қарым-қатынас, экономиканың шоғырланған бейнесі» - деген сөз кімге тиесілі?

А) В.И.Ленинге

Саясат саласындағы қатынастардың ерекшелігін талдай келе М.Вебер - «Кім саясатпен айналысса, ол міндетті түрде ... » - неге ұмтылады деген?

А) билікке

«Саясатты дәріптеуге жол ашу - оның діннің рөліне сәйкестенуге әрекеттенуі болмақ» , деген тұжырым саяси ойдың дамуының қандай кезеңін сипаттайды:

А) антикалық дәуірге

Саяси сананың ең негізгі компоненттері:

A) саяси құрылым

Саяси үрдістерді дамытудың тілек-қалау түріндегі және іс-жүзіндегі нұсқаларын қарастырып, қалыптастыруға бағытталған саясаттанудың қызметі (функциясы):

B) болжамдық

Саясатты ұжымдық мақсатқа тиімді жету жолындағы іс-әрекет ретінде қарастыратын түсінік:

A) телеологиялық

Саяси жүйе теориясының негізін қалаушы:

B) Д.Истон

Саяси ұйымдасқан қоғамды анықтау үшін «Мемлекет» терминін алғаш қолданған кім?

C) Н.Макиавелли

Саяси дау-жанжалдар теориясының негізін қалаушылар:

А) К.Маркс пен А.Токвиль

Саяси дау –жанжалдың ерекшелігі неде?

А) билікке қатысты қарама-қарсы жақтардың қақтығысы

Саяси дау-жанжалдар жеке мәселе ретінде қарастырылып, әлемдік саяси ғылымның жеке бағыты ретінде қашан қалыптасты?

А) ХХ ғасырдың ортасында

Саясатты оқып-білуді жеке адамдар мен топтардың алуан-түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс:

A) бихевиористік

ТТТТТТТТТТ

«Тобырдың жетегінде кеткен билік» - дегеніміз – бұл:

А) охлократия

«Тоталитаризм» қашан пайда болды:

D) XX ғасырда

Толеранттық – бұл:

А) төзімділік

Тоталитарлық режимнің бір түріне жатады:

В) ұлтшыл - социализм

Тоталитарлық саяси режимнің негізгі белгісі болып табылады:

D) адамның еркіндігі мен құқығының болмауы

Төменде аталғандардандың қайсысы Қазақстан Республикасының атқарушы, заң шығарушы және сот билігіне енбейді:

С) президент

Тоталитарлық құрылыстың бір түрі – фашизм, алғаш рет ... орнықты:

С) Италияда

Тоталитаризм – бұл:

B) мемлекеттің қоғамды толық бақылауға алуы

УУУУУУУУУ

Унитарлық мемлекетте:

А) жоғары мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтың орталықтандырылған мекемелер жүйесі болады

Утопиялық социализм теориясының негізін қалаушы:

B) Т.Мор

ФФФФФФФФФ

Федеративтік мемлекет деп қандай мемлекетті айтамыз:

А) Мемлекеттің белгілері тұтас мемлекетте де, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерінде де көрініс береді

ШШШШШШШ

Шығыс ойшылы «Қайырымды қала туралы трактат» атты еңбектің авторы:

D) Аль-Фараби

Шешімдерді қабылдауға, талқылауға, дайындауға азаматтардың өздері қатысатын халық билігінің формасы:

A) тікелей

ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭ

Элита француз тілінен аударғанда нені білдіреді:

А) жақсы, таңдаулы

ХХХХХХХХХХ

ХХ ғасырда элиталар теориясының дамуына кімдер ықпал етті:

В) В.Парето мен Г.Моска

ХIX ғасырдағы қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:

D) Ч. Валиханов

САНДАР

1995 жылғы Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында басқарудың қандай нысаны және әкімшілік – территориялық құрылыстың қандай түрі қалыптасқан:

А) президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]