Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.8 Кб
Скачать

6. Табыстарды БөЛудің әркелкілігі

Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы – ең төмен деңгейдегі тұтыну қоржыны құнының шамасына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай табыс, ол азық-түлік қоржынының құнынан және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығыстардан тұрады.

Ең төменгі күнкөріс шамасына әсер ететін негізгі факторлар тамақ өнімдерді тұтынуының нормалары, осы өнімдерге бағалар және азық-түлік пен азық-түлік емес шығыстар арасындағы белгіленген арасалмақ болып табылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың нормалары республиканың халқына бірдей және физиологиялық деңгейде қуат құндылығын қамсыздандыру және негізгі тамақ өнімдерін тұтыну тұжырымдамасынан шығатын Қазақ тағамдану академиясымен әзірленген. Сол себеппен азық-түлік қоржынын құрайтын негізгі тамақ өнімдерінің қажетті санын қамтамасыз етеді. Ең төменгі тұтыну қоржынының құны тамақ өнімдерін тұтынудың нормаларын облыстарда ай ортасында қалыптасқан орта бағаларға көбейту жолымен ай сайын есептеледі, бұл әрбір өңір бойынша инфляцияның деңгейін есептеуге мүмкіндік береді. Ең төменгі тұтыну қоржынында азық-түлік қоржыны мен азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстардың үлесі арасындағы арасалмақ Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 02.12.2005 жылғы № 307/1-п және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 05.12.2005 жылғы №194 “Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеудің ережелерін бекіту туралы” бекітілген біріккен бұйрықтың негізінде 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасын есептеудің жаңа әдістемесі енгізілді. Азықтүлік қоржынының тамақ өнімдерінің жиынтығы 43 тамақ өнімдерінің атауынан тұрады. Ертерек азық-түлік қоржыны 20 өнімдерінің атауынан тұрған. Азық-түліктің ең төменгі деңгейінің жаңа құрамы бір немесе өзге де өнімнің маусымдылығы есебімен түзетіледі, оның үлесі күнкөрістің ең төменгі құнының 60%-ын құрайды.

Абсолюттік кедейліктің өлшемі ретінде, әдеттегідей, күнкөрістің ең төменгі шамасы немесе оның азық-түлік бөлімінің мөлшері пайдаланылады. Кедейлікті бағалау мақсатына байланысты онымен қоса кедейліктің салыстырмалы сызығы жиі пайдаланылады, ол медиандық табыс (шығыс) немесе тұтыну шамасына пайыздық (40%, 50%, 60%, 75%) қатынасымен белгіленуі мүмкін.

Кедейлік сызығының мөлшері елдің нақты экономикалық мүмкіндіктерінен тәуелді болады және тек қана әлеуметтік қорғау мақсатында пайдаланылады. Қазіргі уақытта республикада әлеуметтік көмегін көрсету үшін күнкөрістің ең төмен деңгейінің 40%-ын құрайтын біріктірген кедейліктің сызығы белгіленген. Ақшалай табыстың (шығыстың) тапшылығы - күнкөрістің ең төмен шамасына (кедейліктің сызығына) жетпейтін халық табысының (шығысының) шамасының жиынтық мөлшері.

FGT индексі кедейліктің сандық сипаты үшін көптеген елдерде қолданылады. Бұл индекс белгілі өлшемнен төмен табыстары бар халықтың үлесі; кедейлік тереңдігі халықтың жан басына шаққандағы есептегі табысының жетіспейтін көлемін көрсетеді, соған қарап кедейлікті жеңу үшін үстемеақы төленуін және кедейлік өткірлігі, қайсысы кедейлік тереңдігінің қосымша сипаттамасы сияқты көруге болады, өйткені ол вариация көрсеткіші болып, кедейлер арасындағы теңсіздікті немесе кедейлер табысын тарату дәрежесін көрсетеді. FGT индексі барлық зерттелетін адамдарға пайызбен есептеледі.

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен (азықтүлік қоржынының құнынан) төмен халықтың үлесі (саны) – тұтынуға пайлаланылған күнкөрістің ең төменгі деңгейінен (азық-түлік қоржынының құнынан) төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі арасалмағы.

Кедейліктің тереңдік коэффициенті – күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасынан күнкөрістің ең төмен деңгейінен төмен халық табысы (тұтынуы) деңгейінің орташа ауытқуы көрсетеледі және үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санына ара қатынасымен белгіленген жиынтық табыстың тапшылығының шамасын білдіреді.

Кедейліктің өткірлік коэффициенті кедейлер арасындағы теңсіздікті – кедейлердің табыстарын олардың орташа мәнінен тарату дәрежесі. Бұл белгіленген критерийден зерттелетін үй шаруашылықтары мүшелерінің табыс тапшылығы үлесінің ауытқу квадраттары ішіндегі орташа.

Халықты орташа жан басына шаққандағы табысы бойынша топтастыру – орташа жан басына шаққандағы табыстың шамасы бойынша белгілі аралықта бөлінген және топтастырылған халықтың саны (немесе үлесі).

Халықтың түрлі топтары бойынша табыстардың жалпы көлемін бөлу – халықтың жекелеген топтарында табыстарды шоғырландыру. Табыстардың шоғырлануын квинтильдік және табыстық топтарға бөлуге болады.

Халықтың квантильдік топтары – барлық халықты, басқа белгілеріне қарамай, сандық жағынан тең топтарға бөлу арқылы құралады. Анағұрлым жиі қолданылатын децильдік және квинтильдік бөлу – 10 және 20 пайыздық топтар.

Халықтың табысты топтары – табыстардың берілген аралықтарымен құрылады.

Халықтың квантильдік немесе берілген табыстық топтары бойынша табыстарды шоғырландыру – халықтың табысының жалпы көлеміндегі тиісті топтың үлесі ретінде анықталады.

Табыстардың баламалылық шәкілі – үй шаруашылықтарының түрлі мөлшері бойынша орташа жан басына шаққандағы табыстардың қажетті деңгейлерді түзететін түзету коэффициенттері. Бірге тұратын әсер арқылы шығыстардың үнемдеуі есепке алынады. FGT индексі халық табыстарының баламалылық шәкілі есебімен есептелген.

Модальды табыс – табыстардың тарату қатарында ең жиі кездесетін көрсеткіштің шамасы.

Медианды табыс – табыстардың тарату қатарының ортасында тұратын көрсеткіштің шамасы.

Қорлар коэффициенті – бірінші және оныншы децильдік топтардағы бөлу қатары ішіндегі халықтың салыстырылатын топтарының орташа табыстары арасындағы арасалмағын өлшейді.

Табыстарды бөлудегі саралауды бағалау үшін сондай-ақ басқа квантильдер (тарату қатарының нүктелері, оларды белгіленген арасалмағында бөлетін) арасындағы табыстар көрсеткіштерінің арасалмағын пайдалану мүмкін. Олардың санына квартильдер (ширектер), квинтильдер (бесінші бөлшек), децильдер (оныншы бөлшек), жарты децильдер (жиырмасыншы бөлшек) және перцинтильдер (жүзінші бөлшек) жатады.

Халықтың арасындағы табысты бөлудің әркелкілік коэффициенті (Лоренцтің табыстарды шоғырландыру коэффициенті немесе Джини индексі) – әркелкілік деңгейін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызығы арқылы табыстардың нақты бөлінудің ауытқу деңгейін белгілейді