- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы
- •К.А. Тимирязев. Избр. Соч., т.1. М.: Сельхозгиз, 1948, с. 203
- •Жолио-Кюри. Об организации науки во франции. Вестник ан ссср, 1950,
- •Ботаниканың бөлімдері
- •Белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасқан, өсімдіктің сыртқы формасы
- •Ботаниканың агрономиямен байланысы
- •Маркс к. Энгельс ф. Сочинение, изд. 2-е,т.З, м.: Политиздат, 1955.С.26
- •Пысықтау сұрақтары
- •Клетканы зерттеудің тәсілдері
- •Клетканың алуан түрлілігі
- •Клетканың компоненттері
- •14. Екі фазадан: дисперсионды- тұтас сұйық ортадан және дисперсті – дисперсионды ортада біркелкі бөлінген, мейлінше ұсақталған заттардан тұратын система.
- •18. Энергияға бай байланыстар атф-дан фосфор қышқылынын калдықтарын тазартқанда және осы байланыстар узілгеңде эпергия бөлініп шығады.
Клетканы зерттеудің тәсілдері
Клетканы
зерттеуде қолданылып жүрген тәсілдер
алуан түрлі. Олардың негізгілерінің
бірі микроскопиялық тәсіл. Бұл тәчілмен
жұмыс істеуде оптикалық микроскоп үлкен
роль атқарып келеді, оның қазігі кездегі
модельдері объектіні 2 сың есеге дейін
үлке»тіп көрсетеді. Оптикалық микроскоптың
көмегімен жұқа кесінділерді, олар
арқылы тек өтетін немесе айнаға шағылысқан
жарықтың сәулелерін пайдалана отырып
зерттейді. Физикалық контрастық
жабдықтарды пайдалана отырып, жарықтың
сәулесін бірдей сындыратын, бірақ
тығыздықтары әртүрлі болып келетін,
тірі клеткалардың компоненттерінің
құрылысын зерттейді. Мұндай микроскоп
ақылы 0,2
-ден
ұсақ бөлщектерді көру мүмкін емес.
Электронды
микроскоп объектіні 200-300 мың есе, тіптен
оданда көп етіп үлкейтіп көрсете алады.
Мұнда жарықтың сәулесінің орнына, үлкен
жылдамдықпен келе жатқан электрондардың
ағыны пайдаланылады. Зерттелетін
кесінділердің қалыңдығы 0,05 мкм-ден
аспау керек және арнайы бояулармен
боялған болуы шарт. Электрондардың
тасқыны кесінді арқылы өтіп, электронды
магниттік линзалардың көмегімен шашырап
жайылады, содан кейін барып электрондардың
соққысынан жарқ беретін экранда, немесе
фотопластинкада оның кескіні (проекциясы)
түседі. Электронды микроскоп арқылы
мөлшері 1,5
-дай
болатын құрылымды көруге болады.
Өсімдік ұлпадан немесе клеткадан өсіру тәсілі (культура клеток). Бұл тәсіл арқылы тірі клеткалардың құрылысын және тіршілік жағдайын организмнен тыс жерде зерттейді.
Цитологиялық тәсіл. Бұл тәсіл клеткадағы әртүрлі заттардың: белоктардың, майларың, углеводтардың, нуклейн қышқылдарының, гармондардың, витаминдердің және т.б. болуын және олардың клеткадағы мөлшерінің қаншалқты екендігін анықтауға ммүмкіндік береді.
Клетканың тығыздығы әртүрлі болып келетін компоненттерін центрифугирования тәсілі арқылы бір-бірімен қоспай бөлек зерттеуге болады. Клеткадан оның жекеленген компоненттерін мүлдеп бөліп алу (ядросын, митохондриясын және т.б.) микрохирургиялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
1мкм (микрометр)=0,001мм.
1нм (нанометр)=0,001мкм.
Клетканың алуан түрлілігі
Клеткалардың формасы мен мөлшері алуан түрлі болып келеді және олар орналасуы мен атқаратын қызметтеіне тікелей байланысты болады. Клеткалардың формасы негізінен көп қырлы денешіктер түрінде болып келеді. Олардың формасының бұлай болып қалыптасуы, жақын орналасқан клеткалардың бір-біріне қысым түсіруімен тікелей байланысты болады. Еркін өсетін клеткалардың формасы шар, жұлдызша, цилиндр тәрізді және тағы басқаша болып келеді. Клеткалардың алуан түрлі формаларын пренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлуге болады. Паренхималық клеткалардың ұзындығы енімен бірдей нмесе одан 2- еседен артық болмайды, ал прозенхималық клеткалардың ұзындығы екенін бірнеше аса артық болады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің клеткаларының орташа ұзындығы 10-100 мк-ге тең. Ең үлкен паренхималық клеткалардың ұзындығы бірнеше миллиметрге жетеді және жай көзге көрінеді. Оларға қарбыздың, лимонның жемістерінің және картоптың түйнегінің клеткалары мысал болады. Әсіресе зығырдың, қалақайдың, раманың сабақтарының прозенхималық клеткалы үлкен ұзындыққа жетеді. Бірақта бактерияның клеткаларының кішкентай болатындығы сонша (0,5-5 мкм), оларды оптикалық микроскоптың ең үлкен үлкейткішінің өзімен зорға көруге болады.
