- •2.1. Типтік технологиялық карталар әзірлеу тақырыбының жұмыс бағдарламасының негізгі мазмұны
- •2.2. Типтік технологиялық карта және қолданбалы технологиялық карта түсінігі және оның мәні.
- •2010-2011 Жылдары облыс бойынша мақта дақылынан жиналған егіс көлемі, түсімі, алынған өнімі
- •2. Технологиялық карталар әзірлеу тәртібі
- •Технологиялық үрдістер (жұмыс түрлері) тізімін анықтау.
- •Сапа көрсеткіштерін белгілеу
- •Агрошараларды(операцияларды) орындау мерзімі
- •2.4. Агрегат құрамын анықтау.
- •2.5. Агрошара орындалатын алқап үлесін жоспарлау.
- •2.6. Жұмыс күнінің ұзақтығын және жұмыс күндері санын анықтау
- •2.8. Орындалуы тиісті жұмыс көлемін есептеу
- •2.9. Механизаторлар және жұмысшылар санатын(категорияларын) және санын анықтау
- •2.10. Жанармай шығынын анықтау.
- •Агротехникалық талабтар және нормативтік құжжаттардан пайдаланып қтКның көрсеткіштерін есептеу
- •3.1. Табиғи жағдай, қожалық орналасқан орта және басқа жағдайлардың мта жұмыс өнімділігі мен жанармай шығынына әсері
- •3.2. Болжамдағы мақта өнімі түсімін анықтау әдісі
- •4. Дақылда күтіп-баптау және өнім өндіру технологияларын орындау барысында ауыл шаруашылық машиналырынан пайдалану иөмділігін арттыру жолдары
- •Әдістемелік нұсқауға қосымшалар
- •Мақта және негізгі ауыл шаруашылық дақылдары шаруашылығы үшін қажетті машиналар кешені
- •Мақта өсіру, күтіп-баптау және жинаудың технологиялық картасы үлгісі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
Агротехникалық талабтар және нормативтік құжжаттардан пайдаланып қтКның көрсеткіштерін есептеу
3.1. Табиғи жағдай, қожалық орналасқан орта және басқа жағдайлардың мта жұмыс өнімділігі мен жанармай шығынына әсері
Өнім өндіру технологиясының тиімділігі өндірісті механикаландыру дәрежесіне, жұмыс өнімділігіне және материалдар шығынына көп тұрғыдан байланысты болады.
Материалдар шығынының ең салмақты бөлігін жанармай шығыны құрайды. Сол себепті, жұмыс өнімділігін арттыру және жанар май шығынын азайту өнім өндіру технологиясы тиімділігін арттыруда ең елеулі факторлар саналады.
20
Суармалы жерден тиімді пайдалану үшін фермер МТА бұрылу жолақтарына да дақыл егуге мәжбүр.
Қолда бар техникалық-нормативтік құжжатардан пайдаланып технологиялық карталар әзірлеуде жоғарыда айтылған факторларға мұқият көңіл беру қажет. Сол факторларды ескеру үшін түзету коэффициенттерінен пайдалаған жөн. Осы факторлар ішінен кейбіреулерінің МТА жұмыс өнімділігіне және жанармай шығынына әсерін көріп шығамыз(талдаймыз).
Алқап ұзындығы. Дала алқабы ұзындығының артуына сәйкес агрегаттардың жұмыс өнімділігі де артады. Алқап ұзындығын 100 м ден 300 м ге арттырғанда жер жырту және культивациялау агрошарасында жұмыс өнімділігі 25% артады, жанармай шығыны болса жер жыртуда 10 %, культивациялауда 13 % ға азаяды.
Алқап өлшемдері. Дала алқабы өлшемдері агрегаттың жұмыс сменасы(күндік) бойында агрегаттардың бір алқаптан екінші бір алқапқа ауысуы үшін жұмсалатын уақыт шығынына әсер етеді. Алқап өлшемдері кіші болған жағдайларда агрегаттың бір алқаптан екіншісіне өту саны артады жәнеагрегаттардың жұмыс жағдайынан транспорт жағдайына өткеруге жұмсалатын уақыт шығыны да артады.
Егістік алқабы пішіні(формасы). Егістік алқабы пішінің күрделілігі алқап ұзындығы сияқты жұмыс өнімі мен жанармай шығынына жұмысшы әрекеті коэффициенті арқылы кері әсерін тигізеді. Алқап пішінінің ыңғайсыз(үшбұрышты немесе шеңбер пішіндес) болуы агрегаттың бұрылылып алуы уақытының артуына себеп болады. Осылардың салдарынан дұрыс төртбұрышты ақаптағы агрегаттың бұрылуға жұмсалатын уақытына қарағанда 25 % ға дейін артады..
Алқаптағы кедергілер. Электр бағаналары сияқты кедергілер көп болған жағдайларда агрегат жұмыс жағдайынан бос жағдйға (бос жүріс) ауысып жылдамдығын азайтып кедергі айналып өтуге мәжбүр. Нәтижеде, өңделмей қалатын шаршы алаң және бос жүрістер жолы артып, агрегаттың жұмыс өнімділігі төмендейді.
Агрегаттардың күрделі және кедергілі алқаптарда жұмыс орындаған
Оның жұмыс өнімділігі жәнер жанармай шығыны түзету коэффициентері көмегімен есептеледі (6 - кесте) [2, 18, 19].
6-Кесте.
Егістік алқабындағы кедергілердің МТА жұмыс өнімділігі және жанармай шығынына әсерін түзету коэффициенті (Кт)
|
Кедергілердің болуы, жалпы алқаптағы үлесі, % |
Түзету коэффициентінің мәні | ||
|
Сменадағы жұмыс өнімі мөлшеріне |
Сменалық жанармай шығыны мөлшеріне | ||
|
Доңғалақты және шынжыртабанды тракторлар үшін |
Доңғалақты тракторлар үшін |
Шынжыртабанды тракторлар үшін | |
|
5 % ға дейін |
0,96 |
1,03 |
1,03 |
|
5...10 |
0,93 |
1,05 |
1,07 |
|
10...15 |
0,89 |
1,07 |
1,10 |
|
15...20 |
21 |
1,09 |
1,13 |
|
20...25 |
0,83 |
1,11 |
1,17 |
|
25...30 |
0,80 |
1,14 |
1,20 |
|
30...35 |
0,77 |
1,17 |
1,23 |
Алқаптағы жер рельефі көлбеулігі. Алқаптағы жер рельефі көлбеулігінің МТА жұмыс өнімділігі және жанармай шығынына әсерін түзету коэффициенті (K) төмендегі 7 - кестеде келтірілген[2].
7 – кесте.
Алқаптағы жер рельефі көлбеулігінің МТА жұмыс өнімділігі және жанармай шығынына әсерін түзету коэффициенті
|
Жұмыс түрі |
Ер рельефининг қиялиги, градус | ||||
|
10қа дейін |
10-30 |
30-5 0 |
50-7 0 |
70 тан жоғары | |
|
Жер жыртуда |
1,00 |
0,98 |
0,96 |
0,92 |
0,86 |
|
Жер жыртудан басқа |
1,00 |
0,96 |
0,93 |
0,87 |
0,80 |
Егістік алқабының тастақтығы әсерін төмендегі 8 –кестеден пайдаланып есептеп табу мүмкін [18, 19].
8-кесте.
Егістік алқабының тастақтығы әсерін түзету коэффициенті
|
Тастақтық дәрежесі |
25 см ге дейінгі тереңдіктегі тастар мөлшері, м3/га |
Түзету коэффициенті | |
|
Жұмыс өнімділігіне |
Жанармай шығынына | ||
|
Тассыз алқаптарда |
0,5 ке дейін |
1,00 |
1,01 |
|
Күшсі дәрежедегі тастақ |
0,5...20 |
0,98 |
1,02 |
|
Орташа тастақ |
20...55 |
0,92 |
1,04 |
|
Жоғары дәрежеде тастақ |
55 тен жоғары |
0,85 |
1,06 |
Өнім түсімі Өнім түсімі жоғары болған алқаптарда астық комбайны немесе мақта жинайтын комбайнның тонна есебіндегі жұмыс өнімділігі артуымен бірге олардың гектар есебіндегі жұмыс өнімділігі төмендейді. Бұл жағдайды, егін орағында астық комбайнының жаншып бастырушы астық мөлшерінің артуымен, мақта жиын-терімінде комбайнның терім аппараттары тазалаулары санының артуымен және бункердің мақтамен тез-тез толуымен түсіндіру мүмкін.
