- •1. Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторлары
- •Орташа айлық атаулы және ең төменгі жалақының арақатынасы
- •2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •Халық саны және табиғи өсімі
- •3. ДемогрАфИялық көрсеткіштері
- •4. Жұмыспен қамту
- •5. Үй шаруашылықтарының сипаттамасы. Табыстар, шығыстар және халықтың тұтынуы
- •6. Табыстарды БөЛудің әркелкілігі
- •7. Халыққа арналған тауарлар мен қызметтер
- •8. Халықтың тұрғын үй жағдайы
- •9. Әлеуметтік қамсыздандыру және халыққа әлеуметтік көмек
- •10. Денсаулық және қоршаған ортаны қорғау
- •Курстық жұмыс
9. Әлеуметтік қамсыздандыру және халыққа әлеуметтік көмек
Тағайындалған айлық зейнетақының (жәрдемақының) орташа мөлшері – еңбек және әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған барлық зейнеткерлерге (жәрдемақы алушыларға) тағайындалған айлық зейнетақылардың (жәрдемақылардың) жалпы сомасының олардың санына қатынасы ретінде есептеледі (жыл соңына).
Зейнетақы алушылар саны – зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада көзделген жағдайларда ай сайынғы ақшалай сома тағайындалған адамдардың есепті кезең аяғындағы (басындағы) саны. Зейнеткерлердің жалпы саны әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған зейнеткерлердің дербес шоттарының саны бойынша есептеледі.
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны – “Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ай сайынғы ақшалай сома тағайындалған адамдардың есепті жылдың аяғындағы (басындағы) саны. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың жалпы саны әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған алушылардың дербес шоттарының саны бойынша есептеледі.
Мүгедектердің саны мүгедек деп тану кезеңіне қарамастан еңбек және әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұрған мүгедектердің құрамын сипаттайды.
Балаларға арналған интернаттық мекемелер – негізінен мемлекеттің қаражаты есебінен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу және оларға білім беруді жүзеге асыратын мекемелер. Жалпы типтегі балалар үйлері, отбасылық типтегі балалар үйлері, жалпы және санаторлық типтегі жетім балаларға, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепинтернаттар, мектеп жанындағы интернаттар бар.
Қарттар және мүгедектерге (үлкендер мен балалар) арналған интернат-үйлері - күтім, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін қарттар мен мүгедектерге тұрақты тұруға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген, орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы кедейліктің шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) ұсынған мемлекеттің ақшалай түрдегі төлемі.
Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға жан басына шаққандағы табысы кедейліктің шегінен аспайтын, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар және тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқын статусы бар адамдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек келесілерге тағайындалмайды:
1) жұмысқа тұрғызу бойынша уәкілетті органдарда тіркелмеген және мүгедектер мен бір айдан көп стационарлық емделуде болған адамдардан басқа, күндізгі оқу түрінің оқушылары мен студенттеріне, тыңдаушылары мен курсанттарына, магистратура мен аспирантураны қосқанда, сондай-ақ І және ІІ топтың мүгедектерін, сексеннен асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтетін адамдардан басқасынан жазбаша түрде белсенді түрдегі жұмысқа тұрғызу іс-шараларынан бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтарға;
2) уәкілетті органдардың ұсынған жұмысынан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орны немесе қоғамдық жұмыстан дәлелді себептерсіз бас тартқан, кәсіптік дайындық, қайта даярлау, осындай жұмыстармен оқулардан өз еркімен бас тартқан жұмыссыздарға. Деректер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есептерінің негізінде көрсетілді.
