Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавая работа.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145 Кб
Скачать
☆

1 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамытудың теориялық негіздері

    1. Этно-мәдени туризм түсінігі және оның түрлері

Этномәдени туризм – этномәдени сферадағы феномендердің алуантүрлілігін тану мақсатындағы туристік белсенділік формаларының жиынтығы. Этномәдени туризмнің дербес және кешенді сипаттамасы оыс туризм түрі шегінде қолданатын туристік ресурстар, қатысушылар мотивациясы, кадрлар мен менеджменттің мамандандырылуы арқылы анықталады.

Этнографиялық туризм деп елдердің немесе жеке этникалық топтардың дәстүрлі мәдениетімен танысу мақсатындағы саяхаттарды атаймыз. Этногрфиялық туризм халықтардың өмір салтына, ұлттық дәстүрлер, салт-жоралар, өнер мен мәдениетке деген туристің қызығушылығы негізінде қалыптасады. Этнографиялық туристерге келесі қасиеттер тән:

- Өзінің және басқа да әлеуметтік топтар арасындағы мәдени параллельдерді іздеу;

- Қоғамдық мұра туралы білу қажеттілігі;

- Тарихи реконструкция;

- Белгілі бір идеалданған әлемде виртуалды болып келу мүмкіндігі.

Этнографиялық туризм 2 негізгі түрі арқылы көрініс табады:

Біріншіден, ол өз халқының тұрмыс-салтын, өмір сүру ғұрпын сақтап қалған ауылдарға бару. Мұндай ауылдарды көрсеткішті немесе демонстрациялық деп атауға болады. Олар тұрақты және уақытша (мысалы, көшпелі малшылар тұрақтары немесе терімшілер мен аңшылар тұрақтары) болады. Осындай ауылдар арқылы өтетін маршруттар көптеген елдерде бар. Осылай, Египеттегі демалыстың атақты түрі – ол шөлдердегі джиппен сафари. Бұл кездерде туристердің аялдамалары міндетті түрде бедуиндер тұрақтарында болып, олардың көшпелі өмір салтымен, әдет-ғұрыптарымен танысады [4. с. 159].

Екіншіден, этнографиялық туризм өзіне ұлттық тұрмыс музейлерімен танысуды енгізеді. Үлкен қызығушылықты дәстүрлі архитектура үлгілері, тұрмыстық заттар мен бұйымдар бар ашық аспан астындағы этнографиялық музейлер тудырады. Бұл жағдайда турист белгілі бір мәдениет пен дәуірге жататын бұйымдарды өз көзімен көріп, олардың маңыздылығын естіп, кейбіреулерін өз қолдарымен ұстап көруге мүмкіншілігі бар.

Осындай алғашқы аспан асты музейі 1891 жылы Швецияда ашылды. Ол Скансен атауын алды. Мұнда бүкіл Швецияның дәстүрлі құрылыстары жинақталған, фестивальдер өткізіліп, ұлттық билері көрсетіледі.

Сонымен, этнографиялық туризм арқылы адам дәстүрлі тұрмыс шарттарын, шаруашылық құрылыстарын, ұлттық киімдегі жергілікті тұрғындарды көруге, сонымен қатар, ұлттық мейрамдарға қатысуға, ұлттық тағамнан дәм татып, сувенир ретінде ұлттық тұрмыстық бұйымдары мен қолөнер туындыларын сатып алуға мүмкіншілік алады. Сапардан келіп туристер сатып алынған заттарын көрсетіп, этностар туралы көрген білгенін баяндайды. Мұның барлығы қосылып, әртүрлі этностар арасындағы толеранттықты, бір-біріне деген құрмет пен достастықты арттыруға ықпалын тигізеді.

Этнографиялық туризм бағыттарының бірі – аборигендік туризм. Ол дегеніміз байырғы, жергілікті халықтары қатыстырылған этнографиялық туризм [5. с. 216].

Экологиялық-этнографиялық туризм шетелдік және отандық туризм нарығында бұрында басқа туризм түрі «жұмсақ туризм»-экологиялық туризм құрамында болған. Экологиялық-этнографиялық туризмнің экологиялық туризмнен алынып тасталуы этномәдени туризм нарығындағы жаңа модельдің қалыптасуына байланысты.

Этнотанымдық туризм – этникалық мәдениеттерді тарихи тұрғыдан қарастыру мақсатындағы саяхаттар. Этнотанымдық саяхаттарда мәдени ландшафттар маңызды орын алады. Этнотанымдық туризм объектілеріне тарихи-мәдени, этнографиялық және әлеуметтік-мәдени объектілер жатады.

Этномәдени және экологиялық, оқиғалық, тарихи-мәдени туризм түрлерінің байланысы бір объектілерді туристік нарықтың әр түрлі іс-әрекетінде қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ қосуға болмайтын да туризм түрлері бар. Мысалы, спорттық және этномәдени туризм түрлерін бір жерде, бір ресурстар арқылы өткізуге болмайды. Сондай-ақ, этнографиялық маңызы бар объектілер мен феномендер көбінесе алыс қашықтықтағы аймақтарда, мысалы таулы және балшықты аймақтарда орналасады.

Жалпы, этномәдени туризм басқа туризм түрлерімен тығыз байланысты болып келеді. Яғни ол экологиялық, спорттық, шытырман оқиғалық, агротуризм сияқты туризмнің арнайы түрлерімен де, жағажайлық, танымдық, емдік-сауықтыру сияқты жаппай туризм түрлерімен де тығыз байланыста болып отыр.