- •1.Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдісін ашыңыз. Қылмыстық құқықтың мақсаты және қызметін көрсетіңіз.....
- •5.Қылмыстық заңның мезгілдегі күшін ашыңыз. Қылмыстық заңның кері күші: түсінігі және шектерін анықтаңыз. Қылмыстық заңды түсіндіру, түсіндіру...
- •12.Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктерін анықтаңыз. Тойтарылмайтын күштің, физикалық және психикалық мәжбүрлеуді....
- •14.Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс: түсінігі және мәнін ашып көрсетіңіз. Себепті байланыстың объективті сипатын анықтаңыз....
- •15.Қылмыстың субъектісінің түсінігін, оның әлеуметтік сипаттамасын беріңіз. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасының ара қатынасын анықтаңыз.
- •16.Есі дұрыстықтың түсінігін беріңіз. Есі дұрыс еместіктің түсінігін, критерийлерін ашып көрсетіңіз.
- •17.Қылмыстың арнайы субъектісі және оның қылмыстық-құқықтық мағынасын анықтаңыз....
- •18.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігін, мазмұны және мәнін ашып көрсетіңіз. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті (міндетті) және факультативті белгілерін талдаңыз.
- •19.Кінәні қылмыстық заңның қағидасы, қылмыстың белгісі және субъективтік жақтың элементі ретінде талдаңыз. ....
- •20.Қасақаналық кінәнің және абайсыздағы кінәнің ара қатынасын анықтаңыз. Абайсызда жасалған әрекет ол...
- •27.Қылмысқа қатысудың заңи табиғатын, қоғамға қауіптілігін және әлеуметтік мәнін ашыңыз. Қылмысқа қатысудың объективті және субъективті белгілерін көрсетіңіз.
- •28.Қылмысқа қатысу түрлері мен нысандарын көрсетіңіз. Қылмысқа қатысу нысандарына байланысты саралау ерекшеліктерін ашыңыз.
- •30.Аса қажеттіліктің түсінігі мен мазмұнынберіңіз. Аса қажеттіліктің заңдылық шарттарын ашыңыз. Қылмыс жасаған адамды ұстау...
- •31.Қылмыстық жазаның сипаттамасынберіңіз, оның мәнін және белгілерінашыңыз. Қр қк бойынша
- •32.Айыппұл түріндегі жаза түсінігі мен мәнін ашыңыз.
- •34.Түзеу жұмыстары түріндегі жазаның түсінігін, мәнін ашыңыз.
- •35.Қр қк бойынша жаза тағайындаудың жалпы ережелерін анықтаңыз.
- •37.Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерін, құқықтық негіздері мен шарттарын ашып көрсетіңіз.
- •39.Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың және жеңіл жазамен алмастырудың сипаттамасын беріңіз.
- •40.Медициналық сипаттағымәжбүрлеу шараларының негіздері мен мақсатын ашып көрсетіңіз. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу….
- •42. Сотпен жазасын өтеуге ұзақ мерзімге сотталған Шерімов, Исатаев және Қанағатов тергеу изоляторынан қашуға уәделесті….
- •43. Аудандық соттың үкімімен Керімбаев қр қк-нің 188- бабының 2 және 3 бөліктерінде көзделген қылмыстар жиынтығы бойынша төрт жылға….
- •44. Аудандық соттың шешімімен Шәріпов қр қк-нің 316- бабының 2 бөлігі бойынша абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға….
- •46. Сарымсақова қр қк-нің 271 -бабы бойынша жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық үшін сотталды.
- •52. Ушаков ұсақ талан-тараж жасағаны үшін қр қк-нің 175- бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тартылды. …
- •53. Бір жылға түзеу жұмыстарына сотталған Қырғызбаев ауыр науқастанып еңбекке жарамсыз деп танылды....
- •54. Әскери қызметшіӨтешов қысқа мерзімдік демалысқа шығып, қала аралап серуендеу мақсатымен көршісінің көлігін айдап әкетті….
- •55. Әшімова қр қк-нің115-бабымен сотталды. Сот оған екі жылға түзеу жұмыстарына тарту және жалақысының 15 % мемлекет кірісіне
- •56. Сұраншиев қорлау үшін айыппұл жазасына тартылды. Ол бір жыл ішінде айыппұлды төлемей жалтарғандықтан….
- •57. Сулеева заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандығы үшін екі жылға басбостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге
- •58. 20 Жасар Иванов 13 жасар Савинаны зорлады. Сот Ивановтың бірінші рет қылмыс жасағанына және жұмыс орнынан жағымды мінездемесі
1.Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдісін ашыңыз. Қылмыстық құқықтың мақсаты және қызметін көрсетіңіз. Қылмыстық құқықтың жүйесін талдаңыз. Заңнамадағы және құқық жүйесіндегі қылмыстық құқықтың орны қандай?. Қылмыстық құқықтың басқа аралас құқық салаларымен ара қатынасын ашып көрсетіңіз.
2.Қылмыстық заңның түсінігі, оның негізгі және ерекше белгілерін атаңыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы және қылмыстық заңнамасының ара қатынасын көрсетіңіз. Халықаралық құқықтың нормалары мен жалпыға танылған қағидалары және қолданыстағы заңнамаларға сипаттама беріңіз. Қылмыстық заңнаманың қайнар көзі ретінде сот тәжірибесін сипаттаңыз.
3.Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жалпы сипаттамасын беріңіз. ҚР ҚК-нің құрылымы және жүйесі: Кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдерін талдаңыз. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұны мен жүйесі ашыңыз. Жалпы және Ерекше бөлімдердің бірлестігін көрсетіңіз.
4.Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күшін анықтаңыз. Аумақ ұғымын беріңіз. Континенталдық шельфте және ерекше экономикалық аумақта жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күшін айқындаңыз.
5.Қылмыстық заңның мезгілдегі күшін ашыңыз. Қылмыстық заңның кері күші: түсінігі және шектерін анықтаңыз. Қылмыстық заңды түсіндіру, түсіндіру
6.ҚР ҚК-і бойынша қылмыстың түсінігі, белгілерін анықтаңыз. Қылмыстың әлеуметтік табиғатын ашыңыз. Қылмыс деп танылатын әрекеттердің тарихи өзгермелі сипатын көрсетіңіз. Қылмыстың материалды және формалды түсінігін беріңіз. Қылмыс, қылмыс құрамының….
7.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және мазмұнын ашыңыз. Қылмыстық-құқықтық қатынастардың түсінігі, мазмұны және субъектілерін анықтаңыз.
8.Қылмыс құрамының түсінігін беріңіз. Қылмыс құрамының элементтерін атаңыз. Қылмыс құрамының негізгі (міндетті) және факультативті (қосымша) белгілерін анықтаңыз….
9.Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс объектісінің түсінігін беріңіз. Жалпы, топтық және тікелей объектінің түсінігін, негізгі, қосымша және факультативті объектілерді ашыңыз.
10.Қылмыстық құқықтағы қылмыстың объективтік жағының түсінігін, мазмұны және мәнін ашыңыз.Қылмыс құрамының объекктивтік жағының қажетті және…
11.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның мінез-құлқының сыртқы көрінісі ретінде сипаттаңыз.Қылмыстық-құқықтық әрекеттің….
12.Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктерін анықтаңыз. Тойтарылмайтын күштің, физикалық және психикалық мәжбүрлеудің түсінігін және олардың қылмыстық жауаптылық үшін маңызын көрсетіңіз.
13.Қоғамға қауіпті зардаптар, олардың қылмыстық құқықтық мәнін ашыңыз. Зардаптардың түрлерін айқындаңыз. Олардың қылмыстық заңда
14.Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс: түсінігі және мәнін ашып көрсетіңіз. Себепті байланыстың объективті сипатын анықтаңыз. Ұлттық және шет елдер қылмыстық құқығындағы себепті байланыстың
15.Қылмыстың субъектісінің түсінігін, оның әлеуметтік сипаттамасын беріңіз. Қылмыс субъектісі және қылмыскер тұлғасының ара қатынасын анықтаңыз.
16.Есі дұрыстықтың түсінігін беріңіз. Есі дұрыс еместіктің түсінігін, критерийлерін ашып көрсетіңіз.Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығын шешіңіз
17.Қылмыстың арнайы субъектісі және оның қылмыстық-құқықтық мағынасын аанықтаңыз. Қылмыстың арнайы субъектілері жауаптылығының дифференциациясының негіздемесін беріңіз.
18.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігін, мазмұны және мәнін ашып көрсетіңіз. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті (міндетті) және факультативті белгілерін талдаңыз.
19.Кінәні қылмыстық заңның қағидасы, қылмыстың белгісі және субъективтік жақтың элементі ретінде талдаңыз.Кінә нысандарын, олардың қылмыстық жауаптылық үшін маңызын көрсетіңіз.
20.Қасақаналық кінәнің және абайсыздағы кінәнің ара қатынасын анықтаңыз.Абайсызда жасалған әрекет ол Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiңтиiстi бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады деген ереженің қолданыстағы Қылмыстық кодексте заңдық бекітілуін түсіндіріңіз (19 бап 4-тармақ).
21.Ниет пен мақсаттың қылмыстың субъективтік жағының факультативті белгісі ретінде рөлін түсіндіріңіз. Қылмыстың субъективтік жағында эмоцияның рөлін анықтаңыз.
22Қатенің түсінігі және оның қылмыстық жауаптылық үшін маңызын көрсетіңіз. Қатенің түрлерін анықтаңыз.
23.Қылмысты жасау сатылары, сатылардың түрлерін ашып көрсетіңіз. Сатыларды қылмыс құрамының объективті және субъективті белгілері бойынша бөлуді жүзеге асырыңыз.Аяқталған қылмыстың түсінігін беріңіз. Қылмыстың заңи және нақты аяқталуын айқындаңыз.
24.Қылмысқа дайындалу: түсінігі мен мазмұны, объективті және субъективті белгілерін көрсетіңіз. Дайындық нысандарын анықтаңыз. Қылмысқа дайындалғандығы үшін қылмыстық жауаптылық негіздерін анықтаңыз.
25.Қылмысқа оқталуды анықтаңыз. Қылмысқа оқталудың түсінігі мен мазмұны, оның объективті және субъективті белгілерін көрсетіңіз. Қылмыстық құқық теориясында оқталудың түрлерін ашып көрсетіңіз. Қылмысқа оқталудың аяқталған қылмыс пен қылмысқа дайындалғандықтан айырмашылығын көрсетіңіз.
26.Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тартуды анықтаңыз. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тартудың түсінігі мен мәні және оның белгілерін ашып көрсетіңіз. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту кезінде қылмыстық жауаптылықты жоюдың негіздері мен жағдайларын айқындаңыз. Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еріктерімен бас тартуының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
27.Қылмысқа қатысудың заңи табиғатын, қоғамға қауіптілігін және әлеуметтік мәнін ашыңыз. Қылмысқа қатысудың объективті және субъективті белгілерін көрсетіңіз. Қылмысқа қатысушылардың түрлерін анықтап, олардың бөліну критерийлерін айқындаңыз.
28.Қылмысқа қатысу түрлері мен нысандарын көрсетіңіз. Қылмысқа қатысу нысандарына байланысты саралау ерекшеліктерін ашыңыз. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының шектері мен негіздерін ашып көрсетіңіз.
29.Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түсінігі мен түрлерін ашыңыз. Қажетті қорғанудың заңдылық шарттарын анықтаңыз. Қажетті қорғанудың шегінен шығып кетуді сипаттаңыз.
30.Аса қажеттіліктің түсінігі мен мазмұнын беріңіз. Аса қажеттіліктің заңдылық шарттарын ашыңыз. Қылмыс жасаған адамды ұстау барысында оған зиян келтірудің түсінігі мен заңдылық шарттарын атаңыз.
31.Қылмыстық жазаның сипаттамасын беріңіз, оның мәнін және белгілерін ашыңыз. ҚР ҚК бойынша жаза мақсаттарын көрсетіп, олардың қол жетімділіг айқындаңыз. ҚР ҚК бойынша жаза жүйесіне сипаттама беріңіз.
32.Айыппұл түріндегі жаза түсінігі мен мәнін ашыңыз.
33.Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігін, мәнін ашыңыз.
34.Түзеу жұмыстары түріндегі жазаның түсінігін, мәнін ашыңыз.
35.ҚР ҚК бойынша жаза тағайындаудың жалпы ережелерін анықтаңыз.
36.Шартты түрде соттаудың заңи табиғатын ашыңыз. Шартты түрде соттауды қолдану негіздерін, оның мазмұнын анықтаңыз. Шартты түрде соттаудың күшін жоюдың немесе сынақ мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін ашып көрсетіңіз.
37.Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерін, құқықтық негіздері мен шарттарын ашып көрсетіңіз.
38.Қылмыстық жазадан босатудың түрлерін, құқықтық негіздері мен шарттарын ашып көрсетіңіз.
39.Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың және жеңіл жазамен алмастырудың сипаттамасын беріңіз.
40.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының негіздері мен мақсатын ашып көрсетіңіз. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу….
41. Кәмелетке толмаған Ботбаев өгей әкесінің қатал қарауынан үйден және қаладан қашып кетіп, Ақтау қаласына келді….
42. Сотпен жазасын өтеуге ұзақ мерзімге сотталған Шерімов,Исатаев және Қанағатов тергеу изоляторынан қашуға уәделесті….
43. Аудандық соттың үкімімен Керімбаев ҚР ҚК-нің 188- бабының 2 және 3 бөліктерінде көзделген қылмыстар жиынтығы бойынша төрт жылға….
44. Аудандық соттың шешімімен Шәріпов ҚР ҚК-нің 316- бабының 2 бөлігі бойынша абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға….
45. Сотталушылар Батыров және Сарыбаев түзеу колониясының дүкенінен азық түлік өнімдерін ұрлауға алдын ала келісті….
46. Сарымсақова ҚР ҚК-нің 271 -бабы бойынша жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық үшін сотталды. ….
47. Аудандық соттың үкімімен Еділов ҚР ҚК-нің 120- бабының 1 бөлігі бойынша бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды…
48. ҚР ІІМ зейнеткерлері Аянов, Ибраимханов және Өткелов коммерциялық телевизиялық каналдың КТК….
49. Павлов қасақана ауыр дене жарақатын салғандығы және атыс қару құралын заңсыз иемденгені және асынғандығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды….
50. Рақымов бірінші рет КР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлІгі бойынша кылмыстық жауаптылыққа тартылды. ….
51. Жуков “Қайнар” фирмасының қоймасында күзетші болып жұмыс істей жүріп , ірі мөлшердегі тауарларды ұрлады….
52. Ушаков ұсақ талан-тараж жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 175- бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауаптылыққа тартылды. …
53. Бір жылға түзеу жұмыстарына сотталған Қырғызбаев ауыр науқастанып еңбекке жарамсыз деп танылды....
54. Әскери қызметші Өтешов қысқа мерзімдік демалысқа шығып, қала аралап серуендеу мақсатымен көршісінің көлігін айдап әкетті….
55. Әшімова ҚР ҚК-нің 115-бабымен сотталды. Сот оған екі жылға түзеу жұмыстарына тарту және жалақысының 15 % мемлекет кірісіне
56. Сұраншиев қорлау үшін айыппұл жазасына тартылды. Ол бір жыл ішінде айыппұлды төлемей жалтарғандықтан….
57. Сулеева заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге
58. 20 жасар Иванов 13 жасар Савинаны зорлады. Сот Ивановтың бірінші рет қылмыс жасағанына және жұмыс орнынан жағымды мінездемесі
59. Орал облыстық сотымен Беков алғаш рет ұйымдасқан топтың құрамында қорқытып алушылықты жасағандығы үшін
60. Заң ғылымдарының докторы, профессор Алматы заң академиясының оқу ісі жөніндегі прорект....
1.Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдісін ашыңыз. Қылмыстық құқықтың мақсаты және қызметін көрсетіңіз.....
Қылмыстық құқық - бұл қандай əрекеттердiң қылмыс болып табылатынын жəне қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен қылмыстықжауаптылық пен жазадан босатудың негiздерiн белгiлейтiн құқық нормаларын бiрiктiргенқұқықтың бiр ерекше саласы.Қылмыстық құқықтың реттеу пəнiнiң ерекше белгiсi болып қылмыстыңжасалуымен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады, яғни қылмыстыққұқық заңмен қорғалатын қатынастарға қауiптi қол сұғушылық жасалу салдарынантуындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Құқықтық реттеудiң нəтижесiнде бұл қатынастар қылмыстық-құқықтық қатынастар деген атауға ие болады.
Қоғамдық қатынастырды реттеу үшiн арнайы əдiстердi қолдану қажет.
Əрбiр қылмыстық құқықтық қатынастардың өзiне тəн əдiстерi бар:
1). Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану əдiсi,
- қылмыстық жауаптылықтан жəне қылмыстық жазадан босату əдiсi;
- Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану əдiстерi жатады.2). Реттеушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:- Барлық қоғам мүшелерiне жеке адамға, қоғам мен мемле кетке келтiрiлген қауiптiəрекеттермен белсендi күресу құқықтарын бөлiп беру. Мысалы, қажеттi қорғану құқығы.3). Ескертушiлiк қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату əдiсi жатады.
Бұл тұрғыдан алғанда қылмыстыққұқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын əрекеттi жасағаны үшiн қаралау емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi əрекеттердi болдырмау жəне қылмыстың алдын алу болып табылады. Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады.Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi,қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың
немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi.Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды. Қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істерді тергеудің және сотта қараудың тәртібін белгілейді.
Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен тығыз байланыста, яғни қылмыстық құқық қатынастар негізгі қылмыс істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару құқығының қатынасының пайда болуының негізгі заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпенде етене байланысты. Бұл екі құқық саласы ортақ міндет – қоғамға қауіпті іс әрекет- құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді. Әкімшілік шара сотталғандық атақ болып табылмайды, ал қылмыстық жазаны қолдану «сотталғандық » атаққа ұрынады. Ал қылмыстың субъектісі болып тек қана заңда белгіленген жасқа толған, қылмысты іс әрекет істеген , есі дұрыс кінәлі адам ғана бола алады. Қылмыстық құқық криминалогия пәнімен де тікелей байланысты. Егер қылмыстық құқық қылмыспен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминалогия қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы болып табылады.Қылмыстық құқықтық тыйым анықталмаған тұлғалар шеңберінде қылмыс жасаудан тоқталу міндетін жүктейді.Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастарды азаматтарды қоғамдық қауіпті қол сұғудан қорғану кезінде қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін зиян тигізу құқықтарына ие қылатын қоғамдық қатынастар. Берілген құқықтық қатынастар реттеушілік нормалар негізінде құрылады және бір уақытты және саяси пайдалы болып табылатын тұлғалардың құқықтық мінез құлықтарын реттейді.Қылмыстық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың түрлері оларды реттеуді өзіндік әдісіне сәйкес келеді. Қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеу әдістері: қылмыс жасаған тұлғаларға санкция нормаларын қолдану ,қылмыстық жауапкершіліктен босату,медициналық сатыдағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.Қылмыстық құқықтық тыйымдардан шығатын қоғамдық қатынастарды реттеу әдісі бұл тыйымды бекіту тыйымды қылмыстық жаза қаупімен ұштасады. Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар азаматтарды қоғамға қауіпті әрекеттерімен белсенді күресу құқығына ие қылу әдісімен жүзеге асырылады
2.Қылмыстық заңның түсінігі, оның негізгі және ерекше белгілерін атаңыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы.... Қылмыстық заң - қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн бекiтетiн, қоғамға қауiптi əрекеттердiң қайсысы қылмыс болып табылатындығын жəне оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт.Қылмыстық заңға мына белгiлер тəн:- Қылмыстық заң (ҚР Конституциясымен реттелген тəртiп бойынша) мемлекеттiк билiктiң жоғары органдарымен қабылданады (заңды қабылдау процедурасы).- Қылмыстық заңның жоғары заңдық күшi бар. Яғни,
а) бiрде бiр органның бұл заңды өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ;
б) барлық өзге нормативтiк актiлер заңға қайшы келмеуi тиiс;
в) өзге нормативтiк актiлерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң артықшылықты иемденедi.- Қылмыстық заңның келесi белгiсi – оның нормативтiлiгi. Қылмыстық заң өзiнiң қолданылу мерзiмiiшiнде адамдардың жалпыға мiндеттi мiнез құлқын, тəртiбiн реттейдi.- Өзге заңдардан ерекшелiгi қылмыстық заң тек қана қылмыстық құқық саласына жатады жəне қылмыстық құқықтың бiрден бiр жалғыз қайнар көзi болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында осы құқық саласының қайнар көзiн екiге бөледi: формальды жəне материалды. Қылмыстық құқықтың формальды жəне жалғыз қайнар көзi болып қылмыстық заң табылса, материалдық қайнар көздерiне мемлекеттiк билiктi, ҚР Конституциясын, жалпыға белгiлi халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн жатқызады. Қылмыстық құқықтық қорғаудың басымдықтары халықаралық тəжiрибеге жəне адам, оның өмiрi мен денсаулығын, ар намысы - қадыр қасиетiн, қол сұғылмаушылығы мен қауiпсiздiгiн – жоғары əлеуметтiк құндылық деп танитын Конституцияға негiзделген. Қылмыстық заңдардың міндеттері болып: Адам мен азаматтың құқықтарын,бостандықтарын,заңды мудделерін,меншікті,уйымдардың құқықтары мен заңды мудделерін,қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті,қоршаған ортаны,ҚР-ң конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мудделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау,сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру ушін Қылмыстық кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді,жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады,оларды жасағаны ушін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі-қылмыстан сақтандыру болып табылады.Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жузеге асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тыйым салу,нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды белгілеу арқылы жузеге асырылады.Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тыйым салған әрекет және әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады.Қылмыстық құқыққа сондай ақ тәрбиелік функция да тән.Қажетті қылмыстық заңдардың болуы,оның іс жузінде әділ қолданылуы,азаматтардың,олардың құқықтарымен бостандықтарының қорғалуы,а заматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімділігін арттырады.Қылмыстық құқықта тағы бір функция бар.Ол көтермелеу функциясы.Мундай функция азаматтардың қылмысқа қарсы курес саласындағы белсенділігін арттырады. Қылмыстық заң қылмыстық құқық қағидаларымен жалпы ережелерін қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс болып табылатыны және қылмыс жасағаны заң нормалардан тұратын ҚР-ң Парламенті қабылдаған заң шығарушылық акт.Заң – бұл а) ерекше тәртіпте қолданылатын биліктің жалпы мемлекеттік өкілетті органның б) ҚР-сы халқының еркін тікелей және тура білдіру в) аса мәнді және маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші г) жоғары заң күшін иеленуші акт.Қылмыстық заңды тұлғаны қорғау оның құқықтары мен босатндықтарын қорғау меншігін табиғи ортаны, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, бүкіл құқықтық тәртіпті қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар адамзат қауіпсіздігі мен тәрбиелілігін қорғауға көмек көрсетеді. Қылмыстық заң қылмыстың алдын алу азаматтарды республика заңдарын және Конституцияны сақтау рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Қылмыстық заң қылмыс болып табылатын қоғамдық қауіпті әрекеттерді жазалау қаупімен тыяды. Сонымен қатар ол сәйкес органдар лауазымды тұлғаларға әрекетте қылмыс белгілерінің бар болуын және кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе заңды негіздердің басуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуды ұйғарады. Қылмыстық құқықтық нормалардың ескертушілік қызметі онда санкцияның белгіленуінде негізделеді – жасаған әрекет үшін жазалану мүмкіндігі. Осыған байланысты қылмыс жасай алатын тұлғаларға ескертушілік тәрбиелік әсер ету. Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау. Тәрбиелеу қылмыс жасаған адамдарға шыдамаушылық жағдайын қалыптастырған. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың жалғыз қайнар көзі.Адаммен жасаған әрекетті қылмыс деп тану және осы тұлғаға қылмыстық жаза қолдануды тек заңмен анықталған жағдайда жүзеге асырылады.Ал қандай да болмасын басқа нормативтік актілер соттық прециденттер негізінде немесе соттың қарауына байланысты шешілмеуі керек. Әрекеттік қылмыс қатарына жатқызу және жаза тағайындау сияқты мәселелерде заңдылық қағидаларын бұлжытпай сақтау қажет. Бұл тек егер қылмыстық заң қылмыстықпен қоғамға қауіпті әрекеттермен жазалануы, жаза қолдану және одан босату шарттары анықталса ғана мүмкін.ҚР қылмыстық заң шығарушылығы ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1 қаңтарда қолдану енген ҚК-тен тұрады.
3.Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жалпы сипаттамасын беріңіз.... ҚР қылмыстық заң шығарушылық толық кодификациясын ескере отырып қылмыстық заң құрылымын ҚК және оның баптарының құрама ретінде қарастырады. Қылмыстық кодекс – қандай қоғамдық әрекеттер қылмыс болып табылмайтындығы және осы қылмысты жасаған тұлғаларға қандай жаза қолдану қажет екенін анықтайтын өзара байланысты нормалар жүйесін көрсететін ішкі бірлігімен ерекшеленетін заң шығарушылық акт. ҚР ҚК 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімде жалпы қағидаларымен қылмыстық құқық ережелерімен баяндалған қылмыстық жауапкершіліктің негізі мен шарттары ескерілген, жаза мақсаттары қалыптастырылған. Ерекше бөлімде қылмыстардың нақтылы бөлек түрлері және әрбір жасаған қылмыс түріне қолданылатын жаза көрсетілген. ҚК Жалпы және Ерекше бөлімдер өзара байланыста және бірі екіншісіз қолданылмайды. Қылмыс жасалды немесе басқа қоғамдық қауіпті әрекет жасалды ма деген сұрақты шешкен кезде ҚК Жалпы және Ерекше бөлімінің нормалары қолданылады.ҚР ҚК жалпы бөлімі 7 бөлімнен тұрады: 1. Қылмыстың заң; 2. Қылмыс; 3. Жаза; 4. Жаза тағайындау; 5. Қылмыстың жазадан босату; 6. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі; 7. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.ҚР ҚК ерекше бөлімі нақты қылмыстар үшін жауапкершілік анықталған 16 тараудан тұрады. ҚР ҚК-нің тарауы тектік объектісі өзара байланысты (туысты) болатын бірқатар баптарды қарастырады.Қолдануға ынғайлы болу үшін ҚК-нің барлық баптардың реттік саны (нөмері) болады. ҚР ҚК-нің баптарының көбі өзіндін мәні бөлімшелерден және пунктерден тұрады.Бап бөлімі (сандық) санмен белгіленген, бөлік абзацқа бөлінеді, ал пункте бөлінетін баптар әріптік белгімен белгіленеді.Тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартқанда міндетті түрде қылмыстық кодекстің нақты бабын, ал қажетті жағдайларда оның бөлімі мен пунктен де көрсету керек. Қылмыстық кодекс баптарына сілтеме тек заң мазмұны жағынан ғана емес, сонымен қатар оның нөмірі де нақты көрсетілген болды қажет. Бап нөмірінің және бөлімінің дұрыс қолданылуы заңсыз үкім шығаруға және оның күшін жоюға әкеледі.ҚК-тің ерекше бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан тұрады. Диспозиция деп нақтыны жаза (көрсетілген) көзделген әрекетті сипаттайтын, нусқайтын және атайтын қылмыстық заң бабының бөлімі.Диспозиция түрлерінің маңызды белгілері: жай, сипаттамалы, сілтеме, бланкетті.Жай диспозиция қылмысты жалпыға мәлім терминмен атын ғана айтып қалды, оның нақты белгілерін аынп көрсетпейді және сипаттамасын бермейді. Сипаттамалы деп заңшығарушы термінді атап қана қоймай, сонымен қатар оны түсіндіретін және осы қылмысты сипаттайтын негізгі белгілер келтірілген диспозицияны айтамыз.Сілтемелі диспозиция деп қылмыс белгілерін анықтау үшін, қайталауды болдырмау үшін, қайталауды болдырмау үшін ҚК-тің басқа бабына немесе баптың бөлігіне сілтеме жасайтын диспозицияны айтамыз.Бланкетті деп ерекше бөлім баптарын, яғни қылмыстық әрекет белгілерін тікелей заңның өзінде анықтамай, оны басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге –үкімет қаулылары мен жарлықтарына, министрліктердің бұйрықтары мен ережелері, жүпілікті билік органдарының нұсқаулары және т.б. Қылмыстың заңда бланкетті диспозициялар немесе оның бөлімдері болмағанда, кейбір әрекеттердің белгілерін сипаттағанда баптардын көлемі, тым ұлғайып, оны пайдалану мүмкін емес болар еді.Санкция деп – берілген қылмыс жаза түрі мен мөлшерін анықтайтын қылмыстық заң бабының бөлімі.Санкция абсолютті – айқындалған және салыстырмалы-айқындалған болады.Абсолютті-айқындалған санкция бір ғана жазалау шарасын орнықтырады, сонымен қатар оның түрін, және жаза мөлшерін де көрсетеді. Мұндай санкциялар сотқа әрбір қылмыс ерекшелігін ескеруге мүмкіндік бермейді және негізінен қылмыскер тұлғасын, сондықтан олар өте сирек қолданылады. Сонымен қатар 10 жылға бас бостандығынан айыру сияқты минималды (ең аз) шектерін белгілейтін санкциялық баптар бар. Салыстырмалы-айқындалған санкция, деп ең төменгі және ең жоғарғы жаза шектерін белгілейтін санкцияны айтады.Салыстырмалы-айқындалған санкциялардың 2 түрі бар: 1) жазаның минимумы мен максимумы көрсетілген – бұл жағдайда заңда жазаның төменгі және жоғарғы шектері белгіленеді, жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі. (Мыс, 3-тен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру); 2) жазаның максимумыныңкөрсетілуімен («дейін» мерзімімен – мыс, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру).Көптеген санкциялар балама түрде көрсетілген, сондықтан сотқа екі немесе одан көп жазадан таңдау мүмкіндік береді.Кәзіргі әрекет етіп жатқан қылмыстық заңда балама (альтернатив) санкциялар жиі қолданылады және оны дұрыс деп табамыз, себебі ол бір түрі көлемінде сотқа тек жаза көлемін ғана емес, сонымен қатар (орынды) мақсатқа сәйкес жаза түрін таңдауға мүмкіндік береді.
4.Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмысқа қатысты қылмыстық заңның күшін анықтаңыз.... ҚК баптарында қылмыстық заңның кеңістіктегі әректеінің қағидалары анық-талған: территориалдылық және азаматтық.Егеменді мемлекеттің тұрақтылығына негізделген бірінші қағидасына сәйкес , ҚР-ның аумағында қылмыс жасаған адам қылмыс жасалған жердегі әрекет ететін қылмыстық заңға сәйкес (жауапкершілікке) жауапқа тартылады.Азаматтылық қағидасы ҚР-ның азаматтарының шет елде жасаған қылмыстары үшін республиканың қылмыстық заңына сәйкес жауапкершілік кезделген. Осыдан келе, территориалдылық қағида азаматтық қағидасымен үйлеседі.ҚР территориясы болып оның мемлекеттік шеқарасына кіретін құрлық, ішке өзен, көл және теңіз сулар кеңістігі, әуе кеңістігі және су беті шектері жатады.Құрлық территориясы мұхит және сыртқы теңіз суларымен жанасқан жағдайларда, мемлекет территориясына жағалау сулары мен әуе кеңістігінен 12 теңіз милі жоғары қашықтық жатады. Біздің мемлекетіміздің қылмыстық-құқықтық нормалары ҚР континентальдік шельф (Каспий теңізі) кеңістігінде жасалған әрекеттерге де қолданылады.Шельф-теңіз территориясына жанасатын белгілі тереңдік және теңіз қойнау түбінің тереңдігі.Сулы және құрлық бетінің территориясының төменгі кеңістігі жатады және ҚР-ның мемлекеттік шекарасымен анықталған қойнау терендігі шектелмеген.ҚР әуе кеңістігі құрлық пен су аумағы үстіндегі берілген аспан кеңістіктері жатады.Ішкі теңіз сулары ҚР-ның территориалдық теңіз енің өлшеу қабылданған (белгіленген) бастапқы сызықтан жағалауға қарай жолбыған теңіз сулары.Территориалдық теңіз – ҚР –ның заңнамаларына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес өлшенген, ені 12 теңіз миль теңіз жағалауындағы теңіз сулары.Ашық теңіз – рұқсаты халықаралық құқықпен реттелетін ҚР-ның террироалдық теңізіне немесе басқа мемлекеттердің теңіз, мұхиттарына жатпайтын кеңістік.Континентальдык шельф –1958 ж. Женева Конвенциясына сәйкес берілген түсінік 200м-ге дейінгі тереңдіктегі территориалдық теңіз шегінен тысқарғы, жағаға жанасып жатқан, жағалау мемлекеттердік жер беті мен жер қойнауы су асты ауданын да алып жатады.ҚР-ның территориясына болып шетел мемлекетінің территорияда немесе осы территорияда ұшып өтіп жатқан ҚР-мен танылатын жалауы бар, әскери емес ұшақтары табылады.ҚР-ның ҚК-не сәйкес Қазақстан Республикасы территориясында қылмыс жасаған барлық тұлғалар, сонымен қатар шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қылмыстың жауапкершілікке қылмыс жасалған жерде әрекет ететін қылмыстық заңмен ҚР-ның азаматтарымен жалпы негіздерде (бірдей құқықтарда) жауапқа тартылады.Әрекет етіп жатқан заңға және халықаралық келісім шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының соттарының қылмыстық істері бойынша соттылықты емес азаматтары мен шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерінің қылмыстық жауапкершілік мәселесі, бұл тұлғалар Қазақстан Республикасы территориясында қылмыс жасаған жағдайда дипломатиялық жолмен шешіледі. Жеке қол сұғылмаушылықпен және қылмыстық жауапкершіліктен иммунитетпен әрдайым қолданатындар: дипломатиялық өкілдік басшысы (елші, істерде сенілген), кеңесші, сауда өкілдері және олардың орынбасарлары, әскерилер, әскери теңіз және әскери әуе аттешелері және олардың көмекшілері, бірінші, екінші және үшінші хатшылар, атташе және хатшы-архиваристер, сонымен қатар олармен бірге тұратын, ҚР азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері. Экстерриториалдылық құқық дипломатиялық өкілдердің көліктері, қызмет және тұрғын үйлеріне таралады. Бірақ бұл дипломатиялық иммунитетті дипломатиялық өкілдік қызметімен байланысты емес мақсатта қолдануға құқық бермейді. Экстерриториалдық құқықты асыра пайдаланатын тұлғалар «персона нон грата» деп жарияланады. Оларға ҚР территориясының тастап кету ұсынылады.ҚР ҚК-ң азаматтық қағидасына сәйкес ҚР шегінен тыс жерлердегі қылмыстарға қатысты қолданатын ҚР ҚК әрекеттеі анықтайтын келесі тұлғалар категориясы: ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шет елдіктер. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады деп белгіленген. ҚР-ң шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шет елдіктер қылмысты ҚР-ң мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және ҚР халықаралық шарттарында көзделген жағдайында егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және олар ҚР аумағында жауапқа тартылса осы кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Бұл жағдайда ҚР территориясындағы дипломатиялық имунитетпен қолданатын тұлғалардан басқа шет елдіктер ескерілген.ҚР ҚК-нде 4 б көрсетілгендей: «Әрекеттің қылмсытылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасаған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленді.»
