- •1.Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдісін ашыңыз. Қылмыстық құқықтың мақсаты және қызметін көрсетіңіз.....
- •5.Қылмыстық заңның мезгілдегі күшін ашыңыз. Қылмыстық заңның кері күші: түсінігі және шектерін анықтаңыз. Қылмыстық заңды түсіндіру, түсіндіру...
- •12.Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктерін анықтаңыз. Тойтарылмайтын күштің, физикалық және психикалық мәжбүрлеуді....
- •14.Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс: түсінігі және мәнін ашып көрсетіңіз. Себепті байланыстың объективті сипатын анықтаңыз....
- •15.Қылмыстың субъектісінің түсінігін, оның әлеуметтік сипаттамасын беріңіз. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасының ара қатынасын анықтаңыз.
- •16.Есі дұрыстықтың түсінігін беріңіз. Есі дұрыс еместіктің түсінігін, критерийлерін ашып көрсетіңіз.
- •17.Қылмыстың арнайы субъектісі және оның қылмыстық-құқықтық мағынасын анықтаңыз....
- •18.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігін, мазмұны және мәнін ашып көрсетіңіз. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті (міндетті) және факультативті белгілерін талдаңыз.
- •19.Кінәні қылмыстық заңның қағидасы, қылмыстың белгісі және субъективтік жақтың элементі ретінде талдаңыз. ....
- •20.Қасақаналық кінәнің және абайсыздағы кінәнің ара қатынасын анықтаңыз. Абайсызда жасалған әрекет ол...
- •27.Қылмысқа қатысудың заңи табиғатын, қоғамға қауіптілігін және әлеуметтік мәнін ашыңыз. Қылмысқа қатысудың объективті және субъективті белгілерін көрсетіңіз.
- •28.Қылмысқа қатысу түрлері мен нысандарын көрсетіңіз. Қылмысқа қатысу нысандарына байланысты саралау ерекшеліктерін ашыңыз.
- •30.Аса қажеттіліктің түсінігі мен мазмұнынберіңіз. Аса қажеттіліктің заңдылық шарттарын ашыңыз. Қылмыс жасаған адамды ұстау...
- •31.Қылмыстық жазаның сипаттамасынберіңіз, оның мәнін және белгілерінашыңыз. Қр қк бойынша
- •32.Айыппұл түріндегі жаза түсінігі мен мәнін ашыңыз.
- •34.Түзеу жұмыстары түріндегі жазаның түсінігін, мәнін ашыңыз.
- •35.Қр қк бойынша жаза тағайындаудың жалпы ережелерін анықтаңыз.
- •37.Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерін, құқықтық негіздері мен шарттарын ашып көрсетіңіз.
- •39.Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың және жеңіл жазамен алмастырудың сипаттамасын беріңіз.
- •40.Медициналық сипаттағымәжбүрлеу шараларының негіздері мен мақсатын ашып көрсетіңіз. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу….
- •42. Сотпен жазасын өтеуге ұзақ мерзімге сотталған Шерімов, Исатаев және Қанағатов тергеу изоляторынан қашуға уәделесті….
- •43. Аудандық соттың үкімімен Керімбаев қр қк-нің 188- бабының 2 және 3 бөліктерінде көзделген қылмыстар жиынтығы бойынша төрт жылға….
- •44. Аудандық соттың шешімімен Шәріпов қр қк-нің 316- бабының 2 бөлігі бойынша абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға….
- •46. Сарымсақова қр қк-нің 271 -бабы бойынша жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық үшін сотталды.
- •52. Ушаков ұсақ талан-тараж жасағаны үшін қр қк-нің 175- бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тартылды. …
- •53. Бір жылға түзеу жұмыстарына сотталған Қырғызбаев ауыр науқастанып еңбекке жарамсыз деп танылды....
- •54. Әскери қызметшіӨтешов қысқа мерзімдік демалысқа шығып, қала аралап серуендеу мақсатымен көршісінің көлігін айдап әкетті….
- •55. Әшімова қр қк-нің115-бабымен сотталды. Сот оған екі жылға түзеу жұмыстарына тарту және жалақысының 15 % мемлекет кірісіне
- •56. Сұраншиев қорлау үшін айыппұл жазасына тартылды. Ол бір жыл ішінде айыппұлды төлемей жалтарғандықтан….
- •57. Сулеева заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандығы үшін екі жылға басбостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге
- •58. 20 Жасар Иванов 13 жасар Савинаны зорлады. Сот Ивановтың бірінші рет қылмыс жасағанына және жұмыс орнынан жағымды мінездемесі
15.Қылмыстың субъектісінің түсінігін, оның әлеуметтік сипаттамасын беріңіз. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасының ара қатынасын анықтаңыз.
Қылмыстың субъектiсi - қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi. Есi дұрыс, қылмыстық заңда белгiленген жасқа толған қылмыс жасаған адамдар ғана қылмыс субъектiсi бола алады. ҚК-ң Жалпы бөлiмiнде қылмыс субъектiсiнiң белгiлерiн анықтайтын бiрнеше нормалар қарастырылған. ҚК-ң 14-бабының 1-бөлiгiне сəйкес ″есi дұрыс, қылмыстық кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиiс″. Заңшығарушы қылмыс субъектiсiнiң белгiлерiн көрсете отырып, қылмыс субъектiсi ретiнде кез келген қылмыс жасаған адам емес, тек қылмыстық жауаптылыққа қабiлеттi, белгiлi бiр қасиеттермен нышандарды иемденетiн адамды ғана таниды. Сонда субъектiнiң барлық қасиеттерiнiң iшiнде заңшығарушы адамның мемлекетпен қылмыстық құқықтық қатынасқа түсуге жəне қылмыстық жауаптылықты өтеуге қабiлеттi екендiгiн куəландыратын қасиеттерiн ғана бөлiп көрсетедi. ҚК 14-бабы қылмыс субъектiсiн сипаттайтын негiзгi үш бөлiгiн қарастырады:1) жеке адам,2) есi дұрыстық; 3) қылмыстық жауаптылық жасына толу. Осы үш белгiнiң мiндеттi жиынтығы қылмыс субъектiсiн құрайды, олардың кемiнде бiреуi болмаса қылмыстың субъектiсi жоқ, тиiсiнше қылмыс құрамы да жоқ деген сөз. Қылмыстық заңда ″жеке адамды″ қылмыс субъектiсiнiң белгiсi ретiнде көрсету заңшығарушының қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеке даралау қағидасын ұстанатындығын бiлдiредi. Сондықтан ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылық əрқашанда қатаң түрде жеке сипатты иемденедi, яғни жауаптылыққа тек қылмыс жасаған немесе қылмыс жасауға қатысқан жеке адам ғана тартылады. Жеке адамдар дегенiмiз - ҚР азаматтары, шетел азаматтары жəне азаматтығы жоқ адамдар. Қылмыс субъектiсi ретiнде тек жеке адамдарды тану – заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кəсiпорындар, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер қылмыс субъектiсi бола алмайды деген мағынаны бiлдiредi, яғни ұжымдық жауаптылық қағидасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi. Сонымен, қылмыс субъектiсi болып қылмыс жасау кезiнде өз əрекеттерiн ұғына алатын, оған басшылық жасауға мүмкiндiгi бар жəне оның зардаптарының мағынасы мен маңызын түсiнуге қабiлеттi жеке адам танылады. Сондықтан, адамның өз iс-əрекеттерiне есеп беру жəне оны басқару қабiлеттерiнiң қылмыстық құқықтық мағынасы бар. Адамда мұндай қасиеттер дiң болуы оның есiнiң дұрыстығын бiлдiредi. Есi дұрыстық - қылмыс субъектiсiнiң мiндеттi белгiсi, адамның кiнəсiн анықтайтын заңдық жəне iс жүзiндегi алғышарты. Есi дұрыстықпен қатар адамның жасы да нақты қылмыс үшiн адамды қылмыс субъектiсi деп танудың негiзгi, қажеттi белгiсi болып табылады. Қолданыстағы қылмыстық заңға сəйкес жалпы қылмыстық жауаптылық туындайтын жас – 16 жас, ал ҚК 15- бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстардың түпкiлiктi тiзiмi үшiн –14 жас деп белгiленген.Қылмыс жасаған адамның есiнiң дұрыс болуы жəне қылмыстық заңмен белгiленген жасқа толуы қылмыс субъектiсiнiң жалпы заңдық белгiлерi болып табылады жəне олар барлық қылмыс құрамдары үшiн мiндеттi. Қылмыс субъектiсiн сипаттағанда оның жауаптылығын анықтау жəне оған жаза тағайындау үшiн қылмыскер жеке басының белгiлерi маңызды роль атқарады. ″Қылмыс субъектiсi″ жəне ″қылмыскердiң жеке басы″ бiр бiрiне жақын болғанымен бiрдей емес ұғымдар. Негiзiнен ″қылмыскердiң жеке басы″ криминология ғылымында зерттелсе, ″қылмыс субъектiсi″ қылмыстық құқық ғылымында зерттеледi. Қылмыскердiң жеке басы қылмыс субъектiсiне қарағанда кең мағына бередi. Қылмыскердiң жеке басы дегенiмiз - қылмыскердi жалпы адам ретiнде сипаттайтын барлық əлеуметтiк қасиеттердiң, байланыстардың жəнеқатынастардың жиынтығы. Оған адамның əлеуметтiк байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасындағы жəне т.б.); оның өнегелiк-саяси қасиеттерi (дүниетанымы, сенiмi, құштарлығы); оның психологиялық қасиеттерi мен ерекшелiктерi (интеллектi, ерiктiк қасиеттерi, сезiмдiк ерекшелiктерi, қызбалығы); оның демографиялық жəне жаратылыс ерекшелiктерi (жынысы, жасы, денсаулық жағдайы); оның өмiрбаяны, өмiр тəжiрибесi, бiлiмi, қоғам алдында сiңiрген еңбегi жəне т.б. қасиеттерi кiредi. Ал ″қылмыс субъектiсi″ ұғымы осы жоғарыдағы қасиеттердiң iшiнде тек бiр бөлiгiн, есi дұрыстық жəне қылмыстық жауапқа тартылу жасына толу белгiлерiн ғана қамтиды. Қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерi жаза тағайын дағанда, оны жеке даралағанда, қылмыстықжауаптылық пен жазадан босату жəне т.б. мəселелердi шешу кезiнде ескерiледi.Қылмыстық жасқа толу – субъектінің негізгі белгісінің бірі. Яғни қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі – белгілі бір жасқа толғандық.
