Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
B дегейі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.71 Кб
Скачать

1.Әкімшілік құқықтың қайнар көздерін сипаттап жазыңыз.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар. Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет: 1)Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет. 2)Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет; 3) практикалық маңыздылығы болуы қажет, әкімшілік құқықтық қатынас субъектілерінің қызметінде жиі қолданылатындай болуы тиіс.

2.Әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі орнын анықтаңыз.

Әкімшілік құқық – Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.  Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік –мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады. Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында ҚР заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен ҚР-да құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік-құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.

3.Қр азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздерін жазыңыз

ҚР азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі – ҚР Конституциясымен және  қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген азаматтың жалпы құқықтық  мәртебесінің маңызды және құрамды бөлігі болып табылады. Әкімшілік құқық сферасындағы  азаматтардың құқықтары мен бостандықтары негізінен  конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайды және көптеген заңдарда және заң күшіндегі актілерде  нақтыланады.

Азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін экономикалық, саяси және ұйымдық – құқықтық деп бөлуге болады.

Ұйымдық – құқықтық  кепілдіктерге   соттық және соттан  тыс кепілдіктер жатады.

Шағымның екі түрі болады: әкімшілік және соттық. Әрқайсысы  өз кезегінде жалпы және арнайы болуы мүмкін.

Жалпы әкімшілік  шағым жасауға құқық  ҚР Президентінің  1995ж. 19 маусымдағы “Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы” заңды күші бар Жарлығымен реттеледі, соған сәйкес   шағым азаматтардың шағымдануларының бір түрі болып табьлады (өтініш, арыздарымен, ұсыныстары мен сұрауларымен қатар)  және олардың құқықтарын  бұзу фактісімен байланысты.

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың  әкімшілік – құқықтық мәртебесінің  ерекшеліктері:

- мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында  жұмыс істей алмайды;

- мемлекеттік  құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді;

- әскери міндетті емес;

-құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке  тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін;

- тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа  шығару сияқты  әкімшілік жаза қолданылады;

- ҚР аумағына  рұқсаттары болғанда ғана  кіре алады;

- шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар  арнайы құжаттары болғанда  ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге  асырады;

- шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша  олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда  осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң   олар  өзінің уақытша  келгенін тіркеу қажет.

- шетел азаматтарының қозғалыстарына  және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]