Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмыс жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.61 Кб
Скачать

17.Қылмыстың арнайы субъектісі және оның қылмыстық-құқықтық мағынасын анықтаңыз....

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың арнаулы субъектiсi деп жалпы субъектiнiң белгiлерiмен қатар(есi дұрыстық жəне қылмыстық жауаптылық жасына толу) нақты қылмыс құрамы үшiн мiндеттi болыптабылатын қосымша белгiлердi иемденетiн адамды айтады.Қылмыс субъектiсiнiң барлық қылмыс құрамдарына тəн жалпы белгiлерi ҚК Ерекше бөлiмi баптарыныңдиспозицияларында айтылмайды. Ал нақты қылмыс субъектiсiнiң қосымша белгiлерi тиiстi бапдиспозициясында тiкелей баяндалады немесе түсiндiру жолымен көрсетiледi. Мұндай адамдардың

жауаптылығын қарастыратын қылмыс құрамдары арнаулы субъектiлi қылмыс құрамдары деп аталады.Мысалы, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың басым көпшiлiгiн тек лауазымды тұлғаларжасайды.Қылмыстың арнаулы субъектiсi ұғымының заңға енгiзiлуi ҚК Ерекше бөлiмiндегi кейбiр қылмыстүрлерiнiң ерекшелiгiмен, яғни оларды жасау адамдардың белгiлi бiр қызметпен айналысу немесе оларға

заңмен жүктелген мiндеттердi орындауымен байланысты ғана мүмкiн болатындығымен түсiндiрiледi.Арнаулы субъектiлер қылмыстың тек орындаушылары ғана бола алады. Арнаулы субъектiнiң белгiлерiжоқ басқа адамдар қылмысқа қатысушылар ретiнде қарастырылады.Қылмыстық жауаптылық туралы мəселенi шешкенде, сондай-ақ кiнəлiнiң iс əрекетiн саралағанда арнаулысубъектiнiң белгiлерiн анықтаудың маңызы зор. ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көзделгенарнаулы субъектiнiң белгiлерiнiң болмауы сол қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылықты да болдырмайды.

Мысалы, лауазымды тұлға болып табылмайтын адамның қызметке селқос қарауы ҚК 316-бабы бойыншақылмыстық жауаптылықты тудырмайды, себебi тек лауазымды тұлға ғана қылмыстың субъектiсi болаалады.Арнаулы субъектiнiң белгiлерi кейбiр реттерде жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнжоғарлататындықтан негiзгi құрамды жауаптылықты ауырлататын құрамға айналдырады. Мысалы, ҚК145-бабының 3-бөлiгiнде ″Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу″ қылмысын адам өзiнiң қызмет бабынпайдаланып жасаса жауаптылығы ауырлатылады.Өзiнiң мазмұнына қарай арнаулы субъектiнiң белгiлерi сан алуан түрлi. Олар жеке адамның əртүрлiтқасиеттерiне қатысты сипатталады.Қолданыста жүрген қылмыстық заңдағы арнаулы субъектiлердiң барлық белгiлерiн жинақтап, оларды үштопқа бөлуге болады:1) Субъектiнiң құқықтық жағдайы мен əлеуметтiк ролiн сипаттайтын белгiлер:• Азаматтық белгiсi - ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ • Адамның атқаратын жұмысының сипаты, қызмет түрi, кəсiби мамандығы – спортшы, дəрiгер, жекешенотариус немесе аудитор, кеме капитаны, көлiк құралын жүргiзушi адам • Əскери қызметке қатыстылығы - əскери қызметшi, əскерге шақырылған адам (• Сот процесiне қатысушы немесе сотталған – куəгер, жəбiрленушi, сарапшы, аудармашы, басбостандығынан айыруға сотталған адам, жаза өтеушi немесе алдын ала қамаудағы • Адамның соттылығы – бұрын соттылығы бар адам, талан-тараж үшiн екi немесе одан да көп ретсоттылығы бар адам

2) Субъектiнiң физиологиялық жəне демографиялық қасиеттерiн сипаттайтын белгiлер:

• Субъектiнiң жасы – 18 жас • Субъектiнiң жынысы – ер адам не əйел адам

• Денсаулық жағдайы – соз аурумен ауратын адам, еңбекке жарамды

3) Субъектiнiң жəбiрленушiмен немесе өзге адамдармен қатынасын сипаттайтын белгiлер:

• Туыстық қатынастар – ата-анасы, балалары, жұбайы, жақын туыстары

• Қызметтiк не өзге де тəуелдiлiк - қамқоршы, қорғаншы, басшы адам

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]