- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы
- •К.А. Тимирязев. Избр. Соч., т.1. М.: Сельхозгиз, 1948, с. 203
- •Жолио-Кюри. Об организации науки во франции. Вестник ан ссср, 1950,
- •Ботаниканың бөлімдері
- •Белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасқан, өсімдіктің сыртқы формасы
- •Ботаниканың агрономиямен байланысы
- •Маркс к. Энгельс ф. Сочинение, изд. 2-е,т.З, м.: Политиздат, 1955.С.26
- •Пысықтау сұрақтары
- •Клетканы зерттеудің тәсілдері
- •Клетканың алуан түрлілігі
- •Клетканың компоненттері
- •14. Екі фазадан: дисперсионды- тұтас сұйық ортадан және дисперсті – дисперсионды ортада біркелкі бөлінген, мейлінше ұсақталған заттардан тұратын система.
- •18. Энергияға бай байланыстар атф-дан фосфор қышқылынын калдықтарын тазартқанда және осы байланыстар узілгеңде эпергия бөлініп шығады.
Маркс к. Энгельс ф. Сочинение, изд. 2-е,т.З, м.: Политиздат, 1955.С.26
Алдын ала жүргізілген жұмыстардың нәтижесі мынаны көрсетеді, жердің потенциальдық мүмкіндігі әлі толық пайдаланып біткен жоқ. мысалы есептеу жұмыстарының мәліметіне жүгінсек континенттердің жалпы жер көлеміне шаққанда айдалған жердің көлемі 10%-тен 16-17%-ке дейін арттыруға болады екен. Осыған байланысты көптеген ғалымдар шөлдерді (мысалы, сахараны) суландыру және ауылшаруашылығы тұрғысынан оларды игеруді алға тартып отыр. Бұл мемлекет аралық проблемалардың бірі. Бұл тұрғыдан қарағанда Орта Азияның шөлін игеруде бұрынғы одақтас республикалардың тәжиребесі үлгі боларлық. Қазіргі кездерде осы аймақтан бақша өсімдіктерінің, жүзімнің, күріштің және мақтаның плантацияларын бұрынғы уақыттарда егіс егуге жарамсыз деп табылған жерлерден кездестіруге болады. Совет ғалымдары кезінде Памирдің климаты салқын, биік тау аңғарларында егін шаруашылығымен айналасуға болатындығын дәлелдеп берді. Жайлым, шабындық және орман ретінде пайдаланып жүрген әртүрлі табиғи өсімдіктердің топтарының өнімділігін қажетті агротехникалық шаралар жүргізу арқылы арттыруға болатындығын тәжрибе көрсетіп отыр. Өсімдіктер жабынының құрылысы мен дамуының жалпы заңдылықтарын біле отырып, мысалы, батпақты жерлерге агромелиоративтік шаралар жүргізу арқылы, бір жағдайларда оны шабындыққа және жайылымға, ал екінші бір жағдайларда құнарлы өнім беретін егістік алқабына айналдыруға болады.
Алайда шөлді және батпақты жерлерді игеру барысында орны толмас өкінішке қалып жатқан жағдайларымызда жоқ емес. Бұған «Арал» тағдыры бірден-бір мысал бола алады. Арал тағдыры бұл күнде адам тағдырына айналып отыр. Дүние жүзі бойынша бір ғана ұрпақтың көз алдында тұтастай бір теңіздің суының тауслып құрған, жоқ болып кетуі бұрын соңд тарихты кездеспеген жағдай. Сондықтанда табиғатта ғасырлар бойында қалыптасқан тепе-теңдікті бұзу, сөз жоқ үлкен қылмыс. Реті келгенде айта кеткен жөн экосистемаға елеулі өзгерістер ендіретін проектілерді, экономикалық жағынан қаншалықты тиімді болғанымен қолдамаған жөн. Сонда ғана біздер қоршаған ортаны қаз қалпында сақтай аламыз.
Жыл сайын ботаниктер өсімдіктердің жаңа түрлерін ашады, ал агрономдар болса жаңа пайдалы: малға азық болатын, эфир майлары алынатын, дәрілік және техникалық өсімдіктерді мәдени жағдайға ауыстырады. Табиғи және мәдени өсімдіктердің ресурстарын пайдаланудың масштабы мен компекстігі, сол елдің мәдениеті мен егін шаруашылығының жалпы деңгейін көрсетеді. Мысалы, Францияда алтыншы мыңжылдықтың өзінде жүзімді егіп, оның дәнінен жүрек ауруына ем болатын май алынған.
Ғалымдардың назарын әлемдік мұхиттар мен тұщы су алыптарының биологиялық өнімділігі аударып отыр. Өйткені синтезделетін органикалық заттардың көп бөлігі, теңіз балдырларының еншісіне тиеді. Энергияның көзі ретінде адамға тамақ немесе ауылшаруашылық жануарларына азық ретінде, органикалық тыңайтқыш немесе өндірістік шикізат, мысалы медицинада дәрі алу мақсатында теңіз балдырларын рационалды пайдаланудың мүмкіндігі қалай? Қазіргі кезде әлемдік мұхиттың, суы тұщы өзендер мен көлдердің базасында селекциялық-генетикалық зерттеулерді кеңінен жүргізудің мүмкіндігі болы отыр. Болашақта «теңіз өсімдіктері шаруашылығы» деген жаңа қолданбалы ғылым пайда болуы мүмкін.
Біздің елде ботаниктердің және агрономдадың жұмыстарының бағыты мемлекет тарапынан қойылған, ересен үлкен міндеттерге байланысты айқындалады. Сондықтанда ғылым мен техниканың жетістіктерін халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында орынды пайдалануға тиістіміз.
