Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marxovich_LKSS.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.54 Кб
Скачать

15. Байланыс кәбілдерде қолданылатын муфталардың түрлері

Кабель муфталары (Кабельные муфты) — кабельдердің құрылыстық бөліктерін қосып жалғауға арналған.

Кабель муфталары — кабель сымдарын, талшықтарын, тізбектерін сапалы жалғап және қорғағыш қабықтарын жабдықтап, жалпы алғанда, кабельдің жалғанған жеріндегі сипаттамасын қамтамасыз етуге арналған.

Кәбілдік желі және байланыс жолдарын қорғасын және пластмасса біріктіретін, тармақтайтын және қорғасын шеткі муфтасы, шойын біріктіретін және тармақтайтын муфталар, газ өткізбейтін және оқшаулайтын муфталар, бокстар және үлестіретін қораптар, кабельдік жәшіктер, сонымен қатар артық ауа қысымы әсер ететін кабельдерді орналастыруға арналқан жабдық жатқызылады. Муфталар. Қ о р ғ а с ы н т ү з у (б а й л а н ы с т ы р а т ы н) м у ф т а л а р ж ә н е қ о л ғ а п т а р. Кабельдік желілерді төсегенде және монтаждағанда кабельдің жеке құрылыс бөліктерін бір-бірімен байланыстыру (жалғау) керек. Қабықшасы қорғасын немесе аллюминий кабельдерді жалғаған жерде кабельдің екі бөлігіндегі металл қабықшаларды өзара байланыстыратын қорғасын тура муфталарды қолданады, нәтижесінде байланысқан жер толығымен герметикаланады. Төрт түрлі қорғасын байланыс муфталары қолданылады:сыйымдылығы аз жалаң қорғасын қабықшалы кабельдерді байланыстыруға арналған тұтас (10, а сурет); сыйымдылығы үлкен жалаң кабельдерге арналған көлденең өлшемді (10, б сурет); бір бойлық өлшемді (10, в сурет); екі көлденең өлшемді (10, г сурет); муфтаның соңғы екі түрін сыймдылықтары жоғары ұзын құрылыс кабельдерін байланыстыру үшін қолданады, және де жалғанған жерде симметриялаушы конденсаторларды қосқан жағдайда екі бойлық өлшемді муфта қолданылады.

16. Байланыс кәбілдердің қолданылатын орны

Ең көп қолданысқа ие болған біртекті шиыршық. Өзекшені құру сипаттамасына байланысты тудырушы (повивті) және түйінді шиыршық жүйелеріне бөлінеді.

Түйінді шиыршық тобында алдымен бірнеше ондаған топтардан тұратын түйінде шиыршықталады (ең көп таралған шиыршықтар 50 ден 100-ге дейін топтардан тұрады), осыдан кейін түйіндер, бірге шиыршықтала отыра кабельдің өзекшесін құрайды. (сур.5.7). түйінді шиыршықтар көбінде қалалық телефондық тораптар үшін арналған кабельдерде қолданылады.

Жұлдызды шиыршық ең үнемді, электрлік параметрі жағынан ең тұрақты болып келеді. Жоғарғы жиілікті симметриялы кабельді байланыста жоғары қолданыс тапты. Өндірісте жұпты шиыршық ең қарапайым болып саналады және қалалық телефондық кабельдерді дайындауда қолданылады.

17.

18.

19.

20.

21,22. Байланыс кәбілдерін монтаждау. Байланыс кәбілдерін монтаждауға қойылатын негізгі талаптар

Кабельді монтаждағанда жұмыстың түрі кабельдің түріне, оны төсеу тәсіліне және кабельдік желінің тағайындалуына тәуелді болады.

Монтаждық жұмыстың негізгі түріне байланыстыратын және тармақталған муфталарда кабельдің жеке бөліктерін (құрылыстық ұзындықтағы) жалғау, шеткі кабельдік құрылғыларында (шеткі муфталар, бокстер және т.б.) монтаждау, ал ауа қысымы әсер ететін кабельдерде – газөткізбейтін муфталарды монтаждау болып табылады. Монтаждық жұмыстардың жоғары сапасы және мұқият орындалуы, монтаж бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау, сонымен қатар кабельді монтаждаған кезде тазалықты сақтау эксплуатацияда кабельдік желінің сенімділігін және тоқтаусыз жұмыс істеуіне себеп болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]