
- •Аңдатпа
- •Мазмұны
- •Нормативті құжаттар құрамына төмендегілер енеді:
- •Анықтамалар
- •Белгілер мен қысқартулар
- •Кіріспе
- •1 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау
- •1.1 Мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі физика-химиялық қасиеттері
- •1.2 Мұнайды алғашқы өңдеу қондырғыларының негізгі аппараттары
- •1.3 Мұнай өнімдерінің маңызды түрлері
- •1.4 Мұнайды өңдеуге дайындау. Мунайды жинау және оны тасымалдауға дайындау. Мұнайды тұрақтандыру
- •1.5 Мұнай өнеркәсібінің комплексті автоматизациялаудағы дамудың негізгі бағыттары
- •1.6 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық сипаттамасы
- •2 Курстық жобаның мақсаты
- •3 Мұнайды тұрақтандыру қодырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау процесінің бақыланатын технологиялық параметрлерін таңдау және негіздеу
- •4 Мұнайды тұрақтандыру қодырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылаудың техникалық өлшеу құралдарын таңдау және негіздеу
- •4.1 Температураны өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау
- •4.2 Қысымды өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау
- •4.3 Шығынды өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау
- •4.4 Деңгейді өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау
- •4.5 Қалқанда орналасатын өлшеу құралын таңдау
- •4.6 Контроллерді таңдау.
- •5 Автоматты бақылау жүйесін құрастыру
- •6 Автоматты бақылау құралдарының спецификациясы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттері тізімі
2 Курстық жобаның мақсаты
«Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының техналогиялық параметрлерін автоматты бақылау» тақырыбындағы курстық жобаны жасаудағы негізгі мақсаттары: пәнді оқу кезіндегі жинақтаған теориялық және практикалық білімдерін жетілдіріп, бір жүйеге келтіру, техникалық әдебиеттермен жұмыс істеуге бейімдеу, патенттік ізденіс пен технологиялық параметрлерді өлшейтін және оны көрсететін және ол параметрлерді белгілі бір деңгейде тұрақтандыратын құралдардың жаңа түрлерін таңдай білуге, сонымен қатар дипломдық жобаны жобалауға дайындықтың негізгі сатыларына бағыттай білу. Жалпы бұл куртық жобадағы тақырыптың өзіне терең қарайтын болсақ, онда мұнайдың құрамындағы газдардан тазарту үшін мұнайды физикалық тұрақтандыру процесі қолданылады.
Мұнайдың құрамындағы газдардан тазарту үшін мұнайды физикалық тұрақтандыру процесі қолданылады.
Мұнайдың құрамындағы қаныққан булардың қысымы өте жоғары болғандықтан оның құрамындағы газдар сыртқы ортаның температурасында бөлініп шығып, өзімен бірге бензиннің құрамындағы құнды фракцияларын ала кетеді.
1 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының бақыланатын технологиялық параметрлерін таңдау және негіздеу.
2 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысыныңaвтоматтандыруға керекті техникалық құралдарды таңдау мен талдау.
3 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау жүйесін құрастыру.
4 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысын айдау қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау құралдарының cпецификациясын таңдау мен талдау.
3 Мұнайды тұрақтандыру қодырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау процесінің бақыланатын технологиялық параметрлерін таңдау және негіздеу
Түтікті пештің (№1) технологиялық параметрі төмендегідей:
Пештің ішіндегі (поз. 1а,б) шикі мұнайдың температурасы 200-220 ºC. аралығында өзгереді;
Пештен шығатын (поз. 21а,б) мұнайдың шығыны 15 М3/сағ. аралығында болады.
Колоннаның (№2) технологиялық параметрі төмендегідей:
колоннаның төменгі бөлігіндегі (поз. 2а,б) мұнайдың температурасы 130-150 ºC. аралығында болады;
колоннадағы (поз. 17а,б) бензиннің сулы буының қысымы 0,2-0,4 МПа. аралығында өзгереді;
колоннаның жоғарғы бөлігіндегі (поз. 23а,б) бензиннің сулы буының шығыны 10 М3/сағ. шамасында;
колоннаның төменгі бөлігіндегі (поз. 22а,б) мұнайдың шығыны 10-15 М3/сағ. аралығында болады.
Насос (№3,4) арқылы өтетін (поз. 14,15а,б) тұрақты мұнайдың қысымы 1,3—1,5 МПа. аралығында болады.
Насос (№5) арқылы өтетін (поз. 16а,б) шикі мұнайдың қысымы 1,3—1,5 МПа. аралығында болады.
Жылу алмастырғыштың (№6) технологиялық параметрі төмендегідей:
насос арқылы жылу алмастырғышқа келіп түскен (поз. 3,4а,б) мұнайдың температурасы 130-150 ºC. аралығында;
жылу алмастырғыштан шығатын (поз. 26а,б) мұнайдың шығыны 10-15 М3/сағ. аралығында болады.
Қыздырғыштың (№7) технологиялық параметрі төмендегідей:
қыздырғышқа келетін (поз. 5а,б) будың температурасы 60 ºC. шамасында болады;
қыздырғыштан шығатын (поз. 24а,б) будың шығыны 10-15 М3/сағ. аралығында болады;
Қыздырғыштан шығатын (поз. 25а,б) мұнайдың шығыны 11 М3/сағ. болады.
Тоңазытқыш – конденсаторының (№8) технологиялық параметрі төмендегідей:
тоңазытқыш – конденсаторға келіп түсетін (поз. 7а,б) газ бен будың қоспасының температурасы 20-30 ºC. аралығында болады;
Тоңазытқыш-конденсатордан шығатын (поз. 27а,б) судың шығыны 8 М3/сағ.
Газоводоотделительдің (№9) технологиялық параметрі төмендегідей:
газоводоотделительге келіп түскен (поз. 36а,б)газ конденсаттың деңгейі 3 м;
газоводоотделительдің жоғарғы бөлігінен (поз. 28а,б) шығатын кептірілген -конденсацияланбаған газдардың шығыны 10-15 М3/сағ. аралығында болады;
газоводоотделительдің төменгі бөлігінен (поз. 29а,б) шығатын конденсат-көміртегінің шығыны 13 М3/сағ.
Редукциялы клапан (№10).
Насос (№11) арқылы өтетін (поз. 18а,б) конденсат-көміртегінің қысымы 1,2—1,5 МПа. аралығында болады.
Қыздырғыштың (№12) технологиялық параметрі төмендегідей:
қыздырғышқа келетін (поз. 10а,б) тұрақты бензиннің температурасы 150-170 ºC. аралығында болады;
қыздырғыштан шығатын (поз. 32а,б) будың шығыны 15 М3/сағ.
Колоннаның (№13) технологиялық параметрі төмендегідей:
колоннаның жоғарғы бөлігіндегі (поз. 9а,б) қоспаның температурасы 40-50 ºC. аралығында болады;
колоннаның төменгі бөлігіндегі (поз. 11а,б) ерітілген газдардың температурасы 130-150 ºC. аралығында болады;
колоннаның ішіндегі (поз. 19а,б) қоспалардың қысымы 1,3—1,5 МПа. аралығында болады;
колоннаның төменгі бөлігіндегі (поз. 31а,б) ерітілген газдардың шығыны 10-15 М3/сағ. аралығында болады.
Сулы тоңазытқыш – конденсаторының (№14) технологиялық параметрі төмендегідей:
сулы тоңазытқыш – конденсаторындағы (поз. 12а,б) газдың ауыр бөлігінің (пропан, бутан) температурасы 20-30 ºC. аралығында болады;
сулы тоңазытқыш – конденсатордан шығатын (поз. 33а,б) судың шығыны 10 М3/сағ.
Газосепаратордың (№15) технологиялық параметрі төмендегідей:
газосепаратордың ішіндегі (поз. 37а,б) газдың ауыр бөлігінің деңгейі 2 м;
газосепаратордың төменгі бөлігінен (поз. 34а,б) шығатын сұйықтандырылған газдың шығыны 10-15 М3/сағ. аралығында болады.
Редукциялы клапан (№16).
Жылу алмастырғыштың (№17) технологиялық параметрі төмендегідей:
жылу алмасу қондырғысына (поз. 8а,б) келіп түсетін конденсат-көміртегінің температурасы 70 ºC. шамасында;
жылу алмасу қондырғысынан (поз. 30а,б) шығатын конденсат-көміртегі қоспасының шығыны 10-15 М3/сағ. аралығында болады.
Тоңазытқыштың (№18) технологиялық параметрі төмендегідей:
тоңазытқышқа (поз. 13а,б) келіп түсетін бензиннің температурасы 5- 10 ºC. аралығында болады;
тоңазытқыштан (поз. 35а,б) шығатын судың шығыны 12 М3/сағ.
Ауамен мұздату аппаратына (№19) келіп түсетін (поз. 6а,б) мұнайдың температурасы 10-20 ºC. аралығында болады.
Насос (№20) арқылы өтетін сұйықтандырылған газдың (поз. 20а,б) қысымы 1,3—1,5 МПа. аралығында болады.