- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы
- •К.А. Тимирязев. Избр. Соч., т.1. М.: Сельхозгиз, 1948, с. 203
- •Жолио-Кюри. Об организации науки во франции. Вестник ан ссср, 1950,
- •Ботаниканың бөлімдері
- •Белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасқан, өсімдіктің сыртқы формасы
- •Ботаниканың агрономиямен байланысы
- •Маркс к. Энгельс ф. Сочинение, изд. 2-е,т.З, м.: Политиздат, 1955.С.26
- •Пысықтау сұрақтары
- •Клетканы зерттеудің тәсілдері
- •Клетканың алуан түрлілігі
- •Клетканың компоненттері
- •14. Екі фазадан: дисперсионды- тұтас сұйық ортадан және дисперсті – дисперсионды ортада біркелкі бөлінген, мейлінше ұсақталған заттардан тұратын система.
- •18. Энергияға бай байланыстар атф-дан фосфор қышқылынын калдықтарын тазартқанда және осы байланыстар узілгеңде эпергия бөлініп шығады.
Пысықтау сұрақтары
Ботаниканың және оның бөлімдерінің алдында қандай міндеттер тұр?
Өсімдіктердің табиғаттағы рөлі қандай? Олардың қандай ерекше қасиеттері болады?
Ботаниканың құрамына қандай жекелеленген ғылымдар кіреді?
Морфология нені зерттейді? Ол қандай арнайы маманданған ғылымдардың басын құрайды?
Өсімдіктедің систематикасының міндеттеріне нелер жатады? Оның қандай бөлімдері бар?
Экологияның алдында қандай міндеттер тұр?
Өсімдіктердің физиологиясының алдында қандай міндеттер тұр?
Ботаника мен агрономияның ара қатынастары неменеге негізделген? Олардың ортақ міндеттеріне нелер жатады?
Бірінші бөлім. МИКРО- ЖӘНЕ МАКРОМОРФОЛОГИЯ
1-тарау
ЦИТОЛОГИЯ (КЛЕТКА ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ)
Цитология
– клетканың микроскопиялық және
структурасы және тіршілік әрекеті
жөніндегі ғылым.
ЦИТОЛОГИЯНЫҢ ТАРИХЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫСҚАША ДЕРЕКТЕР
Алғашқа рет клетканың бузинаның жабындық ұлпасын тозды зерттеу барысында ағылшын жаратылыс зерттеушісі Р.Гук көрген. Ол 1609 ж. Г.Галилей ойлап тапқан микроскопты жетілдіріп, оны өсімдіктедің органдарының жұқа кесінділердің зерттеуге пайдаланылған. Өзінің зерттеулерінің нәтижесінде Р.Гук 1965 ж. жарық көрген «Микрография» деген шығармасында толық баяндаған және осы еңбегінде ол алғашқы рет «клетка» деген ұғымды қолданған. Тоз қабаты тек қабықшалары ғана болатын, өлі клеткалардан тұратын болғандықтан, клетканың тіршілік-әрекеті негізінен оның қабықшасына байланысты болады деген қате пікір қалыптасқан. Ол кезде клетка ішілік заттарға онша көп көңіл бөлінбеген. Олар «қоректік шырын» немесе «өсімдік кілегейлері» деп қараған.
Тек XIX ғасырда ғана клетка ішілік заттарға зерттеушілер көңіл аудара бастаған. Бұл кезге дейін крахмал дәндері, кристалдар, хлоропластар, клетканың тағыа басқа бөліктері белгілі болған еді.
Біртіндеп микроскопиялық техника жетіле түсті, жаңа эксперименттік материалдар жинақтала бастады.
1831 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны, ал 1839 ж. Чехия физиологі Я.Пуркинье – цитоплазманы ашты. Клетканың осы компоненттеріне атау беру мүмкіндігіне де сол кісілер ие болды.
Өсімдіктер мен жануарлардың клеткалық құрылысы туралы зерттеушілер жинақтаған көптеген фактілер неміс ғалымдары ботаник М.Шлейден мен зоолог Т.Шванға – 1838-1839 жж. клеткалық теорияны ашуға мүмкіндік берді.
Клетка компоненттердің электронды микроскоппен қараған, басқаша айтқанда он және жүз есе үлкейткенде ғана көрінетін жұқа құрылысы.
Бұл теорияның мәні мынада, клетка барлық тірі организмдердің –өсімдіктердің де жануарлардың да негізгі қарапайым структуралық бірлігі болып табылады. Клеткалық теория өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің, құрылысының және эволюциясының бір екендігін дәлелдеп берді. Ф.Энгельс клеткалық теорияны энергияның сақталу заңымен және Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясымен қатар XI ғасырдағы жаралыстану саласындағы үш үлкен жаңалықтың біріне жатқызылды. XIX ғасырдың екінші жартысында жаа ғылыми жаңалық ашылды. Олар клеткалық теорияны байыта түсті. Аса жоғарғы дәлелдікпен жүргізілген эксперименттік зерттеулердің негізінде клетканың бөлінетіндігі анықталды (И.Д.Чистякованың, Э.Страстбургердің және басқалардың жұмыстары), сөйтіп клетканың клеткасыз заттардан өздігінен пайда болады деген көзқарасты түгелдей жоққа шығарды. Клеткалардың цитоплазмалық мембраналар арқылы бір-бірімен байланысты болатындығы айқындалғаннан кейін (Э.Руссовтың, И.Н.Горожанкиннің және т.б. жұмыстары) барып организмнің тұтастығы дәлелденді.
XIX ғасырдың аяғында цитология жеке ғылым ретінде түптілікті қалыптасты. Оптикалық микроскоптың базасында клетканың негізгі компоненттерінің барлығы зерттелді. Олардың атқаратын қызметтері жөніндегі көптеген мәліметтер жинақталған. Цитологияның одан арғы дамуы электонды микроскопты ойлап табумен тікелей байланысты. Биологияда элетронды микроскопты XX ғасырдың ортасында пайдалана бастады. Электронды микроскоптың көмегімен клетканың белгілі компоненттерінің структурасының бөліктерін көріп қана қоймай, сонымен бірге олардың бұрын белгісіз болып келген жақтарын да ашудың мүмкіндігі туды.
Қазіргі уақытта цитология биологияның ең жақсы жетіліп келе жатқан саласының бірі. Оның алдында клетканң компоненттерінің структурасының детальдарын, тұқымқуалаушылық қасиеттерін, қорғаныштық бейімделушілігін (иммунитетін) сыртқы ортаның және т.б. зерттеу міндеттері тұр. Цитологияның жаңа салаларының (физиологоияның, биохиминың, клетканың компоненттерінің физико-химиясының) дамуы табиғаттың тағы бір құпия сырын, тіршіліклің өзінің мәнін ашуға мүмкіндік берді.
