- •1. Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторлары
- •Орташа айлық атаулы және ең төменгі жалақының арақатынасы
- •2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •Халық саны және табиғи өсімі
- •3. ДемогрАфИялық көрсеткіштері
- •4. Жұмыспен қамту
- •5. Үй шаруашылықтарының сипаттамасы. Табыстар, шығыстар және халықтың тұтынуы
- •6. Табыстарды БөЛудің әркелкілігі
- •7. Халыққа арналған тауарлар мен қызметтер
- •8. Халықтың тұрғын үй жағдайы
- •9. Әлеуметтік қамсыздандыру және халыққа әлеуметтік көмек
- •10. Денсаулық және қоршаған ортаны қорғау
- •Курстық жұмыс
10. Денсаулық және қоршаған ортаны қорғау
Ауру-сырқаулық деңгейі бірінші рет диагноз қойылған аурулар санының тұрақты халықтың орташа жылдық санына қатынасымен анықталады. Нәтижесі 100000ға көбейтіледі. Халықтың ауру-сырқаулығы туралы деректерді статистикалық әзірлеу үшін ауру-сырқаулық және өлім-жітім туралы аурулардың халықаралық сыныптамасы АХС-10 “Аурулардың және денсаулығымен байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық сыныптамасы” қолданылады.
Перинаталдық өлім-жетімі. Ананың босану қызметінің басталуына дейін және босану уақытында өмiрге икемдi ұрығының өлім-жітімі және 7 күнге дейінгі жастағы жаңа туған балалардың өлім-жітімі.
Өлім-жітімнің жас коэффициенттері күнтізбелік жыл ішіндегі осы жаста қайтыс болғандар санының осы жастағы адамдардың жылдық орташа мөлшерінің санына қатынасы ретінде есептеледі. Осыған ұқсас өлім себептері бойынша өлім-жітімнің коэффициенттері көрсетілген өлім себептерінен өлгендер санының адамдардың жылдық орташа мөлшерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Жалпы дәрігерлер санына жыл аяғына емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде, медициналық ғылыми-зерттеу институттарында, кадрлар дайындаумен айналысатын мекемелерде, денсаулық сақтау органдарының аппараттарында және басқаларда жұмыс істейтін жоғары медициналық білімі бар барлық дәрігерлер кіреді. Дәрігер санына дәрігердің қызметіне орналасқандар саны емес жеке тұлғалар қосылады.
Жалпы орта медициналық қызметкерлер санына емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, балалар үйінде және басқаларда жұмыс істейтін (тіс дәрігерлерінен басқа) орта медициналық білімі бар барлық адамдар (фельдшерлер, акушерлер, медбикелер және басқалар) кіреді.
Аурухана мекемелерінде қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған және аурулары бар немесе жоқтығына қарамастан аурулар қабылдауға дайын жыл соңындағы төсектер саны есепке алынады.
Халыққа амбулаториялық - емханалық көмек көрсететін дәрігерлік ұйымдар санына амбулаториялық қабылдау (емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, аурухана мекемелеріндегі емханалық бөлімшелері, дәрігерлік денсаулық пункттері және басқалары) жүргізетін барлық медициналық мекемелер кіреді.
Емдеумен санаторийлер және пансионаттар – төсекорындармен жабдықталатын және көбінесе табиғи факторлардың шипалы қасиеттерінің негізінде уақыттың белгілі аралықта ауыратындарды сауықтыратын емдеумен қамсыздандыратын емдеу-профилактикалық мекемелер. Олар бәрі мамандандырылған, бір немесе көп профильді болуы мүмкін. Оның ішінде қажетті құралсаймандармен жабдықталған және бос немесе бос еместігіне қарамастан ауыратындарды қабылдауға дайын нақты жайылған төсек-орындар есептеледі.
Демалыс үйлер, пансионаттар, демалыс базалары және басқа да мекемелер белгілі мерзімде адамдарды орналастыратын және тамақтандыратын немесе тек қана орналастыратын халықтың демалуына арналған мекемелер. Мұндай мекемелер жыл бойы немесе маусым кезінде (маусымды) жұмыс істеу мүмкін. Олардағы орындардың есебі демалудың ең жоғарғы өрістеуі айларында жүргізіледі.
Табиғи көздерден су алу (бас тоған) – алдағы уақытта суды пайдалану мақсатында жер үсті (теңіздер қоса) су қоймалары және жер асты қабаттарындағы су ресурстарын алу көлемі. Су алудың жалпы көлеміне пайдалы қазбаларды өндіру кезінде алынған пайдаланылатын шахта-руда сулары кіреді. Бұл көрсеткішке электр энергиясын өндіру, кемелерді шлюз арқылы өткізу, балық өткізу, кеме жүретін тереңдікті сақтау үшін су тораптары арқылы өтетін су көлемі кірмейді. Сондайақ, ірі арналарға жіберу үшін транзиттік су алу көлемі есепке алынбайды.
Ағынды суларды ағызу (су қайтарғысы) – бұл ағынды сулардың барлық түрлерін тікелей су қоймаларына, жер асты қабаттарына, ағынсыз ойыстарға ағызу көлемі, сондай-ақ ағынды суларды басқа да кәсіпорындарға (ұйымдарға) беру. Ағынсыз ойыстарға сүзілу алаңы кіреді, олардан тазартылған ағынды сулар су көздеріне жіберілмейді. Ағынды сулардың көлеміне өндірістік, коммуналдық, шахта, руда және басқа да осыған ұқсас (суармалау жүйесі үшін – кәріздеу және басқа ағызба) сулар, сондай-ақ тыстан алынған ағынды сулар кіреді.
Ластанған ағынды сулар – жер үсті су объектілеріне тазартылмай (немесе жеткіліксіз тазартылғаннан кейін) ағызылған және құрамында бекітілген жол берілетін шекті ағызудан асатын ластағыш заттары бар өндірістік және тұрмыс (коммуналдық) ағындылар. Мұнда суғарудан кейін суармалы жерлерден шығатын коллекторлық-кәріздеу сулары кірмейді.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар – қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған шығындар: ақаба суларды тазартуға арналған имараттарды іске қосу және қайта құруға арналған іс-шараларға жұмсалған шығындар; тұрмыстық-коммуналдық, нөсер ағындарын тазартуға арналған имараттарды іске қосу бойынша ісшараларға жұмсалған шығындар; жер үсті су көздерінің жағдайын жақсартуға арналған іс-шараларға жұмсалған шығындар; жер ресурстарын қорғауға жұмсалған шығындар; табиғаты ерекше қорғалатын аумақтарды ұйымдастыру бойынша іс-шараларға жұмсалған шығындар және өзге де шығындар.
Сырқаттанушылық туралы барлық ақпараттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің есепті деректері негізінде дайындалған.
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
«Есеп және аудит» кафедрасы
