Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмыс жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.61 Кб
Скачать

30.Аса қажеттіліктің түсінігі мен мазмұнынберіңіз. Аса қажеттіліктің заңдылық шарттарын ашыңыз. Қылмыс жасаған адамды ұстау...

Аса қажеттілік.Аса қажеттілік жағдайында, яғни аталған тұлғаның және басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және заңды мүдделеріне, қоғам немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнетін қауіпті жою үшін, егер бұл қауіптің басқа құралдармен жойылуы мүмкін болмаса және аса қажеттіліктің шектерінен асып кетуге жол берілмесе, Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.Аса қажеттіліктің заңға сәйкестігі төніп тұрған қауіпке қатысты және оны жоюға бағытталған болып бөлінеді. Төніп тұрған қауіпке қатысты аса қажеттіліктің заңға сәйкестігінің шарттары келесі белгілермен сипатталады: 1. Қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі мүмкін кез келген күш (стихиялы табиғат күштері: жер сілкінісі, су тасқыны, қарлы боран және т.с.с.), адам ағзасындағы физикалық процестер (ауру, аштық және т.с.с.), механизмдердің жұмысы (ұшақты сынау кезіндегі мотордағы ақаулықтар және т.б.) қауіп көзі бола алады. 2. Қауіп орын алған, яғни ол көз алдында, өтіп кетпеген, іле-шала пайда болуы мүмкін болуы керек. 3. Қауіп адам қиялының нәтижесі емес, шынайы, яғни нақты, объективті бар болуы керек. Егер істің жағдайлары бойынша тұлға қауіп іс жүзінде жоқ екенідігін түсіне алмаса және түсінуге міндетті болмаса және қылмыс белгілеріне жататын жорамал қауіпті жоюға бағытталған қандай да бір әрекеттер жүзеге асырылса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Төніп тұрған қауіпті жоюға бағытталған шараларға қатысты шарттар мынаны талап етеді: 1. Аса қажеттілік жағдайында жеке, қоғамдық, мемлекеттік мүдделер қорғалуы мүмкін. 2. Бұл жағдайдағы төніп тұрған қауіп зиян келтіруден басқа ешбір жолмен жойыла алмайды. Егер зиян басқа адамдарға зиян келтірусіз басқа жолмен тоқтатылса, аса қажеттілік болмайды. Егер алдын алған зияннан аз зиян келтірілсе қорғау әрекеттері заңға сәйкес болады.Аса қажеттілік шектерінен асып кету деп төніп тұрған қауіптің сипаты мен дәрежесіне анық сәйкес келмейтін зиян келтіру және қауіп құқықпен қорғалатын мүдделерге алдын алған зиянға тең немесе одан айтарлықтай елеулі зиян келтірілген кезде жойылған жағдай танылады. Мұндай шектен асу тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана жауапкершілікке әкеледі. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру. Қылмыс жасаған тұлғаға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа озбырлықтарды жасау мүмкіндігін жою үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай тұлғаны басқа құралдармен ұстау мүмкін болмаған болса және сол кезде ол үшін қажетті шаралардан асып кетуге жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау құқығына, ол үшін арнайы өкілеттіліктер берілген тұлғалармен қатар, сондай-ақ жәбірленушілер мен басқа азаматтар ие болады. Озбырлық жасаған тұлғаны ұстауды осы тұлғаны билік органдарына жеткізу мақсатымен қылмыс жасаған тұлғаға зиян келтіруден тұрған әрекеттер ретінде анықтауға болады. Әдетте, ұсталатын адамның еркінен тыс жүзеге асырылатын озбырлық жасаған тұлғаны ұстау физикалық бостандықты (қозғалу бостандығын) шектеу түрінде оның мүдделеріне зиян келтірумен қатар жүреді. Қылмыс жасаған тұлғаға дене зақымдануларын жасаумен немесе оның жеке мүдделерін (игіліктерін) басқаша елеулі бұзумен ілесетін неғұрлым елеулі күштеу қолданылатын ұстау жағдайлары да орын алады. Мұндай жағдайларда қылмыскерді ұстау бойынша шаралардың заңға сәйкестігінің шарттарын анықтаудың қажеттілігі пайда болады. Бұл шарттарды екі топқа бөлуге болады: біріншіден, олар болған жағдайда қылмыскерді ұстау құқығы өздігінен жүзеге асырылуы мүмкін болатындары, екінішіден, қылмыскерге оны ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сәйкес шектерін анықтайтындары.Бірінші топқа екі шарт жатады:Бірінші шарт – ұстау үшін құқықтық негіздеменің болуы, яғни тұлғаның қылмыстық әрекет жасауы.Екінші шарт – ұстау кезіне қатысты болады және оның уақыттылығын анықтайды.Екінші топта келесі шарттарды бөліп көрсетуге болады: -Ұстау кезінде қылмыскерге зиян келтірудің мақсаты болып оны билік органдарына жеткізу және сотқа табыстау табылады; -Зиян лажсыз тигізілуі керек. Басқаша айтсақ, қылмыскерге зиян келтіру осы жағдайда оны ұстаудың жалғыз жолы болып табылады; -Зиян тек ұсталатын адамға ғана келтірілуі мүмкін; -Келтірілген зиян жасалған қылмыстың сипатына және қоғамдық қауіптілігіне және ұстау кезіндігі жағдайларға сәйкес келуі керек. Ұсталатын адамның өмірін қию тек қылмыскер ұстау барысында ұстаушының немесе бөтен адамдардың өмірі үшін қауіпті белсенді қарсылық көрсеткен жағдайда ғана, яғни қылмыскерді ұстау іс жүзінде қажетті қорғаныс түріне ауысатын кезде ғана орын алуы мүмкін. Сол себепті ұстау барысында одан өлім қаупі тарамаған қылмыскерді қасақана өлтіру ұстаудың рұқсат етілген шектерінен анық шығуды білдіреді және қылмыстық-жазаланатын әрекет болып табылады. Тек ауыр қылмыс жасаған қарулы қылмыскердің қауіптілігінің аса жоғары дәрежесі анық болған кейбір, өте сирек жағдайларда ғана ақырғы шара ретінде оны жою туралы шешім қабылдануы мүмкін.Ұстау шараларынан асып кету олардың қылмыстың қауіптілігі мен ұстау кезіндігі жағдайларға оның сәйкессіздігі ретінде келесі жағдайларда мүмкін:

1)ұсталатын адамды оның тарапынан агрессивті қарсылық көрсету болмаған жағдайда өлтіру; 2)ұсталатын адамға іс жүзінде неғұрылым аз маңызға ие зиян келтірумен шектелуге болғанмен, анық қажеттіліктің болмауынсыз оған ауыр деен жарақаттары жасалған жағдайда; 3)зорлаусыз қылмыстар жасағаны үшін ұсталатын тұлғаға ауыр немесе азды-көпті ауыр дене жарақаттарын қолдану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]