Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шмшілы Б.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.64 Mб
Скачать

Анықтамалар

Өндірістегі процестерді автоматтандыру дегеніміз - сол технологиялық операцияны адамның көмегінсіз техникалық кұралдардың басқаруымен іс жүзіне асыру.

Өлшеу - белгілі техникалық құралдардың көмегімен физикалық шаманың тәжірибе арқылы мәнін табу.

Дәлдікпен өлшеу дегеніміз - өлшенген нәтиженің өзінің шын мәніне жақын жатқандағында.

Қате - өлшемнің шын мәні мен оның өлшенген кездегі мәндерінің арасындағы айырмаға тең шаманы айтады.

Өлшеу құралдары - өлшенетін мәліметтерді ыңғайлы түрде көрсететін құрал – жабдық.

Физика – химиялық өлшеу - заттың құрамын, физика-химиялық қасиетін өлшеуді деп атайды.

Жылу – техникалық өлшеу дегеніміз - объектерде жүріп жатқан технолгиялық процестердің температураларын, қысымдарын, шығындарын, деңгейлерін өлшеу.

Автоматика - адамның қатысуынсыз - ақ жұмысты белгілі бір механизмдердің көмегі арқылы немесе орындалып жатқан процесті реттеп отыру.

Өзгерткіштер - өлшенетін мәліметтердің көзі болып табылатын және алыс жерге жеткізетін сигналдың көзі ретінде пайдаланылатын өлшеу құралы.

Өлшенетін шама - өлшеу үшін таңдап алынған физикалық шама.

Сезгіш элемент – технологиялық параметрдің мәнін өлшейді.

Электр тоғы дегеніміз – электр зарядын тасымалдаушы электрондардың бір бағытты қозғалысы.

Белгілер мен қысқартулар

МӨЗ - мұнай өңдеу зауыты.

ШТ - шартты тұтқырлық.

ТИ - тұтқырлық индексі.

АҚ - атмосфералы құбырлы.

АВҚ - атмосфералы-вакуумды құбырлы.

БТ - бутан техникалық.

МДҚ - мұнайды дайындау қондырғысы.

ГӨЗ - газ өңдеу зауыты.

ЖӨҚ - жеке өлшеу қондырғысы.

ОГФҚ - орталық газфракциялаушы қондырғы.

P - қысымы.

F - шығын.

T - температура.

L - деңгей.

ВА - вакуумдік айдау.

ЖКО - жоғары категориялы отындар.

tr - уақыты.

Vr - көлемі.

Кіріспе

Курстық жобаның мақсаты технологиялық процестерді бақылау мен басқару құралдарына сүйене отырып автоматтандыру жүйесін құрастырғанда, жетілдіру және толықтыру.

Технологиялық процестерді басқару мен бақылау үшін сезгіш элементтерден келіп түсетін сигналдарды дер кезінде керекті басқару құралдарына жеткізу керек. Сол үшін технологиялық параметрлерді қабылдайтын сезгіш элементтерді дұрыс таңдап, сол процестерді басқаруға керекті деп таңдап алынған контроллерлерге жеткізу курстық жобаның негізгі мақсаты. Технологиялық процестерді толық жетілдіре түсу және оны басқару өндірістік объектілердің тиімділігін арттыра түседі. Сонымен қатар, автоматты түрде өндірісті басқару үшін электронды есептеу машинасының алатын орыны бөлек. Микро-электронды есептеу машинасының көмегімен объектіде болып жатқан шексіз мәліметтерді өңдей отырып, технологиялық процестерді ең жаксы, үйлесімді жүйеге келтіруге болады. Бірақ мұны іс жүзіне асыру көптеген жағдайларға байланысты болып келеді. Мысалы, объектіден келіп түсетін мәліметтерге, сезгіш элементтердің дәлдігіне, өлшеу құралдарының күйіне сонымен қатар, объектіде болып жатқан құбылыстар туралы белгі беретін кұралдарға байланысты болады.

Технологиялық процестерді автоматты түрде реттегіш жүйенің негізі сол процестерді атоматты түрде бақылау болып табылады. Яғни, технологиялық процестерді бақылау үшін, процестердің қайсыбір қасиетін сипаттайтын шаманы (параметрін) өлшеу қажет. Өлшеу үшін арнайы өлшеу құралдарының құрылыстары бір-біріне ұқсамайтын әрқилы болуы да мүмкін.

Өлшеу кұралдарының көмегімен әртүрлі технологиялық параметрлерді өлшеу және өлшеу құралдарының, сезгіш элементтердің схемалары қарастырылған. Сонымен қатар, шет елдердің өлшеу құралдарына да көңіл бөлінген. Атап айтатын босақ Хонневелл, Сименс,Метран, фирмаларының өлшеу құралдарының өзгешіліктері мен артықшылықтарана, олардың технологиялық процестер мен өндірістерді басқарудағы алатын орындарына қарай салыстыра отырып таңдау.