- •1.«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.
- •2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.
- •3. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
- •5.Хх ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.
- •6.Хх ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз
- •7.Қазақстанның қазрігі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастырыңыз
- •9. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз
- •10. Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
- •11. Әлихан Бөкейхан- хх ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
- •Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
- •12. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •13. Түркістан автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметі
- •14.Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.
- •15. .Хх ғ бас. «Айқап» журналы мен «қазақ» газетінің маңыздылығы.
- •16. Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.
- •18. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
- •19. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы
- •20. Кеңес үкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері
- •21. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш” қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
- •22. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызы
- •23. Қырғыз (Қазақ) акср – нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы баяндаңыз
- •24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
- •26.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.
- •27.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.
- •28.Кеңес үкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар.
- •29.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз.
- •30.Соғысқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
- •31.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
- •32.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
- •33. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
- •34. Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •35. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз.
- •36.Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •37. Хрущевтың жылымығы жылдарындағы Қазақстан
- •38.Ксро мен ҚазКср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз
- •39. 1955,1962 Жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарас
- •40.Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсздіктерін ашып көрсетінің.
- •41.Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз:
- •42.Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
- •45. Кеңестер одағының ыдырауы және тмд-ның құрылуы
- •46.Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын талдаңыз
- •47.Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты
- •48.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлары
- •49.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
- •50.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •51.Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын талдаңыз
- •52.Эспо-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
- •53. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер мен халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
- •54.Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор
- •55. 2009 Жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.
- •56. Үкіметтік емес ұйымдардың , кәсіподақтардың азаматтық қоғам институттарының дамуы
- •57 .Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық моделінің ерекшеліктері
- •59. Қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясатының бағытын талдаңыз
- •61. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру
- •65. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.
- •67,71(Екі сұраққа бір жауап).''Мәңгілік ел'' ұлттық идеясының мәні мен маңызын талдаңыз
- •68.Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •69.Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз
- •70.Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларын талдаңыз
- •72.Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
- •73. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этосаяси урдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері
- •74.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңыз
- •75. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.
24.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз.
Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.
“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:
§ Қазақ ауылын кеңестендіру;
§ Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;
§ Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу. Қазақ ауылдарында кеңес үкіметінің төменгі сатыдағы билік органдары жергілікті кеңестерді құру міндеті қойылды. Ауылда 1925 жылға дейін коммунистерді және олардың теңестіру ұстанымын қолдамайтын байлар мен ауқатты шаруалардың ықпалы әлі күшінде еді. Көптеген аудандарда ауылдық Кеңестер болмады, немесе Кеңес басшысы байлар табынан да табылатын. Мұндай жағдайға Орталық та, жергілікті коммунистер де қарсы болды.
1926-1927 жылдары бұрын болмаған жерлерде Кеңестер құрылып, ал бұрыннан қызмет жасап жүрген жерлерде қайта сайлау жүргізілді. Жергілікті байлар ықпалынан кеңестерді қорғау үшін олардың пайыздық құрамын - кедейлер, батрақтар, әйелдер мен коммунистердің қанша болуы керектігін жоғарыдан бекітті. 1927 жылдың қаңтарында ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті (ОАК) ауылдық Кеңестерге жер дауы мен су мен жайылымдарды бөлу сияқты кейбір азаматтық және еңбек мәселелерін қарастыру және шешу құқығы берілді.
1928 жылға қарай белгіленген пайыздық үлесіне сай ауылдық, болыстық Кеңестердің құрамы 50-60%-ға жаңартылды. Бұл жағдай орталық билікке алыс аймақтарды басқаруды жеңілдете түсті.
Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу.Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылы 20 мамырда шыққан Қазақ АКСР ОАК-нің қарары бойынша“Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы бойынша шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу құқығы жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерге бекітілді.
1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлер ірі байлардан тартып алынып кедейлерге таратылды.
Жерді қайта бөлу негізгі – экономикалық жағдайды жақсарту мәселесіне шеше алмады. Себебі қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Жер бергенімен мал бермеді. Ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б. заттарға өте зәру болды. Малсыз жерді пайдалану, жер өңдеу техникасының болмауы жерді пайдалана алмады. Сондықтан көптеген кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелері-байларға қайырып берді. Осылай бұл реформа сәтсіздікке ұшырады. Партиялық органдар жерді тек бөлудің жеткіліксіз екендігін түсіне бастады.
Қазақстанның егіншілік Халық Комиссариатына арнайы тапсырмалар берілді. Губерниялық, уездік және округтік атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «бестіктер», ал облыстық атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «үштіктер» ұйымдастырылды. Оның құрамын сол аймақтардағы атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер бекітетін болды. Алайда, шабындық және егістік жерлерді бөлу шарасы ауылдан қолдау таба қойған жоқ. Шабындық және егістік жерлерді бөлуді өткізуде бірқатар қиыншылықтар кездесті:
1. жерлерді есепке алу жүргізілмеді;
2.байларыдың қарсылығына кездесті;
3. Қосшы одағы белсенділік көрсетпеді;
4.кедейлердің бай үшін кезекке тұрған жағдайдһлары да кездесті;
5. жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ.
Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губернияснда – 84 605 дес., ал бұрынғы Жетісу губерниясында – 31 961 дес., бұрынғы Семей губерниясында – 17 365 дес., шабындық, егістік алқаптары тартып алынды, кедейлерге берілді. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф.Голошекиннің «Кіші Қазаны» - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды.
Қазақ ауылының дәстүрлі табиғатымен әлі толық таныса қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы қазақ ауылының негізі шаруалар бұқарасын өз соңынан ертіп кетуі үшін терең әлеуметтік өзгерістер қажет екенін, ал, ол 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу реформасы мұндай терең өзгерістерге барар жолдағы алғашқы қадам ғана екенін ұғына қоймады. Егер Ф.Голощекин айтқандай, 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу қазақ ауылында кеңес өкіметінің жеңісіп қамтамасыз еткен болса, онда 1928 жылғы ірі қазақ байларын тәркілеу де, 1929 жылдан басталған күштеп ұжымдастыру да қажет болмайтын еді.
Сонымен «Кіші Қазан» қалыптасып келе жатқан тоталитарлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық негізін жасады. Ф.Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысының әлсіздігін жергілікті партия органдарынан емес, қазақ байынан және рулық қатынста көрінді. Ф.Голощекин өзінің ауылды кеңестендіру. яғни «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік бағытына бүкпесіз ашық қарсылық білдірген С.Сәдуақасовты ең басты қарсылысы ретінде таныды. «сәдуақасовшылдықты» Қазақстан партия ұйымы үшін аса қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. кейінгі кезеңдерде олардың қатары көбейіп әр түрлі «шылдықтар» айыптау науқандарына ұласты.
25. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдыңыз. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды.Кеңес үкіметі көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп, бұрын болмаған әлеуметтік тәжірибеге жол берді. Мұның бірден-бір себебі астық мәселесін күрделендірген гипердинамикалық индустриалды даму жоспары болды. Өндірісте істейтін миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Ал Қазақстанда астықты аудандарды ұлғайту мәселесі егін егуге қолайлы жерлерді жайылымға пайдаланып отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы келді. Міне, осы кезде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды және ол ұжымдастырумен қатар жүрді. Отырықшылыққа көшетін қазақтарды үймен қамтамасыз ету мәселесі өте қажет және бірінші тұрған міндет деп санамады. Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады деп есептеді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің YІ Пленумында 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Аштықтан өлген адамдарды жинап, көмуге мүмкіндік болмаған. Аштықтың салдарынан адам етін жеу фактілері де өте көп болған. Аштыққа ұшыраған қазақтар босқын болып, елден шет аймақтарға үдере көшті. Қазақстаннан шет аймақтарға кеткен қазақ босқындарының ауыр да жанкешті тұрмысы туралы да деректер жеткілікті. Зерттеушілер 1930-1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді. Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет аймақтарға үдере көшуі нәтижесінде халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Мысалы, 1937 жылдың басында халық шаруашылығы есебінің бастығы М. Саматовтың Л. Мирзоянға берген мәліметі бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында халық саны 2 есеге кеміген. Қазақ халқының ауыр жағдайын Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамының баяндама хаттарынан және Ресейдің басшы мемлекет қайраткері ретінде жергілікті жерлерден Мәскеуге келіп түсіп жатқан басқа да мәліметтерден хабардар болған Т. Рысқұлов, көп кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы партия мен үкімет басшыларына жазылған хаттар қатарын О. Исаевтің және “Бесеудің хаты” толықтырады. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте “Ауыл шаруашылығы туралы” қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы “кемшіліктерді түзеу” бағыты белгіленеді. Алайда қаулы өлкелік комитеттің жүргізген саясатын айыптамады, тіпті, ол қаулыда аштық туралы бір сөз жоқ. Қаулы егіншілік аудандарында жеке меншікте 2-3 бас сиыр, 10-20 бас қой, ал мал шаруашылығы аудандарында 100 бас қой, 8-10 бас ірі қара, 3-5 түйе, 8-10 жылқыға дейін ұстауға рұқсат берді. Қазақстанда 624 ферма таратылды. Жойылған товарлы фермалардан 216370 бас мал колхозшылардың өзіндік шаруашылықтарына пайдалануға берілді. Колхоздар мен совхоздардан 680 мың бас мал шаруалардың жеке меншігіне сатылды. Екінші бесжылдық жоспарды орындау кезінде, яғни 1933-37 жылдары Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығында ұжымдастыруды аяқтау, ауыл шаруашылығын қайта құру, колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайту міндеттерін белгіледі. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін большевиктік партия республика ауыл шаруашылығын саяси нығайту қажет деп, колхоздар жанынан саяси бөлімдер құрды. 1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мәңгі пайдалануға берді. Осы жылы ТОЗ-дардан ауылшаруашылық артельдеріне көшіру басталды да, 1937 жылы бұл процесс толық аяқталды. 1939 жылы 8 шілдеде БК(б)П Орталық комитеті “Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы” қаулы қабылдайды. Сонымен, Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.
