Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавая работа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.77 Кб
Скачать

1.3 Этно-мәдени туризмдегі халықаралық тәжірибе

Ресейде этномәдени туризм Вологод, Архангельск, Прибайкал, Калининград облыстарында, Карелия Республикасында, Камчатка мен Хабаровск, Алтай, Бурятия аймағында дамыған.

Ресейдегі этномәдени туризм дамуының алдын-ала жағдайына келесілерді жатқызуға болады:

- Ұлттық және аймақтықтан жергіліктіге дейін (төмен әкімшілік бірліктері – аудандар, муниципалитеттер, ауылдық мекендер) кеңістіктік деңгейдегі халықтың этникалық алуантүрліліктің жоғары дәрежесі;

- Ұзақ уақыттық этникааралық интеграция, аккультурация және ассимиляция процессі барысында пайда болған этномәдени кешендер (шығыс славяндық, түрік және фин-ұйғыр, кавказ жіне моңғол);

- Мәдениет аралық қарым-қатынасты белсенді тарату;

Этникалық топтардың өзінің тұрғылықты ареалдарындағы территориялық консолидацияның төмен деңгейі (Солтүстік Кавказ, Ресейдің азиаттық бөлігі, Урал);

Этномәдени туризм саяхаттаушыларының қалауларына байланысты бұл туризм түрінің келесідей түрлері бар: этникалық, этнографиялық, ностальгиялық, экологиялық-этнографиялық, этнотанымдық және антропологиялық туризм.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде кең қолданатын этникалық туризм түсінігі дәстүрлі өмір салтын жүргізетін халықтардың өмір салтымен, мәденениетімен танысу мақсатындағы этномәдени туризм түрі. Бұл туризм түрі Еуропа, Солтүстік Америка және Латын Америкасында (Мексика, Гватемала, Перу, Боливия, Эквадор) дамыған. Отандық этникалық туризм нарығы Сібір, Ресейдің Таяу Шығысында, Алтай, Бурятия, Прибайкал, Камчатка, Хабаровск аймақтарында дамыған.

Австралия, Франция, Германия жастары арасында этнографиялық акценттағы экологиялық турларға бару таралған.

Ресейдегі этномәдени туризм дамуында этномәдени тематикалық саябақтар да маңызды роль атқарады. Шетелде, әсіресе АҚШ, Канада мен Жапонияда мұндай саябақтарға бару бос уақытты өткізудің тиімді формасы ретінде қабылданады.

Қытай бай және әр түрлі туристік потенциалы бар мемлкет болып табылады. Тіпті оның көршісі Жапонияда дамыған туристік инфрақұрылым, туризмнің әр түрлі секторларындағы мамандандырылған кадрлар, көрсем табиғат және тез танылатын туристік имидж болса да, Қытаймен табиғи-тарихи мұраның әр түрлілігі мен көптігі бойынша тең бола алмайды. Мемлекеттің «Қытай» атауының өзі-ақ барлық әлемде көне заман, мыңжылдық өркениет және жалпы әлемдік техникалық жетістіктермен байланыстырылады. Тынық мұхиты алабындағы басқа бір ел Қытаймен табиғаттың әр түрлілігі бойынша салыстырыла алмайды. Жалпы Қытайда антропогендік және табиғи ландшафттың барлық түрі, Шығыс және Орталық Азиядағы барлық табиғат зоналары бар. Қытай – биік таулар мен тауаралық жазықтары, жазық далалары, жартылай шөлдері мен ылғалды тропикалық ормандары бар ел. Басқа елдердің ешқайсысында этностардың сонша саны тұрмайды. Сонымен қатар, басқа елдің ешқайсысында жергілікті халықтың лингвистикалық әр түрлілігі байқалмайды. Сино-тибеттік топ тілдерін қолданушылар алтай тобының халықтарымен көрші тұрады. Басқа елдердің ешқайсысында этнографиялық бағыттағы экскурсиялық-танымдық туризмді ұйымдастырудың мұндай хор мүмкіншіліктері жоқ. Елдің солтүстік-батыс дәстүрлі түрде Қытайдағы ислам дінінің ошағы болып табылады. Соңғы оңжылдықтардағы ханьдік жаппай миграциясына қарамастан, Синьцзян Қытайдың басқа аумақтарына қарағанда өзінің этномәдени сипаттармен ерекшеленеді. Сондағы ислам радикалдарының тұрақты белсенділігін атап кетсе де болады.

Қытай қалаларының тұрғындарының жартысы ауылдық жерлердің тумасы, тұрғындардың көбінесесі туған аудандарымен бейресми қатынасты қолдайды. Ауылдық жерлерден қоныс аударғандардың екінші және үшінші ұрпақтары өз ата-бабаларының жерлерінде өтетін қаза рәсімдеріне қатысуды міндет деп санайды. Мұндағы ерекшелік, дәстүрлі қытай мерекелері мен оқиғалары көбінесе жылдан жылға келісе бермейді, өйткені олардың өткізілуі ай күнтізбесіне байланысты. Ең басты мереке – Айлы Жаңа жыл (Чуньцзе). Бірақ осы уақытта оқиғалық туризмді ұйымдастыру қиынға түседі, себебі бұл маусымда қытай халқының кеңістік мобильділігі тез жандандырылады. Жаңа жылда 300 млн. Жуық адам өз туыстарына және достарына барады. Ішкі туристтердің қаптауына байланысты көліктер қиыншылық көреді. Сапарға бару үшін ең жайлы уақыт- Айдаһар қайыға фестивалі (шілденің соңы).

Қытайдан басқа көптеген Азиалық-Тынықмұхиттық өңіріндегі елдер туристтік дестинациялардың көз-қарастарына қарағанда сирек немесе ерекше атаққа ие. Солардың арасында ерекше орынды Камбоджа алып отыр. Бұл мемлекеттің жуырда созылмалы азаматтық соғысы болған солтүстік территориясы экология жағынан хабардар және шытырман оқиғаларға әуесшілдердің назарын аударады. Озеннің түбін мекендейтін құбыжық туралы шытырман әңгімелер арқылы шетел туристтерін осы жерлерге келуге қызықтыруға болады. Лохнесс құбыжығы туралы әңгіменің әлемде кең танымал болғанына қарамастан, мұндай тәсілге қол жүгіртуіміз саяхатқа жұмбақтылық ерекшелігін береді.

Үнемі өткізілетін фестивалдар, халықтық ән-шығармашылық байқаулар, театрланған ойын-сауық кештердің шеңберінде уақиғалы туризм ұйымдастыруға болады. Сондағы халықтардың, әсіресе тайлықтар, балийлықтар, кхмерліктер және т.б., музыка және театр дәстүрлері, біріншіден туристтік байланыстардың интенсивтендіруіне байланысты бар әлемге танымал. Мәселен, Ваянг театры Индонезияның өзінше визит карточкасы ретінде қалыптасқан.

Көзге түсерлік тарихи-мәдени, табиғи және әлеуметтік-мәдени қорлардың ұқсастығы, Оңтүстік-Шығыс Азияның буддисттік елдер туризмінің кәсіпқой ұйымдаструшылары арасында қатаң бәсекелестік туғызады. 2003 жылы Пномпенеде болған тай бүлігін еске алсақ болады. Прессада Камбоджа архитекртурасына қатысты поп-дивалардың бірімен «байқамай айтылған сөздің» кесірінен көрші елдің ондаған кәсіпкерлерінің өмірін кескен зорлық әрекеттері мен Тайланд пен Камбоджа елдерінің арасындағы дипломатиялық қатынастары үзілді. Мәселен, Ангкор-Ват ғибадатхана кешені сан ғасырлық тайлық сәулет дәстүрінің көлеңкесі ретінде жарияланды. Мұндай оқиғалардың орын алуы, әлбетте, тай-камбоджалық екіжақты қатынасты қиындатып жіберді, әсіресе туризм саласында. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша аймақтық тур-өнімді қалыптастыруда және оны өрлетуде әр елдің туризм саласындағы шеберлерінің бірлескен еңбектері зор тиімділік әкеледі.

Қазіргі уақытқа дейін отандық және халықаралық ғылыми әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты әр түрлі материал көздері жетіп артылады. Сондықтан да этнология, этнография және басқа да этномәдени цикл туралы әр түрлі түсініктер қалыптасқан.

Әлемдік халықтардың этникалық жағынан әртүрлілігі туралы, олардың мәдениетімен танысу, сонымен қатар сирек және антропологиялық әр түрлі және ерекше құндылықтарын көру, танып білу ежелден – ақ басталған.

Этномәдени туризм, өте ауқымды мүмкіндіктерге ие, біріншіден, аймақтық және жергілікті салт-дәстүрлерді қарастыруға деген белсенді ат салысу, екіншіден, этникалық тарихтың қойнауына кеткен ескі салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту.

2 ҚР-дағы этно-мәдени туризмнің даму деңгейі және перспективалары