Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МК БОТАНИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.3 Кб
Скачать
  1. К.А. Тимирязев. Избр. Соч., т.1. М.: Сельхозгиз, 1948, с. 203

жапырақ тақталарының алып тұратын ауданы, осы өсімдіктің алып тұрған жер көлемінен бірнеше есе артық болады, ал бір жапырақтың хлоропласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан 10 есе артық болад, ал хлоропласт мембраналарының алып жататын ауданы, осы өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін жарпы ауданын тағы да 100 есеге арттырады. Өсімдіктір түзген көп қабатты жасыл экранның алып тұрған ауданы біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше есе артық болады.

К.А. Тимирязевтің берген анқтамасы бойынша, хлорофилл дәні әлемдік кеңістіктегі күн сәулесінің химиялық энергиясы ауысып, жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзіне айналатын оталығы болып табылады.

Аса көрнекті прогрессивті көзқарастағы физиктердің бірі Ф. Жолио-Кюри мынадай қызық ой айтқан: «мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмеймін, бірақта менің ойымша энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы оданда жоғары болып келетін молекуланың осы типін және фотосинтездің іс-әрекетін жан-жақты зерттеу керек

Осы сөзден кейін бірнеше жыл откен соң бір мезгілде екі лабораторияда (ГФР және АҚШ) хлоофилл жасанды жолмен синтезделді. Бірақта ғылымның осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын асыра бағалаудың қажеттігі шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін іске асыру мүмкін емес. Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық ашылмай келеді.

Өсімдіктердің атқарып отырған жұмыстарының кқлемінің қаншалықты екендігін дәл анықтау қиын, тіптен мүмкун де емес.

Шамамен есептегенде, өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесіндежыл сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді және сол үшін олар 175млрд.т. көміртегі (бәлкем дан да көп мөлшерде) пайдаланылады.

Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған , ал өсімдіктер болса хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық емес заттардан, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті жалғыз органзм ретінде дараланған.

  1. Жолио-Кюри. Об организации науки во франции. Вестник ан ссср, 1950,

Ботаниканың бөлімдері

Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол өз кезеңінде бірқатар жекеленген ғылымдарға бөлінді. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысынығ және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.

Өсімдік морфологиясы – ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекеленген органдарының пайда болып қалыптасуының және әртүрлі тіршілік дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Сонымен бірге морфология өсімдіктердің органдарының түзілуін және дамуын, жекеленген особьтардың тұқымнан пайда болуынан бастап өмірінің соғына дейін (онтогенезін) және осы особь жататын тұтастай түрдің немесе кез келген систематикалық топтардың тарихи даму барысын (филогенезін) ескере отырып қарастырады.

Морфологияның дамуына байланысты, оның белгілерінің негізінде бұрынғыданда көбірек маманданған ғылымдар пайда болды: цитология (өсімдіктердің негізгі структуралық бірлігінің, яғни клеткасының құрылысының қалыптасуының заңдылықтарымен дамуын зерттейді); гистология немесе анатомия (өсімдіктердің органдарын түзетін әртүрлі ұлпалардың қалыптасуын, дамуын және құрылысын зерттейді); эмбриология (ұрықтың дамуының заңдылықтары мен құрылысын зерттейді); оргонография (өсімдіктердің органдарының, яғни тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің, жемісінің және т.б. мүшелерінің пайда болуын, дамуын және құрылысын зерттейді); палинология (тозаңдар мен споралардың морфологиясын зерттейді).

Флорография. Бұл ғылымның міндеттеріне түрлерді танып және сипаттап жазу, басқаша айтқанда олардың белгілерін (диагнозын) құастыру жатады. Флорографтар сипаттап жазған түрлерді, систематиктер олардың туыстық жақындықтарын көрсететін, ұқсастық белгілеріне қарай топтарға бөледі. Бірақта флорографтардың да систематиктің де жұмыстарын бір ғылымның атқаруы практикада жиі кездеседі.