- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы
- •К.А. Тимирязев. Избр. Соч., т.1. М.: Сельхозгиз, 1948, с. 203
- •Жолио-Кюри. Об организации науки во франции. Вестник ан ссср, 1950,
- •Ботаниканың бөлімдері
- •Белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасқан, өсімдіктің сыртқы формасы
- •Ботаниканың агрономиямен байланысы
- •Маркс к. Энгельс ф. Сочинение, изд. 2-е,т.З, м.: Политиздат, 1955.С.26
- •Пысықтау сұрақтары
- •Клетканы зерттеудің тәсілдері
- •Клетканың алуан түрлілігі
- •Клетканың компоненттері
- •14. Екі фазадан: дисперсионды- тұтас сұйық ортадан және дисперсті – дисперсионды ортада біркелкі бөлінген, мейлінше ұсақталған заттардан тұратын система.
- •18. Энергияға бай байланыстар атф-дан фосфор қышқылынын калдықтарын тазартқанда және осы байланыстар узілгеңде эпергия бөлініп шығады.
Белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасқан, өсімдіктің сыртқы формасы
Систематика – түрлердің алуан түрлігін және осы алуан түрліктің себептерін зерттейтін ғылым. Систематиканың міндеттеріне флорографтар сипаттап жазған барлық түрлерді біздің түсінуімізге жеңіл, ғылыми система жасауға пайдалану болып табылады.
Флорографтар сипаттап жазған, көптеген тәсілдердің тұтастай сериясының негізінде систематика жақын түлерді біршама рангасы жоғары систематикалыұ топтарға – туыстарға, тұқымдастарға және т.б. біріктіреді. Ботаниканың бұл бөлімін флористикалық систематика (таксономия) деп атайды. Ч.Дарвиннің еңбектерінен кейін жақсы қарқынмен дамыған систематиканың екінші бөлімі филогенетикалық систематика деп аталынады. Көптеген биологиялық ғылымдардың мәліметтерінің негізінде (морфологияның, биологияның, палентологияның, физиологияның, математиканың және т.б.) флорогенетиктер өсімдіктер дүниесінің дамуының эволюциялық жолдарын, оның филогенезін көрсететін түрлерден де жоғары систематикалық топтарды өз орындарына қоя біледі. Бұл жерде атап өткен жөн, олар эволюцияны және барлық деңгейдегі туыстық қатынастарды (бөлімдер, қатарлар секілді жоғарғы систематикалық топтардың туыстық қарым-қатынастарын және бірінің орнын бірі басуын айтады) және мезофилогенияға (тұқымдастар, туыстар секілді систематикалық топтардың туыстық қарым-қатынастарын және олардың бірінің орнын бірі басуын айтады) бөлудің қажеттілігі туды. Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктер жөніндегі еңбектері жарық көргеннен кейін, түр ішілік өзгерістерге және түрлердің белгілі бір формасының пайда болуына, басқаша айтқанда жаңа түрдің пайда болу процесін зерттеуге (микрофилогенияға) көп көңіл бөлініп келеді. Систематиканың бұл бөлімін Н.И.Вавилов дифференциальды систематика деп аьаған, ал қазіргі кезде оны юиосистематика деп атап жүр.
Биосистематиканың дамуының болашағы жаңа формалардың түзілуін жан-жақты зерттеумен тікелей байланысты.
Өсімдіктердің географиясы (фитогеография) – ботаниканың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктерің және олардың құрлықтағы және судағы қауымдастықтарының (ценоздардың) таралуы мен ьелгілі бір кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Фитогеографияның шеңбеінде жекеленген пәндердің тұтастай сериясы бөлініп шықты. Оларға мыналар мысал болады: географияның тарихы – бұрынғы геологиялық кезеңдердегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ғылым; фитоценология (геоботаника) – тарихи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтары (фитоценоздар) туралы, олардың құрылыстары, дамуы, таралуы, пайдалануы және қайта жақсартудың мүмкіндіктерінің заңдылықтары туралы ғылым. Фитоценологияның жайлымдарды, шабындықтарды, шалғғындарды пайдалану мен жақсартудың ғылыми негізі ретінде маңызы зор.
Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты (климатқа, топырыққа, рельефке және т.б.), бірақта өсімдіктер өз кезеңінде осы ортаны түзуге қатысады. Мысалы, топарықтың түзілуіне қатысады, климатты өзгертеді. Экологияның міндеттеріне – өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігін қоршаған орталығы практикасында бұл ғылымның маңызы аса зор.
Өсімдіктердің физиологиясы – өсімдіктердің тіршілік процесін, негізінен олардың зат алмасуын, қозғалуын, өсуін, даму ырғвқтылығын, және т.б. зерттейтін ғылым.
Микробиология – негізінен бактериялар мен кейбір саңырауқұлақтардан тұратын микроорганизмдердің өмірлік циклдарын зерттейтін ғылым. Топырақ микробиологиясының жетістіктері ауылшаруашылық практикасында кеңінен қлданылады.
Палоеботаника – бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.
Ботаниканың басқа бөлімдеі алдарына қойылған арнайы міндеттерді атқаруына және жаңа тәсілдерді қолдануына байланысты көптеген ерекше пәндер ретінде дербес қалыптасқан. Оларға биофизика, биохимия, генетика және т.б. мысал бола алады.
