Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавая работа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.77 Кб
Скачать

1.2 Отандық этно-мәдени туризм және қазақтың салт-дәстүрлер

Этнотуризм - әрбір халықтың өзіне тән, ерекше өмір сүру дәстүрі бар, сенім – нанымы, киім киісі бөлек халықтарды тану, зерттеу.

Еліміздегі тарихи орындарды, жалпы этнотуризмді халықтың игілігіне айналдыру – бүгінгі таңда кезек күттірмей шешілуі тиіс кешенді мәселелердің бірі. Тарихқа тұнып тұрған даламыз бен көне қалаларымызды әлемге паш етіп, көне мәдениетімізбен әлемге әйгілі болсақ әрі тарихи құндылықтарымыздың арқасында мемлекетіміздің экономикасын алға жылжытып, мол қаржы табуға мүмкіншілік бар.

Этнографиялық туризмнің «этнос», яғни аумақтық және мәдени факторлармен біріккен адамдар тобы деген сөзден шыққанын ескеру керек. Басқаша айтқанда – басқалардан өзіндік дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен, күнделікті тұрмысымен ерекшеленетін адамдар тобымен танысуды білдіреді. Этнотуристік бизнесті тек қана шетелдік қонақтарға ғана арнап емес, сонымен қоса белсенді өмір ырғағына үйреніп қалған, рухани демалуды іздейтін қала тұрғындарына да бағыттауға болады. Этнотуризм нені ұсына алады(қазақ этносының мысалында): ұлттық киімдерге киініп суретке түсу, белгілі уақытқа жергілікті халықпен бірігіп өмір сүру, сол халықтың дәстүрлі кәсібімен, шаруашылығымен айналысу, ұлттық тағамдардың дәмін татып қана қоймай- әзәрлеуді де үйрену; кешкі уақытта ұлттық ойындарын ойнап, халық ауыз әдебиетімен танысу – аңыз әңгімелерін тыңдау, аңшылық, бүркітшілік шоуларына, салт-дәстүрлерді көрсетуінде қатысу, ұлттық спорт түрлерін тамашалау, жылқымен серуендеу, кешкі мал сауу процесін бақылау т.б. Қазақ ауылдары осындай бизнесті ұйымдастыруда жарнаманы өздері жасауға қиындық туындайды. Сол себепті оларға туристік агенттікпен серіктестік жасау қажет: олар жарнаманы да жасайды, клиенттерді де алып келеді.

Этнографиялық туризм – қазіргі күні көптеген елдер үшін тартымды болып табылатын мәдени-танымдық туризм бағыттарының бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша, бұл туризм түрі адамның бірнеше қажеттілік түрін қанағаттандыра алады. Этнографиялық туризмді ұйымдастырудағы маңыздысы болып қатысушыларды әртүрлі этностардың салт-дәстүрі мен мәдениетімен таныстыру табылады. Салт-дәстүрлер – елдегі халықтың бір-бірімен қарым-қатынасы, құндылықтар мен көзқарастары, іс-әрекет нормалары. Салт-дәстүр сипаттамаларына бар дәстүрлер анализі, елдегі олардың рөлі мен орны, олардың белгілі этностармен пайдалану дәрежесі жатады. Салт-дәстүрлердің әртүрлі өмір салсындағы орны әртүрлі: мысалы экономикада ол өте аз, ал дінде жоғары. Әлуметтік топтар мен қоғам әлеуметтік – мәдени мұраның бір элементтерін қабылдап жатса, бірін итереді. Сол себепті әдет-ғұрып позитивті және негативті бола алады. [2. с. 146]

Қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан-аяқ баяндап беретін осы әдет-ғұрып ойындары болды. Сондықтан талдауды еңбек процесіне байланысты туған мереке ойындарынан бастаймыз. Бұған жататын ойындардың негізгілері – «Наурыз» мерекесінде ойналатын ойындар. Бұл мереке жыл сайын наурыздың 22-де өткізіліп тұрған. Олай болуы бұл күн қазақ халқының түсінуінше жаңа жылдың бірінші күні болып есептелінген. Тағы бір себебі 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі де, әрі қарай күн ұзара бастайды. Бұл күні халық қыстың ауыртпалығынан құтылып, мал басын, жан басын қыс қырсығынан аман алып шыққандығын аңғартады. Сондықтан да бұл күнді ертедегі түркі тектес халықтар жаңажылдың туған күні деп қарсы алды. Ескі, қазақша жаңа жыл күнінің атын «ұлыс» деп атағандықтан бұл мерекені «ұлыстың ұлы күні» деп те атайды. «Наурыз» мерекесінің сәні – ақындар айтысы басталған кезде екі топтан шыққан құсбегілер бүркіттерін алып аң аулауға кетеді. Бұл ойынды қазақтар «бүркіт салу» деп атайды.

«Бүркіт салу» тек Орта Азия халықтарының арасында аңшылық кәсіптің негізінде дамыған демалыс ойындарының бірі болғандықтан, күні бүгінге дейін аса бір құрметпен өткізіледі. Аң аулауға дайындалған бүркіттің бабын табу, оны асырап, баулу, қоян, түлкі, тіпті қасқырларға салу үшін жақсы үйреншікті әдіс керек.

Мылтықсыз мерген болу, яғни мылтық атпай құс ұстау, ат қинап, ит жүгіртпей аңшылық құрудың да жолдары бар. Бұл қарусыз аңшылық – құстарға тұзақ пен тор, аңдарға қақпан құру. Орман- тоғай, сай-шатқалдарды кезіп, тіршіліктің тыныштығын бұзбай құрған мұндай сайранның, табиғаттың тынысын тыңдап өткізген саятшылықтың, адам өмірінде, әсіресе туристердің көңілінде қалдырар ізі қаншама. Сонымен қатар бұл өнердің тағы бір қасиеті – кең пейілділікке, сабырлылыққа, қиыншылыққа, төзімділікке де тәрбиелейді[17].

Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен халықтың этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малға байланысты болды.

Қазақ халқының қайсыбір отбасы болмасын, келген қонаққа (тану, танымауы шарт емес) барды–жоғын ортаға салған. Осы әдет келе–келе сый–құрмет иесі болуға жеткізген. Мұндай халық тәрбиесі кейін келе үлкен әдетке айналып, қазақтың қандай сапарға шықпасын, танитын не танымайтын жерге барсын, бәрі бір, «жесем асым- ауылда, ішсем суым - далада», – деп, жүріп кете бергендігі халықтың аса бір ерекше қалыптасқан этнографиялық қасиеті [18].

Этномәдени туризм кең мүмкіндіктер береді. Біріншіден, этникалық мәдениеттің жергілікті және аймақтық деңгейде белсенді дамуына, екіншіден, этникалық топтар тарихына баяғыда ұымытылып кеткен дәстүрлерді қайта енгізуге, сондай-ақ, мәдени маргиналды топтардың табиғатты пайдаланудың ерекше қасиеттерін, сана-сезімін таратауға мүмкіндік береді. Этномәдени феномені этнографиялық және этникалық туризм түрлерімен қатар дамып келе жатыр және мүмкіндіктері шексіз. Этномәдени ресурстарды этномәдени туризм түрлеріне байланысты бөлу мүмкін емес. Бір туристік ресурстарды этномәдени туризмнің көптеген түрлерінде қолданады.