- •21. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің өзектілігін сипаттаңыз.
- •22. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің жаңалығын көрсетіңіз.
- •25. Зерттеудің физика-химиялық әдістеріне талдау жасаңыз. Химиялық қосылыстардың құрамы, құрылымы туралы ақпарат алу мүмкіндігін қарастырыңыз.
- •26. Дипломдық жұмыс мысалында ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша реферат жазыңыз, кілт сөздерді көрсетіңіз.
- •27. Ғылыми мақаланың құрылымын қарастырып, дипломдық жұмысынызға реферат жазыңыз.
- •29. Зерттеу әдістеріне арналған тараудың құрылымын қарастырып, дипломдық жұмыс үлгісінде қорытынды жасаңыз.
- •30. Дипломдық жұмыстың құрылымын қарастырып, қорытынды жасаңыз. Әдебиеттер тізімін жасауға қойылатын талаптарды қарастырып, мысалдар келтіріңіз.
Емтихан сұрақтары
3-бөлім :21-30 сұрақтар
Бақытқан Бұлбұл,401-ХИ
21. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің өзектілігін сипаттаңыз.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы территориясында 6000-ға жуық өсімдік түрлері бар, олардың пайдалылығы туралы мәліметтер 1200 түріне ғана бар, ол 20% құрайды. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдікті зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Осыған сәйкес дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану керек.
Қазақстан флорасы дәрілік өсімдік және жабайы өсімдіктерге бай, әрине олардың тек біразы ғана қазіргі уақытта зерттелген.Сол себепті соңғы жылдары Қазақстан Республикасының тұзды аймақтарында өсетін, экстремалды жағдайларға бейімделген өсімдіктерді зерттеу кең өріс алуда. Өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеп, олардан биологиялық белсенді кешен алу, ол кешеннің негізінде Отанға препарат ұсыну негізгі мәселе болып табылады. Өсімдіктердің құрамын зерттеу, оның құрамындағы биологиялық белсенді заттарды анықтау теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда маңызды мәселе болып табылады.Дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық әсері оның құрамындағы биологиялық белсенді заттардың болуына байланысты анықталады, сондықтан қазіргі кезде олардың құрамындағы пайдалы заииарды бөліп алу.Қазіргі уақытта медициналық тәжірибелерге қажетті дәрілік заттардың 30 %-ы өсімдіктерден дайындалады, жәнеде көптеген дәрілер шетелден кіргізіледі.Қазакстан Республикасы өсімдік ресурстарына бай өлке, тек олардың аз ғана бөлігі медицина мен халық шаруашылығында қолданылады. Ақ алабұта тек дәрілік жағынан ғана емес оны түрлі түсті бояу,ертеректе сабын жасаудада кеңінен қолданған сондықтан дипломдық жүмыстың өзектілігі ретінде ақ алабұтадан жаңа БАЗ жаттарын анықтау және биологиялық белсенді заттарды анықтау деп алуға болады.
22. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің жаңалығын көрсетіңіз.
Алғаш рет Қазақстан аумағында өсетін Ақ алабұта жер өсті бөлігінің химиялық құрамын анықтап,нәтижелерді әдеби деректермен салыстыру,құрамындағы ББЗ бойынша қортынды жасалды:
-ҚХ және ЖХҚ әдістерін пайдаланып ақ алабұта өсімдінінің ББЗ құрамын анықтау.
-Анлиз нәтижелері бойынша алабұтаның ББЗ жаңа класстарын анықтау.
-Гравиметрия,титраметрия ,спектрофометрия алабұтаның амин қышылдарының белок,май қышқылдарының ,илегіш заттар , көмір суралды анықтау.
-ББЗ іздестіру мақсатында сулы және хлороформды экстрактыларды химиялық құрамындағы газды хроматография әдісімен анықтау .
-Алынған ББЗ бойынша сабын өндірісінде қолдану.
23. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің практикалық маңыздылығын сипаттаңыз.
Мал дәрігерлігі практикасында асқазан-ішек ағзасының жұмысын жақсартады, малдың азыққа деген тәбетін арттырады. Оның құрамындағы ақуыздың мөлшері күз, қыс айларында жаздағымен салыстырғанда көп болады. Ақ алабұта шөбі қыс айларында қойға, жылқыға таптырмайтын азық. Сондықтан туралған шөбі көктем кезінде арықтаған, әлсіреген саулықтарға жемге араластырылып беріледі. Оны жеген қойдың асқорытуы жақсарып, тез оңалады. Ақ алабұта шөбінен тұнба және қайнатпа жасап әлсіз, арықтаған бұзауларға, қозыларға ішкізуге болады. Ақуыз және клетчаткалар саны ақ алабұта ыстық уақытта (маусымнан қазанға дейін) да аз өзгереді. Ақ алабұта желінгіштік жағынан құрғақтағы және жартылай құрғақтағы бірінші дәрежелі жабайы жемдік өсімдікке жатқызу керек (Евсеев). Оны қойлар, ешкілер, түйелер және әсіресе жылқылар жақсы жейді. Ақалабұта жайылымда түгел желінеді.Тамыр мойынын және өскін бүршігін зақымдамау үшін жайлымын қатты таптауға болмайды [6].
Басовтың (1948 ж) мәліметтері бойынша жыл бойы жақсы желінеді, бірақ ол қыста және күзде өте бағалы. Ол қойларға күзгі кезде майлық жем ретінде саналады.Өзбекстанның қаракөлдік шаруашылығында изен жайылымдары күйек алдында және күйек (случка) кезеңінде, яғни, казан-қараша айларында, өте бағалы. Бұл уақытта қойлар, ақ алабұтаның гүлдерін және ұсақ жер үсті бөліктерін жақсы жейді [7].
24. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңалығын атап көрсетіңіз. Қорғау құжатарының тақырыбын алу мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
Алғаш рет Қазақстан аумағында өсетін Ақ алабұта жер өсті бөлігінің химиялық құрамын анықтап,нәтижелерді әдеби деректермен салыстыру,құрамындағы ББЗ бойынша қортынды жасалды:
-ҚХ және ЖХҚ әдістерін пайдаланып ақ алабұта өсімдінінің ББЗ құрамын анықтау.
-Анлиз нәтижелері бойынша алабұтаның ББЗ жаңа класстарын анықтау.
-Гравиметрия,титраметрия ,спектрофометрия алабұтаның амин қышылдарының белок,май қышқылдарының ,илегіш заттар , көмір суралды анықтау.
-ББЗ іздестіру мақсатында сулы және хлороформды экстрактыларды химиялық құрамындағы газды хроматография әдісімен анықтау .
-Алынған ББЗ бойынша сабын өндірісінде қолдану.
Зерттеу барысында өсімдіктің әртүрлі пайыздағы сулы-этанол (30 %, 50 %, 70 %) сығындыларының сапалық құрамы зерттелді. Екі жүйелі қағазды хроматография (ҚХ) және жұқа қабатты хроматография (ЖХҚ) әдістерімен, әр түрлі еріткіштер жүйесінде, арнайы айқындағыштарды қолдану арқылы өсімдіктердің негізгі ББЗ-ы сапониндер, кумариндер, флавоноидтар, алкалоидтар, тері илегіш заттар, органикалық қышқылдар бар екені анықталды.
Шикізаттың құрамындағы белсенді заттарға сандық сараптама жүргізе келе, нәтижесінде өсімдігінің құрамында флавоноидтар (1,8 %), сапониндер (2,4 %) және тері илегіш заттары (2,1 %) көп мөлшерде болатыны белгілі болды . Өciмдiк құpaмындa С дәруменi (7 мг/100гp) көп мөлшepдe eкeндiгi мәлiм бoлды.
