Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.8 Кб
Скачать

Мазмұны

1. ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІНІҢ НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛАРЫ

2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

3. ДЕМОГРАфИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

4. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

5. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ. ТАБЫСТАР, ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰТЫНУЫ

6. ТАБЫСТАРДЫ БөЛУДІҢ ӘРКЕЛКІЛІГІ

7. ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР

8. ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҒДАЙЫ

9. ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

10. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

1. Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторлары

Үй шаруашылықтарының нақты түпкілікті тұтынуы – жеке үй шаруашылықтарымен үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардан шығыстар есебінен немесе заттай нысанда әлеуметтік трансферттер арқылы сатып алынған тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерін қамтиды. Туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы туған ұрпақтың бір адамының осы ұрпақтың бүкіл ғұмырының ұзақтығындағы әрбір жастағы өлім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жылдағыдай сақталып отырған жағдайдағы күтілетін өмір сүрудің жас санын көрсетеді. Жалақының ең төменгі мөлшері меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жалдау бойынша жұмыс істейтін адамдарға Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік етілген ең төменгі ақшалай төлемі. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді. Жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері зейнеткерлік заңнамасында қарастырылған жағдайларда халықтың алуына мемлекет кепілдік беретін ең төменгі ақшалай сома болып табылады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - «Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы №1363 Заңымен белгіленген Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнеткерлік жасына жеткен соң ай сайынғы ақшалай төлемі. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейіне кезеңдік жақындаумен тиісті қаржы жылына белгіленеді.

Орташа айлық атаулы және ең төменгі жалақының арақатынасы

Теңге

2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндіріс сатысында жалпы қосылған құн салалар бойынша жинақтау жолымен алынады. Жалпы ішкі өнім нарық бағасы бойынша есептеледі, яғни өзге өнімдерге және импортқа салынған таза салықтарды қамтиды. “Таза” термині салықтың тиісті демеу қаржылары шегеріліп көрсетілгенін білдіреді. Бұл елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтыну үшін сатып алған тауарлар мен қызметтерінің тіркелген тізбе бағасының орта деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайды. Тұтыну бағасы индексінің есебі екі көзден алынған ақпараттың негізінде жасалады: осы мақсаттарға арнайы іріктеген сауда нүктелерінде және қызмет көрсететін орындарда тікелей тіркеу жолымен жиналған бағалар өзгерісі туралы деректер; өткен жылғы халықтың нақты тұтыну шығыстарының құрылымды бөлігінде үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары.

Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік билік органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты қалыптастыру мен жұмсаудың негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіреді.

Бюджет табыстары – салық және салық емес түсімдер мен алымдар көлемі, сондай- ақ қайтарылмайтын негізде бюджетке түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыстар.

Бюджет шығыстары – бекітілген бюджет шегінде қайтарымсыз негізде бюджеттен бөлінетін қаражат. Шығыстар келесі бағыттарда қалыптастырылады: мемлекеттік билік және басқару органдарын, құқық қорғау органдарын ұстауға; ұлттық қорғанысқа, экономика салаларын (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс) қаржыландыруға, әлеуметтік-мәдени дамуды, ғылымды қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметке жұмсалған шығыстар; мемлекет борышына қызмет көрсетуге байланысты және басқа шығыстар.

Бюджет дефициті – бюджет шығыстарының оның табыстарынан асып түсу шамасы.

Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуына арналған шығыстарына барлық сауда кәсіпорындары, қалалық базар және ұйымдастырылмаған (көшедегі) сауда; тұрмыстық қызмет көрсетететін, жолаушы көлік, байланыс кәсіпорындары; қонақ үйлер; мәдени, денсаулық сақтау, білім беру ақылы мекемелерде тұтыну тауарлар мен қызметтерді алу үшін үй шаруашылықтарының шығыстары, сондай-ақ өзіне жасалған (өзінің қосалқы шаруашылықтың ауыл шаруашылық өнімі, өзіне меншікті пәтер-үйде тұру бойынша шартты есептелген қызметтері) және еңбекақы ретінде алынған заттай түрдегі тауарлар мен қызметтерді тұтынуы қосылады.