- •Курстық жұмыс Тақырыбы: «Қазақстандағы этно-мәдени туризмднің дамуы»
- •5B090200 – «Туризм» мамандығы бойынша
- •1 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамытудың теориялық негіздері
- •Этно-мәдени туризм түсінігі және оның түрлері
- •1.2 Отандық этно-мәдени туризм және қазақтың салт-дәстүрлер
- •1.3 Этно-мәдени туризмдегі халықаралық тәжірибе
- •2.1 Мәдениет – туристік ынталандыру факторы ретінде
- •2.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері
- •3.1 Ұлытау өңіріндегі этно-мәдени туризмді дамыту жолдары
- •3.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Туризм» кафедрасы
Курстық жұмыс Тақырыбы: «Қазақстандағы этно-мәдени туризмднің дамуы»
5B090200 – «Туризм» мамандығы бойынша
Орындаған: ТУР-39, Жакия М.Р.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Шаимова А.Н.
Астана 2017ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………....……………………………..........3
1 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамытудың теориялық негіздері......5
1.1 Этно-мәдени туризм түсінігі және оның түрлері.………………..............5
1.2 Отандық этно-мәдени туризм және қазақтың салт-дәстүрлер...................7
1.3 Этно-мәдени туризмдегі халықаралық тәжірибе........................................9
2 ҚР-дағы этно-мәдени туризмнің даму деңгейі және перспективалары........12
2.1 Мәдениет – туристік ынталандыру факторы ретінде …….......................12
2.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері..................18
3 ҚР-дағы этно-мәдени туризмді дамыту мүмкіндіктері мен жолдары...........22
3.1 Ұлытау өңіріндегі этно-мәдени туризмді дамыту жолдары ....................22
3.2 Қазақстандағы этно-мәдени туризмді жетілдіру жолдары.......................26
ҚОРЫТЫНДЫ.…………….…………………………………………...............28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............……..........…..............30
Кіріспе
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде туризм елдің бюджет қоржынына түсетін қаржының басым бөлігін құрайтын тиімді салаға айналған. Ресми дерекке сүйенсек, дүниежүзі бойынша туризм саласынан түсетін табыс мұнайдан, көлік жүйесінен кейінгі үшінші орынды алады екен.
Экономиканың саласы ретіндегі туризм индустриясын ғылыми қолдау, болжау және дамыту үшін оған сәйкес инфрақұрылым болуы қажет. Осы аспектілерді қарастыру мен талапқа сай шешімдерді қабылдау мақсатында Қазақстанда бар қоғамдық, әлеуметтік және табиғи ресурстарды экономикалық тиімді пайдалана отырып, туризм саласын экономиканың тиімді көзіне айналдыруға болады.
Туризмнен бөлініп кеткен, дербес түрі бұл мәдени немесе танымдық. Оның негізіне мемлекеттің тарихи-мәдени әлеуеті, әлеуметтік-мәдени саласына кіретін әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, тұрмыстық ерекшеліктер мен шаруашылық қызметі жатады. Кез келген жергілікті мекен танымдық туризмге ресурстардың минималды жиынтығын бере алады, бірақ оның дамуына мәдени мұра объектілерінің нақты концентрациясы қажет.
Басқа мемлекетке келгенде саяхатшылар мәдени кешенге де барады, соның ішінде сол мемлекеттің табиғаты кіреді. Мәдени кешендердің сұранысы олардың тарихи көркемділігі, сән жағынан және сол жерлерге сұранысымен анықталады.
Әлемде әрбір аймақтың мәдени ерекшеліктері адамдарды демалыс уақытын саяхатта өткізуді шешеді. Саяхатшылар объектілерге барғанда оларды рухани баюына, ол көрінісінің өсуіне әсер етеді.
Туристік қызығушылықтың негізі – мәдениет болып табылады.
Туристік нарықта нақты аймақ жағымды имидж ретінде мәдениет дамуының деңгейін қолданалады. Мәдениет факторлары және элементтері аймақтың саяхат мүмкіндіктері туралы ақпарат бере алады. Туризмнің жетістіктері материалды-техникалық базасына ғана байланысты емес, сонымен бірге ұлттық мәдени мұраның ерекшелігіне байланысты болады.
Мәдениет халықтың тәуелсіздігін нығайту, сақтау және даму үрдісінің негізгі іргесі болып табылады. Тарих эволюциясындағы мәдениет пен туризм ұқсастығы, олардың алдағы уақытта дамуына жаңа әдістерді анықтады. Көптеген әлем елдерінде туризм мен мәдениет үрдісі болған және ол қоғамның бір бөлігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы туризмнің этникалық, мәдени және экологиялық бағыттарда дамуының, осы тұрғыда жастарға патриоттық тәрбие беру, оларға өз негіздерін құрметтеуді, қазақ халқының тарихын терең танып білуді үйрету үшін дамыту маңыздылығын түсіндіруге, туризм саласын дамытуды насихат жұмыстарын қарқынды жүргізу арқылы ғана жолға қоюға болады, себебі туристер қай жерге баратындығы жайлы шешімді өздері ат басын бұрған елдердің табиғатының әсемдігі мен саяси тұрақтылығының бекемдігін, демалуға барлық жағдайдың жасалған-жасалмағандығын, туристік кешендер мен демалыс орындарындағы сервистік қызмет сапасының жоғары-төмендігін талдап, таңдау жасағаннан кейін барып қана қабылдары анық. Қазіргі таңда демалыс стилінде де өзгерістер пайда болуда. Қазір «Үш S»-Sea-Sun-Sand (теңіз-күн-жағажай) қағидасының орнын «Үш L»-Lore-Landscape-Leisure (ұлттық салт-дәстүрлер-пейзаж-бос уақыт) формуласы алуда [1]. Бұл тенденциядан біз адамдардың өзге елдердің ұлттық салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне деген қызығушылығын, яғни этнографиялық туризмнің даму перспективаларын көруімізге болады. Жалпы, туризмнің тек демалудан басқа өзге елдердің тарихымен, мәдениетімен және ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен танысуды мақсат тұтумен жасалатын этнографиялық туризм деп аталатын түрінің де маңызы зор. Жер қойнауы табиғи байлыққа толы Қазақстан туризмді, соның ішінде этнографиялық туризмді дамытуға сұранып тұрған мемлекет екені ақиқат. Себебі туристік кластер жүйесін мүмкіндігінше қарқынды дамытудан еліміздің бюджет әмиянына түсетін мол қаражат тауып қана қоймай, қазақ жері мен еліміздің байырғы ұлт өкілдері -қазақтарды жалпақ жұртқа тереңірек таныстыруға қол жеткізеді.
Этнографиялық туризм – бұл танымдық туризмнің ерекше бір түрі, негізгі мақсаты белгілі бір аумақта қазір өмір сүріп жатқан немесе бұрын осы аумақта өмір сүрген ұлттың этнографиялық нысандарымен, оның мәдениетімен, сәулет-құрылысымен, танысу мүмкіндік туғызатын туризм түрі [2]. Этнографиялық туризм – қазіргі таңда көптеген елдер үшін қызығушылық туғызып отырған мәдени танымдық туризмнің бір тармағы. Қазақстанда этнографиялық туризмнің дамуы жетекші және жаңа салалардың бірі болып табылады. Бұл туризмнің түрi өзінің қайталанбаушылығымен болашақта қажеттілікті талап ететін болады. Туризмнің осы түрiнің дамуы, бiрегей мәдени және этнографиялық мұраға бай еліміз Қазақстан үшін өте перспективті болып табылады. Қазақстанда этнографиялық туризмді дамытуға негізделген ұлттық салт-дәстүрлер, мәдениет, ұлттық ойындар, тағамдар, әдет-ғұрыптарға бай ел.
Саяхатты ұйымдастырудың негізгі мақсаты – саяхатшыларға мәдени кешенді құру ғана емес, сонымен қатар оны тарихи ұзақ мерзімге сақтау. Кез келген ақпаратты мерзімді баспасөз, көркем әдебиет және басқа да қайнар көздерден алуға болатындығына қарамастан, «жүз рет естігенше, бір рет көрген жақсы» ақиқаты ескірмейді. Сондықтан, саяхатшыларды өзіне қаратып, қызықтыратын аймақ арнайы бағдарламалар әзірлеп және оларды дұрыс жоспарлау керек. Әлеуетті саяхатшыларды өзінің мәдениеті туралы ақпарат тарата отырып қызықтырады [1,б.56].
Туризм - жеке және ұйымдық жетілдіру құрал ретінде жоспарлануы
және тәжірбиеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден-бір факторы болып табылады.
