- •1.Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдісін ашыңыз. Қылмыстық құқықтың мақсаты және қызметін көрсетіңіз.....
- •5.Қылмыстық заңның мезгілдегі күшін ашыңыз. Қылмыстық заңның кері күші: түсінігі және шектерін анықтаңыз. Қылмыстық заңды түсіндіру, түсіндіру...
- •12.Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктерін анықтаңыз. Тойтарылмайтын күштің, физикалық және психикалық мәжбүрлеуді....
- •14.Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс: түсінігі және мәнін ашып көрсетіңіз. Себепті байланыстың объективті сипатын анықтаңыз....
- •15.Қылмыстың субъектісінің түсінігін, оның әлеуметтік сипаттамасын беріңіз. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасының ара қатынасын анықтаңыз.
- •16.Есі дұрыстықтың түсінігін беріңіз. Есі дұрыс еместіктің түсінігін, критерийлерін ашып көрсетіңіз.
- •17.Қылмыстың арнайы субъектісі және оның қылмыстық-құқықтық мағынасын анықтаңыз....
- •18.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігін, мазмұны және мәнін ашып көрсетіңіз. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті (міндетті) және факультативті белгілерін талдаңыз.
- •19.Кінәні қылмыстық заңның қағидасы, қылмыстың белгісі және субъективтік жақтың элементі ретінде талдаңыз. ....
- •20.Қасақаналық кінәнің және абайсыздағы кінәнің ара қатынасын анықтаңыз. Абайсызда жасалған әрекет ол...
- •27.Қылмысқа қатысудың заңи табиғатын, қоғамға қауіптілігін және әлеуметтік мәнін ашыңыз. Қылмысқа қатысудың объективті және субъективті белгілерін көрсетіңіз.
- •28.Қылмысқа қатысу түрлері мен нысандарын көрсетіңіз. Қылмысқа қатысу нысандарына байланысты саралау ерекшеліктерін ашыңыз.
- •30.Аса қажеттіліктің түсінігі мен мазмұнынберіңіз. Аса қажеттіліктің заңдылық шарттарын ашыңыз. Қылмыс жасаған адамды ұстау...
- •31.Қылмыстық жазаның сипаттамасынберіңіз, оның мәнін және белгілерінашыңыз. Қр қк бойынша
- •32.Айыппұл түріндегі жаза түсінігі мен мәнін ашыңыз.
- •34.Түзеу жұмыстары түріндегі жазаның түсінігін, мәнін ашыңыз.
- •35.Қр қк бойынша жаза тағайындаудың жалпы ережелерін анықтаңыз.
- •37.Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерін, құқықтық негіздері мен шарттарын ашып көрсетіңіз.
- •39.Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың және жеңіл жазамен алмастырудың сипаттамасын беріңіз.
- •40.Медициналық сипаттағымәжбүрлеу шараларының негіздері мен мақсатын ашып көрсетіңіз. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу….
- •42. Сотпен жазасын өтеуге ұзақ мерзімге сотталған Шерімов, Исатаев және Қанағатов тергеу изоляторынан қашуға уәделесті….
- •43. Аудандық соттың үкімімен Керімбаев қр қк-нің 188- бабының 2 және 3 бөліктерінде көзделген қылмыстар жиынтығы бойынша төрт жылға….
- •44. Аудандық соттың шешімімен Шәріпов қр қк-нің 316- бабының 2 бөлігі бойынша абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға….
- •46. Сарымсақова қр қк-нің 271 -бабы бойынша жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық үшін сотталды.
- •52. Ушаков ұсақ талан-тараж жасағаны үшін қр қк-нің 175- бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тартылды. …
- •53. Бір жылға түзеу жұмыстарына сотталған Қырғызбаев ауыр науқастанып еңбекке жарамсыз деп танылды....
- •54. Әскери қызметшіӨтешов қысқа мерзімдік демалысқа шығып, қала аралап серуендеу мақсатымен көршісінің көлігін айдап әкетті….
- •55. Әшімова қр қк-нің115-бабымен сотталды. Сот оған екі жылға түзеу жұмыстарына тарту және жалақысының 15 % мемлекет кірісіне
- •56. Сұраншиев қорлау үшін айыппұл жазасына тартылды. Ол бір жыл ішінде айыппұлды төлемей жалтарғандықтан….
- •57. Сулеева заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандығы үшін екі жылға басбостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге
- •58. 20 Жасар Иванов 13 жасар Савинаны зорлады. Сот Ивановтың бірінші рет қылмыс жасағанына және жұмыс орнынан жағымды мінездемесі
31.Қылмыстық жазаның сипаттамасынберіңіз, оның мәнін және белгілерінашыңыз. Қр қк бойынша
Қылмыстық жаза – заңмен белгіленген және қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қолданылатын мемлекеттік күштеу шарасы. Жаза қылмыстық әрекетке сәйкестей отырып қолданылады және оның қоғамдық қауіптілігіне және ауырлығына сәйкес болуы керек. Қылмыстық жаза қылмыстың қылмыстық-құқықтық салы болып табылады және қылмыспен күресудегі қажетті құқықтық құралдардың бірі ретінде танылады. Қылмыстық жаза адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын және аумақтық тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің басқа да заңмен қорғалатын мүдделерін түрлі қылмыстық озбырлықтардан қорғау үшін қызмет етеді.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 38-бабында жазаның келесі түсінігін береді: «Жаза дегеніміз - соттың үкімімен тағайындалатын мемлекеттік күштеудің шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған тұлғаға қатысты қолданылады және осы Кодексте көзделген осы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын айыру немесе шектеуге саяды».Жаза, мемлекеттік күштеудің шарасы болып табыла келе, қылмыс жасаған адамға тек сотпен үкімнің негізінде ғана қолданылуы мүмкін.. Сонымен қатар, жазаны орындау мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Үкімде тағайындалған жаза қатаң жеке сипатқа ие, яғни қылмыс жасаған тұлғаға нақты қатысты қолданылады және басқа тұлғаларға тарала алмайды. Мемлекет жазаны қолдану жолымен қылмыскерді қоғам алдындағы кінәсін жууға күштейді және қылмыс жасаған тұлғаны белгілі бір заңды мойынсұнған тәртіпке мәжбүрлейді. Жаза қылмыскерге белгілі құқынан айыруды, қасіретті әкеледі. Олар физикалық, моральдық және материалдық сипатта болуы мүмкін. Осылайша, бас бостандығынан айырылған кезде сотталған адам тұтастай алғанда жеке құқықтарында шектеледі. Мүлікті тәркілеу, айып төлеу кезінде сотталған адамның материалдық жағдайы жамандайды. Белгілі бір қызметте болу немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру секілді жазалау шарасы қызмет, кәсіп таңдаудағы құқықтың шектелуімен байланысты. Мұндай шектеулер кез келген демократиялық қоғамда қажетті. Бір де бір қоғам адамға шексіз бостандықты ұсына алмайды, себебі бұл қоғамның басқа мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына, бетімен кетуге және дау-жанжалдарға әкелетін еді. Жазалау үшін жағымсыз құқықтық және моральдық салдарға әкелетін соттылық секілді қасиет тән болады. Осылайша, егер тұлға жаңа қылмыс жасаса, бірінші қылмыс үшін сотталғандықтың болуы қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде бағаланады.Жазаның оны мемлекеттік күштеуден ерекшелендіретін белгісі деп жазалауда сотпен қылмыскерді және ол жасаған әрекетті тек құқықтық емес, моральдық та жағымсыз бағалау берілетіндігін есептеуге болады. Сол себепті жаза қылмыс жасаған тұлғаға мемлекттің атынан берілген жағымсыз баға болып табылады. Сонымен қатар, жазаны орындау сондай-ақ мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен реттемеленген жаза түсінігі адам құқықтары мен сотталғандарға қатынас туралы халықаралық-құқықтық актілерге сәйкес келеді. Осылайша, қылмыстық жаза дегеніміз – қылмыстық заңмен белгіленген қылмыс жасауда кінәлі тұлғаға сотпен қолданылатын, саза қасиетіне ие және қылмыс жасаған адамға мемлекеттің көзқарасын сипаттайтын мемлекеттік күштеу шарасы. Жазаның мақсаттары дегеніміз –бұл сот қылмыстық жазаның нақты түрін қолдануы бағытталатын әлеуметтік нәтижелер. ҚР ҚК 38-бабына сәйкес «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адаммен, сондай-ақ басқа тұлғалармен жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу мақсаттарында қолданылады».Осылайша жазаның мақсаттары:а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;б) сотталған адамды түзету;в) сотталған адамның тарапынан жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу (арнайы алдын алу мақсаты);г) басқа тұлғалардың тарапынан қылмыстардың алдын алу мақсаты (жалпы алдын алу мақсаты).Жазаны қолданудың әр оқиғасы жиынтығын алғанда аталған мақсаттарды көздеуі тиіс.Жазаның мақсаты ретіндегі әлеуметік әділеттілікті қалпына келтіру қылмыспен бұзылған жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін толық және барабар қалпына келтіруді көздейді.Әлеуметітк әділеттілікті қалпына келтіруге жазаның сазалық қасиетімен қол жеткізіледі. Сонымен қатар, кез келген жаза сотталған адамға құқықтарынан айрылу және қасіреттер келтірумен байланысты, ол кінәліні қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүрлейді, оны үстіне қайтадан қылмыс жасау үшін заң одан неғұрылым қатаң жазаны қарастырады. Қайтадан неғұрлым қатаң құқықтан айыру мен қасіреттерді бастан кешірудің алдындағы қорқыныш тұлғаның жаңа қылмысты жасаудан бас тартуына себепші болады. Оған қоса, жазаны өтеудің барысында сотталған адамның психикасы сотталған адамды түзетуге бағытталған белгілі бір психикалық ықпал етудің әсерінде болады.Жазамен, оны қылмыс жасаған жағдайда қолданумен үрейлендіру осындай тұлғалардың санасына және тәртібіне тоқтататын, алдын алатын әсерін тигізеді, оларды қылмыс жасау туралы ойын тастауға мәжбүрлейді. Жазаның мақсаттарының әрқайсысы дербес сипатқа ие болатындығын, сондай-ақ жазаның басқа мақсаттарымен үйлесімде жүзеге асырылатындығын ерекше атап кеткен жөн. Мұндай жағдайда сот нақты қылмысқа жазаны шығару кезінде жазаның барлық мақсаттарының дұрыс арақатынасына көңіл бөлуі тиіс. Жазалар жүйесі дегеніміз – қылмыстық заңмен белгіленген және сот үшін міндетті болатын жазалардың салыстырмалы ауырлығын есепке ала отырып белгілі тәртіппен (барынша қатаңнан неғұрлым төмен қатаңдыққа қарай) орналасқан жаза түрлерінің толық тізімдемесі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1-бөл. анықталған.Жоғарыда аталған анықтаманы талдау келесі негізгі сәттерді бөліп қарасытыру мүмкіндігін береді: 1)жазалар жүйесі қылмыстық заңмен көзделген; 2)сот құқық қолдану тәжірибесінде аталаған тізімді қатаң орындауға міндетті; 3)жазалар жүйесі – бұл жаза түрлерінің толық тізімі және сот одан басқа жазаларды қолдана алмайды. 4)Жазалардың түрлерінің тізімі олардың ауырлығына байланысты орналасқан. Жалпы алғандағы жазалар жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі сотқа сотталған адамды түзету үшін неғұрлым мақсатқа лайықты шараларын таңдау мүмкіндігін беретін кінәліге ықпал етудің құралдарынан тұрады. Осы жүйеге сәйкес, соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдармен қатар, неғұрлым аз қауіпті қылмыстар жасаған тұлғалара да ауырлығы бойынша алуан түрлі жазаларды қолдануға құқылы. Осылайша, жаза түрлерінің алуан түрлілігі қылмыстың да, қылмыскердің де қоғамдық қауіптіліген ескеру және жаза мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін әділ жазаны тағайындау мүмкіндігін береді. Заң шығарушы жазаның түрлерін неғұрлым аздан барынша көпке қарай принципі бойынша орналастырды. Мұндай тәртіп жеке қылмыстық әрекеттердің олардың маңыздылығына қарай жазаны таңдауды жеңілдетеді, ал сотқа жазалаушылықты нақты қылмыстың жағдайларымен және осы қылмысты жасаған кінәлінің ерекшеліктерімен салыстырып шамалау мүмкіндігін берді. Жазалар жүйесі құқық қолдану қызметі үшін айтарлықтай маңызға ие. Жазаны мемлекеттік күштеу шарасы ретінде жоққа шығармастан, ақыр аяғында, адамға, оның сезімдері мен ойларына, идеяларына және көзқарастарына, оның өзінің жеке мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етудің әдісі ретіндегі мақсатқа бағытталған тәрбие ғана оның тұрақты көзқарастарын, дағдылары мен құқықтық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ете алатындығын атап өткен жөн.Қоғамдық өмірдің қазіргі реалийлері жазаның құдіретіне сенімнің жойылуымен сипатталатындағын және осыған байланысты ғалымдар орын алған жағдайдан шығудың жолдарын іздеп жатқандығын ескерген жөн. Бұдан күштеу мен мәжбүрлеу принциптеріне емес, сендіру және мәжбүрлеудің үйлесуіне негізделетін жазалау теориясы ерекше маңызға ие бола бастайды. Бұл теорияға сәйкес, жаза, қылмыскерлікпен күресудің маңызды және әлі қажетті құралы бола отырып, сонымен бірге жалғыз емес, және басты емес, тек қосалқы шарасы болып табылады. Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның рөлі жоғары гуманизммен және адамға деген қамқорлықпен анықталуы тиіс.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бұл ережелер ескерілген, және жазалардың түрлерінің тізімі бұрын қолданылған заңнамамен салыстырғанда, айтарлықтай өзгерді. Жазаның бір түрлері сақталды, ал басқаларынан заң шығарушы бас тартты. Оған қоса, жүйеге қылмыстық жазаның жаңа түрлері негізделген түрде енгізілді: қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу және т.б. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары өзертілді, және сәйкесінше олардың мазмұны да өзгерді. Мысалы, тәртіптік батальонға бағыттау түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен алмастырылды. Қазіргі қылмыстық жаза жүйесінде сотталған адамға физикалық қасіреттерді шектіруден тұратын жазалаудың түрлерінен, сондай-ақ сотталған адамды мүгедек ететін және ар-ұжданы мен қадір-қасиетін төмендететін жазалар жоқ. Бұл өзінің сазалық бағыттылығына қарамастан қатігездікті шектеуге талпынуға тиіс қылмыстық заңнаманың гуманизмінің куәсі болып табылады..Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстық жазалар белгілі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Осылайша, тағайындаудың тәртібіне байланысты жазалар үш топқа бөлінеді: 1) негізгі, 2) қосымша, 3) негізгі, сондай-ақ қосымша жаза ретінде қолданылатын жазалар (ҚК 39-бабы).Негізгі жазалар – тек дербес түрлер ретінде тағайындыла алатын жазаның түрлері, оларды басқаларына қосымша ретінде қосуға болмайды, олармен жазаның мақсаттарына қол жеткізу байланысты болады. ҚК 39-бабына сәйкес жазаның негізгі түрлері мыналар: қоғамдық жұмыстарға тарту, түзету жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеулер, бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы. Қылмыс жасаған тұлғаға ҚК Ерекше бөлімінде норма санкциясында анықталған негізгі жазалардың тек біреуі ғана қолданылуы мүмкін.Қосымша жазалар дегеніміз – бұл негізгі жазаға қатысты қосалқы сипатқа ие жазаның түрлері және олар тек негізгі жазаны қолдану жазалаудың мақсаттарын қамтамасыз етпейтін жағдайда ғана қолданылады.Қосымша жазаларға жазаның тек екі түрі ғана жатады: арнайы, әскери немесе құрметті атақтан, класстық шеннен, дипломатиялық рангтен, квалификациялық класстан және мемлекеттік наградалардан айыру және мүлікті тәргілеу.Қосымша жазаны қолдану кезінде келесі талапатар орындалуы тиіс: -қосымша жазалар дербес тағайындала алмайды, тек негізгі жаза түрлеріне қосылады; -қосымша жазалар негізгілеріне заңда аталған жағдайларда неғұрлым ауыр қылмыстарды жасау кезінде қосылады. Қосымша жаза негізгі жаза түріндей бола алмайды, бұл бір жаза заңмен рұқсат етілген мерзімнен немесе шамадан үлкеніне артылатындыған білдіретін еді. Басты жазалау элементтері негізгі жазаның элементтерімен бірдей болатын қосымша жазаны тағайындауға болмайды (мысалы, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға қосымша белгілі қызметтерге ие болу құқығынан айыру).Егер жасалған қылмыс жіктелетін заң қосымша жазаны міндетті түрде тағайындауды көздесе, осындай жазаны қолданбау тек ҚК 55-бабында көзделген жағдайлар (осы қылмыс үшін көзделген жаза,ға қарағанда неғұрлым жұмсақ жазаны тағайындау) болған кезде ғана орын алуы мүмкін.
