Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
B дегейі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.71 Кб
Скачать

8.Басқару нысандары түрлерін анықтаңыз.

Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды  элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан оның билігі- мұра билік. Мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасын республика деп атайды. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды.  Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды

9.Басқару құқықтық актілерін анықтаңыз.

Басқардың құқықтық актісі-бұл өкілетті орган (лауазымды адам) тиісті белгіленген рәсіммен шығаратын мемлекеттік-биліктік сипаты бар,басқару қатынастарын реттейтін немесе нақты басқару ісін шешетін,кімге арналса,соның мінез-құлқын жекелеп айқындайтын заңға тәуелді заңдық акт

Басқару құқықтық актісінің белгілері

-заңдық актінің бір түрі

-заңға тәуелді сипаты бар

-құзыретті субьект шығарады

-заңдық – биліктік нұсқама

-белгілі бір құрылым

-белгілі бір рәсімдік тәртіп

-белгілі бір заңдық салдардың туындауына әкеп соқтырады

10.Басқару әдістері түрлерін анықтаңыз.

Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар:

1.Әкімшілік  әдістері

2.Экономикалық

3.Әлеуметтік-психологиялық

Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді.

Экономикалық әдістердің тұтас жүйесі нарықтық экономика жағдайында мынадай міндетті істерді орындайды: реттеуші, теңгерімші және бөлуші. Экономикалық әдістердің көмегімен тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен импортының көлемі мен бағытында және басқа да экономикалық процестерде құрылымдық жылжулар реттеледі.

Әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін білдіреді

Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.

11.Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық құрамы

Әкімшілік құқықбұзушылық кұрамы дегеніміз бұл нормативті құқықтық актімен бекітілген элеметтердің жиынтығы және солар бар болғанда әкімшілік жауаптылық пайда болады.

Кейбір жағдайларда әкімшілік құқықбұзушылық барлық белгілірі болса тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауаптылыққа тарту заңсыз болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы-әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде көрсететін обьективтік және субьективтік белгілердің жиынтығы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамының элементтері:

Обьективтік- обьект және обьективтік жағы

Субьективтік- субьект және субьективтік жағы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]