Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавая работа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.77 Кб
Скачать

2.1 Мәдениет – туристік ынталандыру факторы ретінде

Этномәдени туризмнің заманауи нарығында ресурстік базаның алуантүрлілігі мен байлығы маңызды орын алады. Этномәдени специфика белгілі бір объект құндылығының және этномәдени туризм дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, этномәдени туризмнің ресуртарын топтастыру және зерттеу глобальдық, макроаймақтық, ұлттық, жергілікті деңгейде жүзеге асырады.

Этномәдени-туристік потенциал – этнографиялық, табиғи-экологиялық және экономикалық сипаттағы объекттер мен құбылыстар жиынтығы. Бұл жағдайда барлық этномәдени феномен элементтері қарастырылады. Дамыған мемлкеттердің көбісінде заңмен тыйым салынбаған немесе жеке меншік объектілерінен басқаларына туристер жаппай кіре алады және көре алады. Мысалы, Финляндияда белгілі бір объект жеке меншік болса да, онда туристер мен экскурсанттар кіріп, сол жердегі ресурстарды көре алады. Ол объекттер орманды немес тоғайлы алқаптар, көл немесе теңіз жағасы болуы мүмкін. Этномәдени туризмде тікелей немесе қосымша қолданылатын феномендерді материалдық және материалдық емес объектілерге бөлген жөн. Этникалық мәдениеттің рухани феномендері қатарына сол елдің тілі, әдебиеті, діні, салт-дәстүрі жатады. Ал материалдық объектілерге сол жердегі белгілі бір ескеткіштер, сол халықтың ыдыс-аяғы жатады.

Этномәдени туризмге қатысы бар объектілердің әр түрлі категорияларында келесідей объектілерді бөлуге болады: этнографиялық ауылдар мен саябақтар, этнографиялық, өлкетану, тарихи-өлкетану және тарихи-архитектуралық мұражайлар, тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорықшалар, этнографиялық бейнесін сақтаған ауылдар, қаладағы даңғылдар мен жеке құрылыстар.Этномәдени туризм объектілерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар да маңызды орын алады.

Қазіргі уақытта әлемде бірнеше мың тематикалық саябақтар бар. Олардың ішінде этномәдени бағыттағы саябақтар бірінші орын алады. Этномәдени бірегейлілігіне қарай тематикалық саябақтарды келесідей топтарға бөлуге болады: 1) белгілі бір аудан немес жергілікті саябақтар; 2) барлық елдің саябағы, мысалы, Джакартадағы саябақ; 3) жеке бір ұлттың саябағы (румын үй-жайлары типтес).

Мәдени ландшафт – бұл антропогендік әсерден өткен табиғи объектілер кешені, белігілі бір халықтың белгілі бір уақыт аралығында игерген жері ғана емес, бұл этностың менталитеті болып табылады. Орынды дамыту ланшафттары дегеніміз этномәдени топ қалыптасқан және дамыған ланшафттардың бір-бірімен идеалды түрде үйлесуі.

Этномәдени ландшафт дегеніміз – белгілі бір территорияның дамуын сипаттайтын мәдени ландшафт бөлігі. Адамзат ұзақ уақыт бойы игерген территорияны тарихи-мәдени және этномәдени ландшафт ретінде қарастыруға болады. Басқаша айтқанда, этномәдени ланшафт деп екі немесе одан да көп этнос дамыған табиғи-мәдени орта.

Нарықта мәдениеттің даму деңгейі аймақтың жағымды имиджі ретінде қолдануға болады. Мәдениет факторлары және салт-дәстүрлері элементтері аймақтың туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат каналдары болып табылады.

Қазақ халқының көн теріден жасалатын ыдыс-аяқтары көптеп кездесетін. Көлемі жағынан алғанда ең үлкені болып саналатын саба арнайы дайындалған жылқы терісінен жасалатын. Ол қымыз бен сары май алу үшін пайдаланылатын. Оның келбеті жылқы тәрізді еді. Төменгі жағындағы төртбұрыш бөлігі жіңішке мойнына жалғасатын.

Қазақ халқының дастарханында шәй айрықша орынға ие. Оны арнайы фарфор шәйнек – аққұманда бықтыратын. Қайнатындыны самаурыннан құяды. Самаурыннан дайындалатын шәйдің өзіндік дәмі бар. Шәйға қайнатылған қаймақ пен сүт қосып ішу атадан мирас болған дәстүрлердің бірі.

Қазақ халқында шәй ішу ежелгі дәстүрлермен біте қайнасқан десе де болады. Мысалы, үйлену тойына жиналған құрметті қонақтар тек келіннің қолынан ғана шәй ішеді. Дастархан басында отырып келіннің шәй құюын жіті қадағалайды. Мұндай жағдайда ол бір қауым жұртқа қызмет көрсетеді. Әркімнің кесесін ауыстырып алмау аса маңызды болып есептеледі. Келін бір де бір қонақты назардан тыс қалдырмауы қажет. Дер кезінде сый аяқ ұсынып та үлгеруі тиіс.

Қазақ үй тұрғызылуының негізгі түбірі – дүние танымдық көрініс ретінде сыр шертуі болып саналады. Қазақ халқының қарапайым қазақ үй деп аталатын тұрағы Аспан Әлемімен етене байланыста бола отырып, сол ретте нағыз үйдің жайлылығын сезіну рахатын туғызды. Табиғатпен байланысу, космоспен гармонияға түсу арқылы киіз үй ерекше өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Қазақ халқының ежелден айналысқан кәсібі мен түрлі қызығушылықтарының негізінде қазақ үйдің ішкі көрінісі ұйымдастырылған. Мұнда түрлі түсті жолақтарды құра отырып, әдемі ою-өрнектер, ағаштан ойып аплынған фактуралық және пластикалық өрнектер негізіндегі түрлі өнер туындылары бір-бірімен жарыса отырып, қазақ үй ішіне ерекше көріс пен бейне беруде.

Қазақ халқының мал шаруашылығы көшпелі үйлердің, яғни қазақ үйлердің пайда болуына негіз болды. Сондықтан да қазіргі заманауи қазақ үйлер – материалды мәдениеттің соңғы өнімі. Әр қазақ өзінің киіз үйін тұрғызып, сол жерде жаз мезгілінде мекен етті. Табиғаттағы тұрғызылған қазақ үйлер табиғатты өзгерту емес, табиғатпен етене жақын болу мақсатында тұрғызылған.

Қазақ халқының қолөнер шеберлері ағаштан әртүрлі ыдыс-аяқ, саптыаяқтар жасаған (Қосымша А 1). Осы кеселерден қымыз, айран және басқа да сусындармен сусындаған. Кейінірек олардың орнын пиала алмастырған. Көші-қон кездерінде ыдыстарды тасымалдау үшін киізден немесе ағаштан аяққап жасайтын. Азық-түлік, ыдыс-аяқ және басқа да үй шаруашылығының заттарын сақтау мақсатында ағаштан жасалған және сүйек, күміс, темір және басқа да әшекейлермен әрленген кебежелер кең қолданылған. Сондай-ақ, ағаштан шелек, күбі, келі және піспек жасалынатын. Ал металл ыдыстардан әр отбасыда шойын қазан болған. Онда ас әзірленетін. Қазандардың көлемдері әртүрлі болатын. Шәй қайнату үшін мыстан не шойыннан жасалатын құмған пайдаланылса, ауқатты отбасыларда самаурын қолданылған.

Ірі көлемдегі үлкен табақтар құрметке лайық еді. Олардың ернеуі мен түбіне әрқилы өрнек сала отырып ағаштан жасайтын. Кейінгі уақыттарда металл және шыныдан жасалған табақтар келе бастады. Қазіргі уақытта табақ деп ас салынған ыдысты айтады. Ерте кездерде «табақ» деп дастархан мен шаңырақ айтылатын болған. Табақ тартуға ұлттың салт-дәстүрлерін білетін адамдар қатысатын. Мәселен, табақтың төрт түрі бар: басты, ортаңғы, құрметті және кіші. Әр табаққа мал етінің белгілі бір бөліктері салынады. Бас табақ пен құрметті табаққа бас пен жамбас міндетті түрде болуға тиіс. Ал ортаншысында үлкен сүйек салынған ет болса да, кейде жамбас сүйек кездесіп қалып жататын. Ал кіші табақта қалған ет өз орындарын табатын болған.

Көшпенділер өздерінің заңдылықтарының негізінде киіз үй тұрғызды (Қосымша А 2). Қазақ үйді көшіп қонуға ыңғайлы болу үшін жеңіл үлгіде құрастырған, яғни бір түйе және екі жылқы арқылы киіз үй құралдарын әкетуге мүмкін болған. Оны тұрғызудың негізгі қолайлылығы ішіндегі кеңістіктің үйлесімділігінде болып саналады. Киіз үй ыстық күндері күннен қорғайтындай, қыстың күндері суықтан, ал күздің жаңбырлы күндері су тасқынынан қорғайтындай нысанда жасалынған.

Түгелдей табиғи материалдарған салынған киіз үй адам өмірінің қолайлылығы мен мүмкін болатын қорғанышының дамуы мен жалғасы болды: талдың майысқақтығы – тығыз әрі қайталанбас қорғаныс, жаңбыр суының, ылғалдың өтуіне төтеп бере алатын құралдың орнатылуы және оның үстінен күз мезгілінде қойдың қырқылған жүнімен жабылған көрінісі адам өміріне және денсаулығына пайдалы болып табылады.

Текемет үстіндегі ою-өрнектің бейнесі, киіз үй ішіндегі аңдардың терісі, түрлі-түсті қазақ халқының мәдениетіннен сыр шертетін асыл дүниелер қазақ елінің тұрмысына әсем көрініс береді.

Киіз үйдің ерекше атап өтетін ерекшелігі бұл оның дөңгелек (философиялық және конструктарлық үлгіде) фигурада жасалынғандығы болып табылады. Дөңгелек формада жасылынған киіз үй іші өрнектелген текемет пен алтын түстес сырмақтармен, қазақ өнерінен сыр шертетін ою-өрнектермен көмкерілген ыдыстарға, саңдыққа, төсек пен үстел ерекше үлгідегі қазақ халқының тұрмысын бейнелейді. Киіз үй үстіндегі шаңырақ аспан әлеміндегі Ұлы Тәңірге бастайтын көк аспан астындағы киіз үйдің ерекше құндылығы саналады.

Шаңырақ – халықтың бірлігін сипаттайтын, адам өмірінің ұрпақтан ұрпаққа сабақтастығын бейнелейтін киіз үйдің ерекше бөлігі. Шаңырақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасты бірдіретін, халық сабақтастығының көрінісі [10].

Қазақстан да бірегейлі мұраларға ие мемлекет. Әрине қазіргі таңда туризмнің атрибуттары – сувенирлер, карталар, белгілер, сондай-ақ туристік құрылғылар – шатырлар, сөмкелер, аяқ киім, жататын орындар жайында ойлану қажет. Осылардың Республикада жасап шығарылуын қадағалау қажет. Оның негізгі құраушылары: транспорт – қонақүй – тамақтану орындары – экскурсия сияқты біз көріп жүргендер болып табылады. Қалғандары – бұл спорттық туризм үшін қажет құрылғыларды қоса есептегендегі түрлі туристік өнімдерді шығару, мәдени орталықтардың қызметі және табиғи зонлардағы қорықтардың күзетін есептегендегі көп салалы өндірістік туризм болып табылады. Әрине бұл адекватты туризм индустриясының компоненттерін құратындардың аз ғана бөлігі болып табылады. Мәдени туризм – белгілі бір елдің ұлттық мәдениетімен, сол елдің салт-дәстүрімен танысудың ең жақсы әдістерінің бірі. Туризмнің гуманитарлық мәні жеке тұлғаның дамуына, оның мүмкіндіктері, шығармашылық потенциалы және білім шегін әрі қарай кеңейтуді қолданудан тұрады. Білімге ұмтылу әрқашан да адамның басты ерекшелігі болып табылады. Басқа халқының демалысы, тарихы мен мәдениетін тану – туризм мақсаттарының бірі болып табылады[9]. Әлемді өз көзіңмен көру, есту, туризм фукцияларының маңыздылығын сезіну, өзімен бірге үлкен гуманитарлы потенциал әкеледі. Басқа елдің мәдениеті және салт-дәстүрімен танысу адамның рухани әлемін байытады.

"Мәдениет" мәдени-тарихи мұрамен байланысты. Бұлар ескерткіштер, кешендер мен мұражайлар, кітапханалар, мәдениет үйлері және көрме залдары, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, этникалық ерекшеліктер.

Мәдени немесе танымдық туризм. Халықтың мәдени ерекшеліктері айтарлықтай қызығушылықты тудырады. Дүниежүзінің әр бөлігіне және тұрақталған халықтарына байланысты туристің табиғи қызығушылығы туристік ынталандырудың негізгі факторы болып табылады.

Туризм - мемлекет мәдениеті мен халықты таныстыру үшін тиімді тәсіл. Туризмнің гуманитарлық мағынасы тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері мен білімінің толықтырылуында анықталады. Білімді толықтыру адам баласының өмірінде айнымас орын алды. Туризмнің қалпына келтіру функциясының негізгі бөліктері - дүниені өз көзімен көру, есту, сезу. Мемлекеттердің дәстүрі, мәдениетімен танысу адамның рухани дүниесін өсіреді.

Мәдениет халықтың дамуын, сақталуын, тәуелсіздігінің күшеюін қамтамасыз ететін негізгі процесс. Мәдениет пен туризмнің даму тарихы біркелкі болғандықтан, олардың ары қарай дамуының біріңғай жаңа тәсілдері анықталды. Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде мәдениет пен туризмнің демократизациялау процессі жүргізіліп жатыр.

Өз сананды және қоршаған ортаны тану, тұлғалық даму және көздеген мақсатқа жету ең алдымен мәдениетті танудан басталады.

Әрбір халықтың мәдени мқрасы суретшілердің, сәулеткерлердің, музыканттардың, жазушылардың, ғылымдардың еңбектерінен ғана құрылмай, сонымен қатар материалды емес мұрасы, оның ішінде фольклор, дәстүр, әдет- ғқрып, фестиваль, діни шаралар т. б. жатады. Мәдени немесе танымдық туризм бұрыннан ерекшеленіп, өздігінен келе жатқан туризм түрі болып табылады. Оның негізі мемлекеттің тарихи - мәдени мүмкіншіліктерін құрайтын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, шаруашылық және тұрмыстық ерекшеліктер болады. Мәдени туризмді минималды ресурстары бар аймақ дамыта алады. Бірақ оның кең түрде дамуы белгілі бір мәдени мұра объектілерінің концентрациясының болуына байланысты. Олар:

- архиологиялық ескерткіштер;

- азаматтық сәулеттер;

- ландшафттық сәулет ескерткіштері;

- кіші немесе үлкен тарихи қалалар;

- ауылдық тұрақтанулар;

- мұражай, театр, көрме залдары т.б;

- социомәдени инфрақұрылым;

- этнография объектілері, халық дәстүрлері, қолөнер;

- техникалық кешендер мен ғимараттар.

Туристердің басқа мемелекетке баруы, сол жердің мәдени кешендерінің жоғары дәрежеде болуы. Мәдени кешендердің тартымдылығы оның көркемдік және тарихи бағалауына, модаға және сұраныс орындарға байланысты қол жетерлігімен айқындалады. Дүниежүзінің әртүрлі аймақтарының ерекшеліктері саяхаттаудың себебі болады. Туристердің таңдалған объектілері олардың рухани өсуіне, білімдерін толықтыруына жағдай жасайды. Мәдениет туристік қызығушылықтың негізгі элементі болып саналады.

Туристік нарықтағы белгілі бір аймақтың тартымды имиджін насихаттау үшін мәдени даму деңгейі қолданылады. Аймақтың туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты бөлу жүйесі ретінде мәдени элементтер мен факторлар болуы мүмкін. Туризмнің жемісті болуы, материалдық-техникалық базасына ғана байланысты емес. Сонымен қатар, ортақ қабылданған талаптар мен стандарттарға, ұлттық мәдени мұра ерекшеліктеріне де сүйенеді. Ұлттық мәдени мұра объектілері көркемді және саналы түрде ұсынылуы тиіс. Ғылыми - техникалық процесс өз жұмысын орындады: бір мемлекеттің өнімі басқа мемлекет шығарған өнімінен айырмашылығы болмайды. Ал, мәдениетте біріңғайлыққа жол берілмейді. Тартымды туристік бағытта қызмет еткісі келетін аймақтың өзіндік ерекше мәдени кешендермен қамтылып, оны туристік нарыққа ұсыну қажет.

Қазіргі кезде әртүрлі ақпараттарда басылымдардан, көркем әдебиеттерден және басқа да жерлерден алуға мүмкіндік болса да, бұрынғы ақиқат өзгермейді: «жүз рет естігенше, бір рет көр». Сондықтан, туристік ағымын көбейткісі келген аймақ, арнайы жобалар мен іс–шараларды жоспарлап, дамытып, өзінің мәдени мүмкіндіктері жайлы ақпарат тарату қажет.

Туристік қызығушылықты ұйымдастырудағы мәдени элементтердің ролі.

Әртүрлі қызмет салалары саяхаттау мен туристік бағытқа күшті ынталандыру береді. Туристік бағытындағы түрлі топтарға және туристер категорияларына мәдени және әлуеметтік сипаттар әсер етеді. Туристерді мәдени элементтердің өнер, ғылым, дін, тарих т. б. қызықтырады.

Сурет өнері–туристік сапарға шығу үшін ынта туғызатын мәдени элементтерінің маңыздысы болып табылады. Туристерді аймақпен таныстыру үшін ұлттық сурет өнері шығармаларын танымал жерде орналастырады. Сонымен қатар, фестивальдар, ұлттық бейнелеу өнерінің кең ұсынылатын түрлері және элементтері атақты болып келеді. Мысалы, үнемі Шотландияда өтетін эдинбургтық фестивальдің артықшылықты сипаттамасы, ол тек жергілікті суретшілер шығармаларымен ғана емес, сонымен қатар, жергілікті композиторлар шығармашылығымен, фольклорымен және туристердің қызығушылығын тудыратын басқа да нәрселермен таныстырады.

Музыка және би–мәдени элементтердің ең тартымдысы аймақтың музыкалық мүмкіндіктері саналады. Кейбір мемлекеттердің музыка өнері туристерді тарту үшін негізгі факторы болады. Танымал музыкалыұ фестивальдар мыңдаған қатысушыларды жинайды. Көптеген курорттық қонақ үйлер көңіл көтеру кештерінде, концерттерде, фольклорлық кештерде ұлттық музыканы қонақтарына ұсынады. Туристік орталықтарда сатылатын ұлттық музыка тақырыбындығы таспалар халық мәдениетімен танысуға айтарлықтай ықпал тигізеді.

Этникалық би–ұлттық мәдениет элементтерінің белгісі. Әрбір аймақтың өзіндік ұлттық биі бар. Мысалы, африка елінің биі, полинезиялық, жапондық «кабуки» биі, орыс балеті, қазақтың «буын биі» т. б.. Шоу, фальклорлық кештер, өткізілетін бағдармалар туристі жергілікті би ерекшеліктерімен таныстырады.

Ұлттық қолөнер–туристерді қабылдаған аймақ жергілікті қолөнершілердің сувенирлерін кең көлемде ұсыну қажет. Сувенирелер мемлекет туралы ұмтылмас естелік. Сувенирлік өнімдер және басқа туристік тауарлар, құрал – саймандар туристерге ыңғайлы жерде орналасқан дүкендерде сатылуы қажет. Саяхаттау кезінде қаражатты жұмсау кең көлемде жүргізіледі. Сондықтан, туристік өнімді қызықты, қол жетерлік, көп көлемде өндіру қажет.