- •21. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің өзектілігін сипаттаңыз.
- •22. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің жаңалығын көрсетіңіз.
- •25. Зерттеудің физика-химиялық әдістеріне талдау жасаңыз. Химиялық қосылыстардың құрамы, құрылымы туралы ақпарат алу мүмкіндігін қарастырыңыз.
- •26. Дипломдық жұмыс мысалында ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша реферат жазыңыз, кілт сөздерді көрсетіңіз.
- •27. Ғылыми мақаланың құрылымын қарастырып, дипломдық жұмысынызға реферат жазыңыз.
- •29. Зерттеу әдістеріне арналған тараудың құрылымын қарастырып, дипломдық жұмыс үлгісінде қорытынды жасаңыз.
- •30. Дипломдық жұмыстың құрылымын қарастырып, қорытынды жасаңыз. Әдебиеттер тізімін жасауға қойылатын талаптарды қарастырып, мысалдар келтіріңіз.
26. Дипломдық жұмыс мысалында ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша реферат жазыңыз, кілт сөздерді көрсетіңіз.
Рефарат
Тақырыбы:Алабұта тұқымдасын фитохимиялық зерттеу.
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты: Ақ алабұтаның өсімдігінің химиялық құрамын фитохимиялық сараптау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі :Өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеп, олардан биологиялық белсенді кешен алу, ол кешеннің негізінде Отанға препарат ұсыну негізгі мәселе болып табылады.Дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық әсері оның құрамындағы биологиялық белсенді заттардың болуына байланысты анықталады, сондықтан қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі өсімдік шикізатынан белсенді кешенді бөлу.
Негізгі бөлім
Кілт сөздер: Ақ алабұта, фенолды қосылыстар, экстракция, гидролиз, биологиялық белсенді заттар, хроматография, жұқа қабатты хроматография.
1.Chenopodiacea тұқымдас өсімдіктер туралы жалпы түсінік
2. Chenopodiaceae тұқымдасына жататын Ақ алабұта өсімдігінің жалпы сипаттамасы
3. Ақ алабұтаның қолданылуы
4.Ақ алабұта химиялық құрамы және жемдік құндылығы
5.Фенолдар және олардың туындылары
1.1 Chenopodiaceae тұқымдас өсімдіктер туралы жалпы түсінік
Алабұта тұқымдастары (Chenopodiaceae) – Қызыл құйрық тұқымдасының (Amaranthaceae) тұқымдас тармағы тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер. Олардың жер шарында кең тараған 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Қазақстанда алабұта тұқымдасының 48 туысы, 218 түрі кездеседі.
Алабұта тұқымдасының 200-ден аса түрінің 30 түрі КСРО территориясында кездеседі. Олардың көп бөлігі арам шөптер қатарына жатады [1].
2.Chenopodiaceae тұқымдасына жататын Ақ алабұта өсімдігінің жалпы сипаттамасы
Ақ алабұта – Алабұталар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы.Сабағының биіктігі 10 – 100 см, гүлдері гүл жапырақсыз, қос жынысты, 5 мүшелі, 2 – 4-тен топталып жапырақ қолтығына орналасқан, кейде жеке жапырақты, масақты гүлшоғын құрайды. Аталығы – бесеу. Қазақстанда кеңтараған түрі:ақ алабұта және иісті алабұта Бұлар қуаңшылыққа төзімді, биіктігі 10 – 75 см, сабағы қара қоңыр қабықты бұташықтар. Тамыры жусан, діңгекті келеді. Сабақтары көп, қалың жапырағының сыртын түк басқан. Солғын жасыл, жіңішке гүлі қос жынысты болады. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, қазан айында жеміс береді. Тұқымы – сопақша дән. Ақ алабұта бағалы жайылымдық, кейде шалғындық жоғары өнімді өсімдік. 1 га-дан 6,2 – 9,8 ц пішен түседі.
3. Ақ алабұта қолданылуы
Мал дәрігерлігі практикасында асқазан-ішек ағзасының жұмысын жақсартады, малдың азыққа деген тәбетін арттырады. Оның құрамындағы ақуыздың мөлшері күз, қыс айларында жаздағымен салыстырғанда көп болады. Ақ алабұта шөбі қыс айларында қойға, жылқыға таптырмайтын азық. Сондықтан туралған изен шөбі көктем кезінде арықтаған, әлсіреген саулықтарға жемге араластырылып беріледі. Оны жеген қойдың асқорытуы жақсарып, тез оңалады. Ақ алабұта шөбінен тұнба және қайнатпа жасап әлсіз, арықтаған бұзауларға, қозыларға ішкізуге болады. Ақуыз және клетчаткалар саны ақ алабұта ыстық уақытта (маусымнан қазанға дейін) да аз өзгереді.
Қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек ) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
