- •1.«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
- •2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
- •3. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
- •5.Хх ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
- •6.Хх ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз
- •7.Қазақстанның қазрігі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастырыңыз
- •9. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз
- •10. Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
- •Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
- •11. Әлихан Бөкейхан- хх ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
- •12. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •13. Түркістан автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметі
- •14.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
- •15. .Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
- •16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •18. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
- •19. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы
- •20. Кеңес үкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері
- •21. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш” қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
- •22. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызы
- •23. Қырғыз (Қазақ) акср – нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз
- •24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
- •26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
- •27.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.
- •28.Кеңес үкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.
- •29.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
- •30.Соғысқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
- •31.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
- •32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
- •33. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
- •34. Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •35. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз.
- •36.Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •37. Хрущевтың жылымығы жылдарындағы Қазақстан
- •38.Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз
- •39. 1955,1962 Жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарас
- •40.Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсздіктерін ашып көрсетінің.
- •41.Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз:
- •42.Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
- •45. Кеңестер одағының ыдырауы және тмд-ның құрылуы
- •46.Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын талдаңыз
- •47.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты
- •48.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлары
- •49.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
- •50.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •51.Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз
- •52.Эспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
- •53. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер мен халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
- •54.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор
- •55. 2009 Жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.
- •56. Үкіметтік емес ұйымдардың , кәсіподақтардың азаматтық қоғам институттарының дамуы
- •57 .Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық моделінің ерекшеліктері
- •59. Қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясатының бағытын талдаңыз
- •61. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру
- •65. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
- •67,71(Екі сұраққа бір жауап).''Мәңгілік ел'' ұлттық идеясының мәні мен маңызын талдаңыз
- •68.Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •69.Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз
- •70.Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларын талдаңыз
- •72.Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
- •73. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этосаяси урдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері
- •74.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз
- •75. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
46.Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын талдаңыз
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау - рухани мұралардың сақталуына бағытталған мемлекеттік шаралар кешені. Қазақстанның немесе өзге мемлекеттің аумағындағы қазақ халқының тарихи және мәдени мұралары мемлекет тарапынан қорғауға алынады. Тарихи және мәдени мұраларға тарихи немесе мәдени мәні бар діни не зайырлы сипаттағы мүліктік құндылықтар жатады: өнер туындысы, кітап, қолжазба, инкунабула, мұрағат материалдары, архитектуралық, тарихи шығарма, монументалдық ескерткіштердің құрылымдық бөліктері, т.б. Рухани мұралар тізімге алынып, мемлекет аумағынан сыртқа шығарылмайды. Тек белгілі бір мәдени іс-шаралар кезінде құзіретті органның қатаң бақылауымен уақытша сыртқа шығарылуы мүмкін. Рухани мұраларды қорғау және сақтау мәселесі халықаралық дәрежеде қолға алынған. Көптеген халықаралық актілердің арасынан 1954 жылғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұраларды қорғау туралы», 1972 жылғы «Мәдениет және табиғат мұраларын қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы» Конвенцияларды атауға болады.
Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды, сөйтіп, келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазақстанда 25 мыңнан астам тарих, археология, сәулет және монументтік өнердің жылжымайтын ескерткіштері бар, оның ішінде 218 Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Мемлекеттік мұражайларды қорлары мен экспозицияларында 2 миллион 56 мың бірлік мәдени құндылықтар сақталуда. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптасу үрдісінде қоғам мен мемлекеттің тарихи және мәдени мұраға деген көзқарасы едәуір өзгерді. Сол уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасы қалыптасып, жетілдірілді. ЮНЕСКО, ICOMOS сияқты шетел және халықаралық ұйымдармен ескерткіштерді қорғау және дәріптеу саласында, ғылыми салада ынтымақтастық белсенді дамыды. Халықаралық маңызы бар екі ескерткіш ЮНЕСКО Бүкіләлемдік Мәдени және Табиғи мұра тізіміне енді. Оның біреуі – Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Екіншісі ескерткіш «Тамғалының жартастағы петроглифтері» - бұл Жетісудағы жартасқа жазылған өнердің ең бір көнесі және әйгілі, мұнда 1950 жылдардың соңында көптеген жартастағы суреттері бар ғибадатханасы табылған. Сонымен қатар, Республикада бірқатар аса көрнекті археологиялық нысандар (31 нысан) бар, олар Ұлы Жібек Жолы нысаны бойынша сериялық трансұлтты номинация аясында ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының алдын ала тізіміне енген.
2004 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің №1227 Жарлығымен бекітілген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ғылымын және қоғамын еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарын қорғау мен ұқыпты пайдалануға бағдарланған. Осы маңызды құжатта зерттеулердің археологиялық бағытына ерекше көңіл бөлінген. Соның ішінде барлық тарихи орындарды зерттеуге, ұлттық тарихи мұраларды халықаралық деңгейде насихаттауға, тарихи-мәдени мұраларды кешенді түрде зерделеуге басымдық берілген.Осы бағдарламаның сәтті аяқталуына орай өткен шарада Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты екенін айта кетті.Бағдарламаны іске асыру барысында тарих пен мәдениеттің 35 ескерткішінде қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Қазақстан аумағындағы 30 қалашықта, қоныста, тұрақта, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді.Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және ұқыпты пайдалануға қатысты мемлекеттік реттеу мәселелері Қазақстан Республикасындағы басымдық берілген міндеттердің бірі. Материалдық мұра объектілерінің сақталуын, ғылыми және мәдени пайдаланылуын қамтамасыз ету мемлекеттің өзіндік мәдени-ұлттық ерекшелігін дамытуға жағдай жасайды, қазіргі заманғы жаһандық және интеграциялық үдеріс жағдайында қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда тарихи, археологиялық, сәулеттік және мәдени ескерткіштердің қирауы мен мүлдем жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан, бұл проблема одан сайын өзекті бола түсуде. Орын алып отырған күрделі экологиялық, антропогендік факторлар қоршаған табиғи және мәдени ортаның жағдайына, оның маңызды құрамы болып табылатын тарихи және мәдени ескерткіштердің үгітіліп қирай түсуіне ықпал етуде. Сондай жағдайда тұрған ескерткіштерді анықтау және зерттеу арнайы археологиялық зерттеу әдістерін қолдануды, әртүрлі ғылым мен білім жүйелерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа бағдарламалар мен жобалар кешенін әзірлеуді талап етеді. Барлау-іздестіру жұмыстарына нанотехнологиялық және инновациялық әдістер қолдану көп жағдайда алға қойылған міндеттің нақты маңыздылығына және, әрине, мамандардың кәсібилігіне тікелей байланысты болмақ.Бүгінгі таңда зерттеуші-археологтар Отырар, Қойлық, Талғар, Ақыртас қалашықтарында, Беғазы, Есік, Берел қорымдарында іздестіру және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Олар ескерткіштердің сақталуы мен «өмір сүруін» ұзарту, мұражайландыру, яғни мұражайлық және күзетілетін нысанға айналдыру (Әзірет Сұлтан, Есік, Берел, Мерке-Жайсаң, Тамғалы петроглифтері тарихи-мәдени қорықтары) мәселелерімен айналысуда; тарих және мәдениеттің ғажайып ескерткіштерін (Бесшатыр, Есік, Берел, Боралдай мен Шілікті қорғандарын және еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан көптеген тау-тасқа салынған суреттерді) қирап жойылудан құтқарады, Майбұлақ тұрағы мен Сарайшық қалашығының сақталуы жолында еңбек етуде. Осы тұста атап айтар болсақ, ортағасырлық кезеңде үлкен әкімшілік округтің орталығы болған, аумағы Шаштан Қашғарға дейін созылып жатқан Испиджабтың археологиялық ескерткіштерін зерттеуде археологтардың қосқан үлесі зор.
Қазақстанның егемендік алуы қоғам алдында жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені сіңіруді маңызды міндет етіп қойды. Бұл – қоғам мен мемлекеттің дамуындағы рухани тірек, еліміздің төзімділігі мен заманауи әлемдегі бәсекелестік қабілеттілігінің кепілі болып табылатын терең сезімдердің бірі. Біздің көпұлтты мемлекетіміз үшін патриоттық идеясы өте маңызды, ол халықты біріктіріп, тұтас та болашаққа ұмтылатын елді қалыптастыруға ықпал етеді.
Елбасымыз жастардың жан-жақты дамуы мен тәрбиесіне және біліміне Қазақстанның адами капиталын өсіру деген тұрғыдан айрықша көңіл бөлуде.
Жастардың ортасындағы азаматтық жауапкершілік пен патриоттыққа тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздердің рөлі жоғары. Себебі, өз Отанына деген сүйіспеншілік әрқашанда мемлекеттік рәміздерге де құрметтен бастау алады. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – біздің патриоттық және жоғары азаматтылығымызды көрсететін қасиет. Елбасымыз 4 маусымды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні деп жариялады. Енді жыл сайын осы күні жастар белсенділікпен қатысатын патриоттардың форумдары өткізіледі. Бұл күні облыстық мәслихаттың депутаттары өңірлерге шығып, ауылдарда ұжымдармен кездесіп, еліміздің Елтаңбасының, Әнұраны мен Туының рөлі мен маңызы туралы кең түрде түсінік жұмыстарын жүргізеді. Патриоттықты насихаттау және дамыту мәселелері облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына енгізілген.
Патриоттыққа тәрбиелеу – біздің көпұлтты қоғамымыздың жетістіктерінің негізі. Себебі, қазақстандық патриоттықтың іргетасы барлық азаматтардың тең құқыққа ие болуы және Отан үшін, оның болашағы үшін ортақ жауапкершілігі болып табылады. Ал біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі –қазақстандық патриотизмнің бастау көзі. Тәуелсіздіктің қасиетін түсіну, халықты бірлікке шақырған Қазақстанның бірлігі мен жалпыұлттық идеяның негізі және еліміздің болашағын жасауға ұмтылған ұрпақтың баға жетпес игілігі.
«Патриот» сөзі – ұлы сөз, егер адамзаттың тарихына көз жүгіртсек, онымен әртүрлі халықтар өз жерлерін қорғады, сонымен өлді, сонымен бас көтерді. Патриоттық – бұл өз отанына деген сүйіспеншілік. Басқалардың отанын кемсітпей, өз отаныңды сүй, басқа ұлтты кемсітпей, өз ұлтыңды сүй.
Біздің әрбіріміз Қазақстанның болашағы және оның өркендеуінің кепілі отбасылық құндылықтарды, тілді, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу екеніне сенімдіміз. Сондай-ақ, өзге ұлттар мен ұлыстардың тіліне, дініне, діліне құрметпен қарауымыз керек. Патриот сөзінің жоғары мағынасы мен мәртебелі мәні, міне, осында.
