Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / ТЕСТ МА#U049aТА 2014 / #U04d8д_стемел_к н#U04b1с#U049bау БС #U04aeЛГ_.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
2.62 Mб
Скачать

2.6. Жұмыс күнінің ұзақтығын және жұмыс күндері санын анықтау

Жұмыс күнінің ұзақтығы шаруашылықтағы, сол бір агрошара өткізілетін кезең үшін қабылданған жұмыс күні режиміне сәйкес және орындалатын жұмыстың ерекшеліктерін ескере отырып бегіленеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы 1, 1,5, 2 немесе 3 ауыспалы (сменалы) жұмыс режиміне сәйкес 7, 10, 14, 21 сағатты құрайды. Дефолиация және арам шөптерге қарсы (химиялық өңдеу) дәрі шашу сияқты зиянды жұмыстарды орындау үшін ауысым (смена) ұзақтығы 6 сағатқа тең деп қабылданады.

Шит себу кезеңінде тұқымдық шитті, минерал тыңайтқыштарды тасымалдау және оны алқапқа шашу сияқты өзара байланысты жұмыстарды орындауда жұмыс күнінің ұзақтығы, жұмыс күндері саны (3-кестенің 9 және 10-бағаналары) және агрошара орындалуы тиіс болған календарлық мерзімдер өзара сәйкес келу тиістілігі ескерілуі қажет .

Жұмыс күндері саны (3-кестенің 9- және 10-бағаналары), жалпы жұмыс көлемі (3-кестенің 7-бағанасы) және МТАның бір күндік жүмыс өнімділігі(3-кестенің 8-бағанасы) көрсеткіштерін пайдаланып, есептеп анықталады. Мұнда, өзара байланысты болған технологиялық үрдістерді орындаушы механизаторлар және жұмыс күндерінің саны өзара тең немесе еселі болуы қажет.

Мысал, тыңайтқыш тиеу жұмысы көлемінің бір бөлігі жүк тиеу агрегатымен (1 бірлік механизатор), қалған бөлігі болса қол күшімен (3 бірлік жұмысшы) 2 жұмыс күнінде орындалғанда, механизатор үшін 2 жұмыс күніне, ал жұмысшылар үшін 6 жұмыс күніне (3жұмысшы 2жұмыс күнінде) тең болады. Жүк тиеуші механизатор мен қол күшімен тиеуші жұмысшылар (6жұмыс күні/3 жұмысшы = әр бірі 2 жұмыс күнінен) тыңайтқышты тиеу жұмыстарын бір мезгілде орындайды. Сол сияқты, тыңайтқышты егістік алқабына көлікпен тасымалдаушы трактордың (тіркемесімен) жұмыс өнімділігі қандай болуына қарамай, тыңайтқышты тез немесе кеш тасымалдауына жол берілмеуі тиіс.

15

2.7. Жұмыс өнімділігін анықтау

Жұмыс өнімділігін анықтау үшін қажет болған 3-кестенің 7- және 8-бағаналарында көрсетілген жұмыс көлемінің өлшеу бірліктері(т,ткм, ш.м, куб.м, км, пм және га) 6-бағанаға жазылады.

Бір күндік жұмыс өнімділігі көрсеткіші (3-кесте 8-бағана)нормативтік құжаттардан, хронометраж, сынақ мәліметтерінен және де басқа құжжаттардан алынуы мүмкін. Егер, агрегаттың 1 сағаттық жұмыс өнімділігі нормативі белгілі болса, күндік жұмыс өнімділігін анықтау үшін 1сағаттық жұмыс өнімділігі нормативін ауысым (смена) ұзақтығының сағатта берілген мөлшеріне көбейтеміз. Мысал, ауысым (смена) ұзақтығы 7 сағат, 1 сағаттық жұмыс өнімділігі 2 га/сағатқа тең болса, ауысым (смена) уақытындағы жұмыс өнімділігі 14 га/смена немесе 14 га/күн ге тең болады.

Агрегат өнімділігі көрсеткіші нормативтік құжаттардан табылмаған жағдайда, төмендегі формулалар бойынша есептеп табу мүмкін:

Егістік алқабында жұмыс орындайтын агрегаттар үшін

, га/сағат; (2.1)

Жүк тасымалдау агрегаттары үшін

, ткм/сағат; (2.2)

Жүк тиеу және түсіру агрегаттары үшін

, т/сағат, (2.3)

бұл жерде W1, W2, W3 – ауысым (смена) уақытындағы 1сағаттық жұмыс өнімділігі, га/сағат, ткм/сағат немесе т/сағат;

–агрегаттың жұмысшы алым ені, м;

 - алым еніне пайдалану коэффициенті (3-кесте);

p – агрегаттың есептеп табылған жүріс жылдамдығы, км/сағат;

 - ауысым (смена) уақытынан пайдалану коэффициенті;

 – жүк көтеру мүмкіндігінен пайдалану коэффициенті;

q – тіркеменің жүк көтеру мүмкіндігі, т.

Жоғарыда келтірілген формулаларды пайдаланып бір сағаттық жұмыс өнімділігін есептеудегі жалпы жағдайлар үшін, яғни бір-бірімен өзара байланысты болмаған технологиялық үрдістер және үйлестіріліп жұмыс орындаулары тиісті болмаған агрегаттардың жұмыс өнімділігін есептеулерде пайдаланылады.

Ал егер технологиялық үрдістер бір-бірімен өзара байланысты болған жағдайда немесе бірнеше түрлі агрегаттар тізімі бір ғана үрдісті орындағанда, негізгі агрегаттың 1 күндік жұмыс өнімділігі нормативтік құжжаттар негізінде анықталады көмекші агрегаттардың жүмыс өнімділігі болса, негізгі агрегпаттың жұмыс өнімділігіне сәкес қайта есептеп табылады

16

Мысал, астық бастыру науқанында бір астық комбайны және 3 жүк тасымалдаушы агрегаттар бірге жүмыс орындайтын жағдайда және комбайнның бір күндік жұмыс өнімділігі нормативке сәйкес 15гектарға тең болса, әрбір жүк тасымалдаушы агрегаттың жұмыс өнімділігі 15/3=5 гектарға тең. Яғни, жүк тасымалдаушы агрегаттардың нормативтік жұмыс өнімділігі көрсетіші қаншалықты жоғары болмасын, олар астық комбайны орып бастырған астықты ғана тасымалдауына байланысты жүк тасымалдаушы агрегатардың орындайтын жүмыстары көлемі жиынтығы әрқашанда астық комбайны орындаған жұмыс көлеміне тең болады. Сонық үшін, көмекші агрегаттар саны негізгі агрегаттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін дәрежеде болуы қажет. Негізгі агрегат көмекші агрегаттың жұмыс өнімділігін ғана емес, оның орындауы тиісті болған жұмыс көлемі, жалақы қаражаттары сияқты көрсеткіштерін белгілейді.

Соседние файлы в папке ТЕСТ МА#U049aТА 2014