Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МК БОТАНИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.3 Кб
Скачать

Клетканың компоненттері

Өсімдіктің толық жетіліп қалыптасқан клеткасын оптикалық микроскоппен қарағанда, оның мынадай компоненттерден: қатты қабықшадан, клетканың ортаңғы бөлігін алып жататын бір үлкен, немесе 2-3 кішілеу вакуольден, вакуоль мен клетка қабықшасының арасын алып жататын цитоплазмадан және цитоплазмада болатын ядродан тұратындығын байқауға болады. Ядро мен цитоплазма клетканың тірі бөлігі және олар бірігіп протопласты түзеді. Қабықша мен вакуольдер клетканың өлі бөлігі, олар протопластың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда блған.

Клетканы фазалық контраст тәсілінің көмегімен және электронды микроскоппен қарап зерттегенде цитоплазма мен ядроның көптеген органелдерден (органоидтардан) тұратын аса күрделі құрылысты системмалар екендігі анықталды.

Органелдерді көп жағдайда оптикалық микроскоппен көрінетін және тек электронды микроскоппен көрінетін деп екі топқа бөледі.

Әрбір топтағы органелдерді екі мембраналы, бір мембраналы және мембранасыз деп бөледі. Органелдердің классификациясы 2-суретте берілгін.

Протопластың пластидтерден басқа компоненттерінің барлығы әдетте түссіз болып келеді. Ал пластидтердің түсі жасыл немесе қызғыш сары болады.

Клетканы түзетін заттар алуан түрлі болады. Клеткада ең көп мөлшелерде болатын зат су (60-90%), ол зат алмасу реакциясының дұрыс жүруіне аса қажет. Химиялық қосылыстардың қалған бөлігінің негізін органикалық заттар түзеді, (10-23%), ал органикалық емес заттардың мөлшері көп болмайды (құрғақ заттардың 2-6%).

Органикалық заттардың конституциялық және эргастикалық деп екіге бөледі. Конституциялық заттар органелдердің құрамына кіреді және зат алмасу процесіне қатысады. Ал эргастикалық заттар органелдердің тіршілік әрекетінің жемісі.

Конституциялық заттарға , , нуклеин қышқылдары және жатады. Олардың алғашқы екеуі органелдердің құрылысы мен қасиеттерін айқындайды. Нуклеин қышқылдары белоктармен қосылып тұқым қуалаушылық мәліметтерін сақтаушы және ұрпаққа жеткізуші қызметін атқарады, сонымен бірге олар зат алмасу процесін де заттармен және басқалармен қосылып органелдердің түзілуіне қатысады.

Эргастикалық заттар физиологиялық жағынан активті болуы мүмкін, мысалы, ферменттер (биологиялық катализаторлар) гармондар (өсуді реттейді), артық қор заттары (уақытынша зат алмасуға қатысудан тыс қалған заттар),- экскреторлық заттар, (зат алмасудың соңғы өнімдері). Сонымен бірге эргастикалық заттар клетка қабықшасын түзуге қажетті болып табылады.

11. Амин қышқылдарынан тұратын жоғарғы молекулалы азоттық заттар.

12. Суда ерімейтін, бірақ эфирде, бензинде және т.б. органикалық ерітінділерде еритін заттар.

13. Көміртегінен, сутегінен және оттегінен тұратын заттар; олардың көпшілігінде сутегі мен оттегі суда қандай мөлшерде болса, бұларда да сондай мөлшерде болады.

ПРОТОПЛАСТ

ЦИТОПЛАЗМА

Цитоплазма мембраналадан тұратын клетканың құамды бөлігі. Оның құрылысын жұқа (4-10нм), ьіршама тығыз белоктардан және фосфолипидтерден тұратын биологиялық мембраналар түзеді. Биологиялық мембраналардың негізін липидтер құрайды. Липидтердің молекулалары белгілі бір жүйеде орналасқан, яғни клетканың қабықшасына екі қабат болып перпендикуляр орналасқан.

Әдетте оның сумен тығыз қарым-қатынаста болатын бөліктері клетканың сыртына қарай бағытталған, ал сумен нашар қарым-қатынаста болатын бөліктері керісінше оның ішіне қарай бағытталған (3-сурет).

Липидтен тұратын тректің (каркастың) екі жағынан бірдей белоктың молекулалары тұтас қабат түзбей орналасады. Олардың бір бөлігі липидтік қабатқа еніп тұрады, ал екінші біреулері осы қабатты тікелей жарып өтіп судың өтуіне мүмкіндік беретін участок түзеді. Мембраналар цитоплазманың шекарасын бөлетін қабат түзеді, сонымен бірге оның оргенелдерінің сыртқы шекарасын да бөліп тұрады және олардың ішкі құрылыстарының структурасын түзуге де қатысады. Мембраналар цитоплазманы бір мезгілде бір-біріне байланыссыз қарама-карсы бағытта био-химиялық процестер жүретін жеке бөліктерге (отсектерге) бөледі (мысалы, синтезделуі және ыдырауы жүретін). Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі сұрыптап өткізгіштігі (жартылай өткізгіштігі). Бір заттар олар арқылы нашар өтеді, ал екінші біреулері жақсы өтеді. Тіптен олардың котцентрациясы көтеріледі. Сондықтанда мембраналар цитоплазманың химиялық құрамын айқындайды.

Плазмалемма жөне тонопласт. Плазмалемма цитоплазманы клетканың қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Ол әдетте клетка қабықшасына тығыз жабысып тұрады (2-сурет). Кейде плазмалемма түкті болып келеді, немесе терең қатпарлар түзеді. Плазмалемма клетканың сыртқы ортамен зат алмасуын реттейді, сонымен бірге заттардың синтезделуіне қатысады.  Тонопласт цитоплазманы вакуольден бөліп тұрады. Оның атқаратын қызметі плазмалеммамен бірдей.  Гиалоплазма. Гиалоплазма каллоидтық ерітінді түріндегі тұтас сұйықтық оның ішінде органелдер болады (2-сурет). Гиалоплазмада ферменттер және нуклеин қышкылдары болады. Гиалоплазма белсенді (активті) түрде қозғалуға кабілетті. Егер клетканың ортасында бір ғана вакуоль болса, онда гиалоплазма клетка қабықшасының ұзына бойымен бір бағытта айналып қозғалады (4-сурет). Ал вакуольдер бірнешеу болса онда гиалоплазма орталық вакуольді кесіп өтетін цитоплазманың сілемдерінің бойымен әртүрлі бағытта шашырап (струичатый) қозғалады. Гиалоплазманьщ козғалу жылдамдығы температураға, жарықтың қарқындылығына, оттегімен қамтамасыз етілуіне және басқа да факторларға байланысты болады. Қозғалған кезде гиалоплазма өзімен бірге органелдерді қозғалысқа келтіреді. 

Гиалоплазманың атқаратын қызметі үлкен: ол органеллердің өзара қатынасын қамтамасыз етеді, зат алмасуға, клеткадағы заттарды тасымалдауға қатысады, тітіркенуді сездіреді және тағы басқалар .  Эндомазматикалық ретикулум (эндоплазматикалық тор). Ол мембраналармен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроскопиялық каналдар мен цистерналардың системасы (5-сурет). Ретикулумның (тордын) екі формасы болады - гранулярлы (кедір-бұдырлы) және агранулярлы (жылтыр).